86
пайда болуын көне замандарға апаруы тегін емес. Сонда
Ғ. Мұсабаевтың айтуына қарағанда, моңғол тілінен сөз енуді
XІ–XІV ғасырлар
31
деп шамалау ретті сияқты.
Осы келтірілген мысалдарды, азын-аулақ пікірлерді
саралай келгенде біз мынадай ой түйдік.
Аталған бірен-
саран сөздерді моңғол тілінен ауысқан деген пікір көңілге
қона бермейді. Ұлт болып, бөлінбей тұрған кезде ортақ
қолданыста болған сөздерді бір тілден екінші тілге ауысты
деп айту қисынсыз. Сондықтан мұны əлі тереңірек зерттеуге
тура келеді. Асылы, тіл-тілдегі
мұндай элементтерді ортақ
мұра есебінде қарастырған жөн деп ойлаймыз.
Жалпы, терминологиялық лексиканың реттелуін көздеп
отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында
сөздердің шығу төркінін біліп отырудың айрықша маңызы
бар. Сөздердің шығу тегін, жасалу жолын білу арқылы оның
мағыналық өрісін, потенциялдық мүмкіндігін шамалауға
болады.
Осыған қарағанда, тілдер сол рулық тайпалық
қауымдастықтың өзінде-ақ бір-біріне əсер етіп, бірінен-бірі
нəр алып, ортақ сөздер жасап отырғанға ұқсайды.
Достарыңызбен бөлісу: