Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет43/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   124
Аманжолов С. Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен 
орфографиясы (жоба). Алматы, 1940. 3-б.


128
Бұл пікірдің ұшқарырақ екенін айта отырып, оның 
салмақты ойға жетектейтін тұстарын да мойындамасқа ла-
жымыз жоқ. Ескерте кететін тағы бір жайт, осы тақылеттес 
пікірдің кейін де көптеген ғалымдар аузында жүруі. 
Соның бəрін жинақтай келе Қазақстан жерінде жазудың 
бірнеше үлгілері болғандығын дəлелдейтін бірлі-жарым 
болса да деректердің барлығы. Олардың ең бастылары – 
орхон-енисей мен ұйғыр-найман жазуы. Көзіміз жеткен 
бір ақиқат – бұл аталған жазу үлгілерінің түрік тайпала-
рына тікелей қатысының барлығы. Ал соны пайдаланған 
тайпалардың көбін қазақ халқының құрамынан көреміз. Ен-
деше, бұл жазба үлгілер өзге туыс түрік халықтары сияқты 
қазақ халқының да мəдени ескерткіштерінің бірі болып са-
налуы заңды. 
Алайда жадымыздан шықпайтын бір нəрсе мынау. Бұл 
ескерткіштерді зерттегенде біз нендей мақсатты көздейміз. 
Оны біз зерттей келе белгілі бір халыққа меншіктеп, соған 
телуіміз керек пе?! Ғылыми зерттеудің мəні осында ғана ма? 
Мұндай тарихи ескерткіштерді қарастырғанда зерттеуші 
оған, ең алдымен, еткен дəуірлердің кейінгі ұрпаққа 
қалдырған аманаты деп түсінуі керек. Зерттей келе белгілі 
бір дəуірдің белгілі бір тайпалар мен қауымның тарихын, 
мəдениетін, наным-сенімін, пайым-түсінігін аңғаруға тиіс-
піз. Яғни осы жазу үлгілері арқылы көне тарихпен тілдесуге 
мүмкіндік аламыз. Адамзат қауымының неқилы ғаламат 
құбылыстардың куəгері бола жүріп, соларды тексеріп
танып, біліп, өз заманының өзгешеліктерін мүмкіндігінше 
қағазға түсіріп, тасқа салуы, сол үшін жазуды ойлап та-
буы нағыз керемет емес пе? Заманнан заманға жалғасып
біртіндеп жетіліп, жүйеленген жазу үлгілерінің сырын 
ашып, жұртқа түсіндіріп беру – қиын жұмыстардың бірінен 
саналады. Ендеше, көне жазу сырлары əлі талай зерттеу-
шісін күтетіні ақиқат.


129


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет