Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет47/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   124
Ильминский Н. Воспоминания об И.Алтынсарине. Казань, 1895. С. 215.


135
Екіншіден, VІІІ–ІX ғасырлардан бері қарай халқымыз-
дың тарихында бірнеше ғасыр бойы ілесіп келген араб 
жазуымен XІX ғасырдың екінші жартысында бой көрсете 
бастаған орыс жазу үлгілерінің де саралануға тиісті келеңді-
келеңсіз жағы бар. Оның қайсыбір тұстарын біз жоғарыда 
талдап беруге тырыстық. Соны нақтылап түсіндіру үшін 
алдымен мынадай сұраққа жауап беру керек сияқты. Төң-
керістен бұрынғы араб жазуы, арабша оқу мен орыс гра-
фикасы, орыс оқуы бізге, біздің халқымызға не береді? Біз 
бұл сұрақты қазақ халқының мəдени тарихына орай қойып 
отырмыз...
Алдымен есте тұтатын бір жай мынадай. Бұл жазулар-
дың қай-қайсысы да халықтың өз қалауымен қабылданған 
жазу емес. Мəселен, араб жазуы басқыншылардың о ба-
ста елді билеудің бір тəсілі есебінде тұтынған құралы бо-
латын. Олар халықтың көзін ашып, əлем сырын, табиғат 
құпиясын білдіретін ғылым тілін үйретуді мақсат етпеген. 
Онсыз да қараңғы қазақтың қамсыз, қаракетсіз тірлігі мен 
ауыр тұрмысының себебін іздеп, түсіндіруге мұршасын 
келтірмеген, көбінесе «бұл дүниеде азапты көп шеккен 
адам, о дүниеде рахатқа кезігеді» деген құлшылық, кө-
німпаздық ұғымды миға құюмен болған. Мұның өзі ел 
билеушілер мүддесін көздейтін пəлсафа еді. Байқап қара-
саңыз, халқымыздың басынан өткен сан жылдар, əлденеше 
ғасырлар – үрейлі бір наным, сенімге жалбарынуымен 
өткен, өкініші мен өксігі көп кезеңдер екен. Міне, соның 
кесірінен де тарих керуенінің көп жолдары бізге, мына 
кейінгі дəуір ұрпақтарына көмескі боп көріне береді. Сол 
бір дəуірлер сырын айқын, анық етіп жазған, не айтып кет-
кен білікті азамат, не білім-мағлұмат берер беделді кітапқа 
бай емеспіз. Өзге жұртқа қарағанда, өткен тарихымызды 
жұпынылау сөз етіп, жадағайланып шыға беретіндігіміздің 
мəнісі осында.
Ғасырлар бойы ортамызда болған оқу үлгісінің «орын-
даған бір ісі» – діни мектеп-медреселерге сол дінді, шари-


136
ғатты уағыздап, құран сүрелерін жаттатқызатын молда-
мүриттердің көбі елдің санасын оятумен емес, шатастыру-
мен болды. Міне, араб оқуы мен жазуының бізге бергені осы.
Əрине, мəселенің екінші жағын да ескеруіміз керек. Ау-
зымызды қаншама қу шөппен сүрткенмен, көптің қолын-
дағы жалғыз қару осы болған соң, там-тұмдап дəуір, кезең 
келбетін елестетер ескерткіштердің де қалғанын жасыруға 
болмайды. Шығыс əдебиеті мен мəдениетінің небір асқан 
үлгілерін қазақ жұртшылығы, ең алдымен, осы жазу арқылы 
таныды. Өзінің ауыз əдебиетінің тамаша туындыларын 
бірден-бірге жыршы, жыраулар арқылы жеткізумен бірге, 
араб əліппесін пайдаланып та елге таратып отырғанын 
білеміз. Келе-келе халқымыз өз мүддесін, өз мəдениеті мен 
өзіндік тірлік-тынысын ортаға салып, жұртшылықпен ой-
ласар тұста өз газеттерін, өз журналын шығарып жатты. 
Бұл газет-журналдарды шығаруда да қазақ зиялылары осы 
араб жазу үлгісін, соның алфавитін пайдаланды. Ал енді 
осы газет, журналдар қандай орфографиялық ережелерге 
сүйенді, қандай норманы ұстанды десек, бұл жазу үлгілері 
ешқандай сын көтермейді. Көптеген материалдармен таны-
сып шыққанда, жалпы түркі тілдес халықтардың ортақтығын 
дəлелдейтін «морфологиялық принципті» біздің қазақ га-
зеттері көбінесе ұстана бермеген. П.М. Мелиоранскийдің 
байқауынша, араб, парсы сөздерін ескіше сауатты адамдар 
сол тілдегі нұсқасын сақтап жазғанда, шала сауаттылар 
қалай естілсе, солай жазуды дағдыға айналдырған. Мыса-
лы, уəде деген сөздің жазылуын Р.Ғ. Сыздықова
52
осы пікірге 
дəлел ретінде алады. Мұны олар уағда деп жазудың орны-
на – уəде деп жаза берген. 
Ғалым бұл жағдайды сəл басқашалау түсіндіреді. Ол: 
мəселе жазушының «сауаттылығында» ғана емес, нені жа-
зуына қарау керектігінде. Абайдың қара сөздерін тексеру 
үстінде ғалым бір қызық фактіні байқайды. Егер əлгіндей 
52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет