133
алғашқы «Əліппе» 1892 жылы
Қазан қаласында басылып
шықты. Бұл қатарда біз Ы. Алтынсариннің «Киргизская
хрестоматиясын» (Оренбург, 1879, 2-е изд. 1906), А.А. Алек-
торовтың «Киргизская хрестоматиясын» (Оренбург, 1898),
Н.Н. Пантусовтың «Материалы к изучению казак-киргиз-
ского наречиясын» (Казань, 1809–1904. Вып. 7), М.Н. Бекте-
мировтың «Руководство к изучению киргизского языка»-
сын (Ташкент, 1909) ерекше атамауға болмайды.
Қазақ тілі мен фольклорына қатысты мол деректі
В.В. Радлов еңбектерінен де табамыз (Образцы народной
литературы тюркских племен. Т.2. СПб., 1870). XVІІІ–XІX ғ.
аралығындағы орыс оқымыстыларының еңбектерін жəне
діни наным-сенімнен арыла алмаған араб алфавиті негізінде
халыққа
жеткен қисса, шежірелерді ой елегінен өткізсек,
бір қызық жайтты аңғарамыз. Бұл тұста ашық түрде
болмағанмен, араб алфавиті мен орыс жазу үлгісінің ара-
сында астыртын айқас күшейе түскен тəрізді. Молдалар кей
тұста құранның түсініксіз сүрелерін жаттатып, халықтың
шығармашылық
ойын бұлыңғырлатып, əлдебір ертегіде-
гідей бұлдыр дүниені уағыздаса, орыс оқуын көксейтіндер
жаңа бір əлемге,
жаңа бір өнерге жол бастап, елді білім-
сана жағынан есейе түсуге жетектейді. Осы бір жай көзге
елеусіз, бірақ халықтың ішкі дүниесіндегі бұлқынысты
кезінде Шоқан Уəлиханов дəл байқаған екен: «Қазіргі
кезеңде ескі мен жаңаның:
мұсылмандық шығыс пен
орыс арасында жай көзге байқалмас күшті күрес жүріп
жатыр»
50
, – дейді.
Халқымыздың мəдениетін өркендетіп, сауатын арттыра
түсуде араб жазуының пайдасынан зияны молдау болғанын
қазақтың сауатты ер-азаматтары көптен-ақ байқаған. Əсі-
ресе, шала сауатты молда дамыллалардың балаларды оқыту
ісіндегі өнімсіз тірлігі көптеген көзі ашық адамдардың
50
Валиханов Ч. Соч. «Записки Русского Геогр. об-ва по отделу географии».
1909. 1, 29, 192.
134
жігерін құм ететін. Сондықтан да
олар елдің басындағы
бұл надандық күйді күңірене жазып, содан құтылудың
амалын қарастыратын. Олар, əсіресе, қазақ тілін білмейтін
дүмшелердің сабақ үйретуде тіл бұзарлық қылмысына
қынжылмай тұра алмады. Осы өрескелдікпен бітіспейтін
күреске түскен адамның бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол
бірде
өзінің досы, орыс ориенталисі Н.И. Ильминскийге
51
жазған хатында «Молдалар адам миын су қылудың үстіне,
табиғи тілді де бұзып бітті» деп, ащы шындықты айтып
күйзеледі. Қазақ оқымыстыларының сол кездің өзінде-ақ
тіл тазалығын əңгіме етуі таңғаларлық жайт емес пе?
Ол
мұнымен қоса, қазақ тілінде кітаптың болмағанына
қынжылады. Қарап отырсақ, араб əліппесімен немесе сол
араб тілінің өзінде қазақ халқының қамын ойлап жазылған
еңбекті табу қиын екен. Міне, сондықтан да ұлы педагогтің
тағы бір тұста моллалар оқытып жүрген татар, араб, парсы
тіліндегі кітаптар адамды айқын ойлылықтан алшақтатады,
сондықтан басқа халықтар сияқты, қазақтарға да өз тілінде
жазылған, ақылға, ілімге жетектейтін
кітаптар керек деуі
əбден дұрыс.
Төңкеріс алдындағы аумалы-төкпелі кезеңдерде пайда
болған жазу мəдениетімізге аз да болса қатысы бар еңбектер-
ді саралай келе мынадай түйін жасауға болатын тəрізді.
Қазақстан территориясында бірнеше жазу үлгілері бол-
ған. Олар – орхон-енисей жазба ескерткіштері, көне ұйғыр
немесе кейбір оқымыстылардың айтқанындай, ұйғыр-най-
ман жазуы жəне соғды жазуы. Бұларды өз кезеңінде біздің
республиканы мекендеген түркі
тайпаларының өкілдері
пайдаланған. Ендеше, бұл жазу үлгілерінің негізінен сол
тайпалардан құралып отырған қазақ, қырғыз, өзбек, əзірбай-
жан, татар, башқұрт, чуваш, якут т.б. халықтардың қай-
қайсысына да тікелей қатысы бар.
51
Достарыңызбен бөлісу: