118
процесімен ғана шектелмейді. Бұрын жəне «Айқап» тілін-
де, одан кейінгі жазба əдеби
тілімізде жиі қолданылынып
келген
өкіл, сайлау, жоба, қаулы, қарар, оқулық, оқушы,
үйірме, қоғам сияқты сөздер орыс тілінің тікелей əсерінен
туған жаңа терминдер, я жаңа мағыналар. Сонымен қатар
жеке сөздер тіркесімділігінің арта түсуі де бұл процеспен
байланысты. Мысалы,
сайлау сөзі XX ғасырдан бұрын да
бар:
Болыс сайлау, оның үстіне
председатель сайлау, член
болып сайлану, проверенный сайлау, депутаттыққа сайлау
сияқты толып жатқан жаңа сөз
тіркестерінің арасында бір
жағынан бұрынғы бар синтаксистік үлгі (модель нығайып
қалыптаса түссе), екінші жағынан жаңа үлгілер де туа баста-
ды. Сөйтіп, бұл сөздің мағынасы, мағыналық реңкі солардың
нəтижесінде кеңейе түсті. Бұл – грамматикаға байланысты
жеке қаралатын мəселелер.
Орыс тілінен енген сөздердің фонетика-грамматикалық
тұлғасы біркелкі болып келе бермейді. Кейбір орыс сөздері
қазақтың сөйлеу тіліндегі түр-тұлғасында, яғни түпнұсқа
қалпынан біршама фонетикалық өзгешелікте қолданылған.
Салдат, тауар, камесие, ыстатие, доктор сияқты сөздердің
түр-тұлғасынан айырмашылығы қазақыланғандығы айқын
көрініп тұр. Орыс тілінде екпін түспейтін
о дыбысы айтылу-
ында
а болып, не түсіп қалып (доктор),
у, и, я дыбыстары
в
болып, жуан дыбыстылардың жанындағы
к жуан нұсқасы
қ
дыбысына өзгеріп кеткен. Сол сияқты сөз басындағы
-ст ды-
быс тіркесінің алдына естілуіндей
ы қысаңы қосылған. Енді
бірде
эсперантошылар, монуфактуршылар, фабрикшілер,
завод, крестьян, проект, студент, председатель, земле-
мер т.б. тəрізді түбір тұлғалары сақталып, қазақ тілінің
қосымшалары жалғанып та отырады (Мұндай жағдайды
«Қазақ» газеті материалдарынан да байқаймыз).
Қосымша арқылы сөз тудыру
процесінде осындай мы-
салдар көрсетілді. Кейде орыс тіліндегі түбір тұлғасы ғана
емес, туынды түрі қосымшалы формасы да сол күйінде
алынғанын көреміз. Оған жоғарыдағы
туземный школ, лес-