Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет45/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124
Дүйсенбаев Р. Қазақ алфавиті туралы мəселе // «Дала уалаятының газеті», 
1987; Əлжанов О. «Букварь для киргизов» деген кітапқа рецензия // «Дала 
уалаятының газеті», 1984. №39.


131
сөйлемде тіліміздің басқа тілдерден ерекшеліктері елен-
бейтіні. Əсіресе, санды жазу мен оқуда қызық жайттарды 
байқаймыз. Араб алфавиті əдетте оңнан солға қарай жа-
зылып, сол ретпен оқылады ғой, ал сан керісінше солдан 
оңға қарай жазылады. Ұзақ санды жазып, оны оқу мүлде 
қиын. Алдымен санап алмасақ, қанша орын алатынын мөл-
шерлеу де мүмкін емес. Алгебра, геометрия, химия, физи-
ка пəндеріндегі белгілері латын алфавиті де, оның мəтінін 
жазғанда араб əріптері араласып əбден бытысып кетті. 
Ал интернационалдық терминдерді жазуда, тасымал жа-
сауда да талай машақатқа баттық. Алайда араб алфавиті 
төңкеріске дейін өзіне жүктелген біраз міндетті өтеді. Бір-
ден бірге көшіріліп, Шығыстың поэзия үлгілері, қиссалар
шежірелер жазылды. Юсуф Баласағұнның «Құтадғу білігі», 
«М. Қашқаридің сөздігі» жəне орта ғасыр ескерткіштерінің 
бəрі де осы араб алфавитінің үлгісінде жазылған.
XІX ғасырдың екінші жартысында қазақ жерінде араб 
жазуымен қатар, ептеп орыс графикасы да пайдаланыла 
бастайды. Орыс мектептерінде бірен-саран қазақ балала-
ры оқыды. Жер-жерде орысша-қазақша сыныптар ашы-
лып, олардың оқу жүйесінде де аздаған жаңалықтар бой 
көрсетті. Оқыту əдістемесі, үлгісі орыс жазуы бойынша 
жүргізілді. Дін исламды уағыздаушы молдалармен қатар 
қазақ даласында жаңа бір ілімнің жолын нұсқаушы жандар 
пайда болды. Тұңғыш мектеп ашып, дала қоңырауын соққан 
Ы. Алтынсарин ғасырлар бойы білімге сусап, ындыны кеп-
кен қазақ жұртшылығын сауаттануға бастады. П.М. Мелио-
ранский, В.В. Радлов сынды орыс оқымыстылары қазақ тілі 
мен мəдениетіне көңіл бөліп, оны ғылыми-зерттеу объек-
тісіне айналдырды.
Қазақ тілі көптеген басқа түркі тілдері сияқты XVІІІ ға-
сырдың екінші жартысында ғана зерттеу объектісіне ай-
нала бастаған. Н.А. Кононовтың
48
көрсетуі бойынша, бұл 
48
Кононов А.Н. История изучения тюркских языков в России. Дооктябрьский 
период. Л., 1972. С.215–217.


132
тіл жайындағы алғашқы деректер «Сравнительные сло-
вари всех языков и наречий» мен Федор Павлович (Фри-
дрих) Аделунгтың мұрағатынан кездеседі. Қазақ тілі 
жайындағы мəліметтер Г.Ю. Клапрот, М. Бекчурин (Беще-
рин) еңбектерінде де бар. Г. Клапрот тіпті қазақтар жайын-
да аздаған түсінік бере келе французша-қазақша сөздікше 
де береді. XVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы азды-көпті 
еңбектің бар болғаны осы. XІX ғасырдың орта шенінде 
қазақ тілін зерттеу жайы біршама ілгерілеген тəрізді. Мұнда 
негізінен практикалық мақсат көзделген. Қазақ тіліне байла-
нысты əрқилы практикалық құралдар шыға бастады. Азда 
болса ғылыми мазмұндылығымен көзге түсетін сол кездегі 
айтулы еңбектің бірі ретінде Н.И. Ильминскийдің «Мате-
риалы к изучению киргизского (казахского) наречия»
49 
деп 
аталатын еңбегін атауға болады. М.А. Терентьев өзінің грам-
матикасын осы еңбектің материалы негізінде жазған. Мұнда 
қазақ тіліне қатысты бөлім бар.
Ана тіліміздің төңкерістен бұрынғы зерттелу тарихында 
үлкен бір белес болып табылатын – П.М. Мелиоранскийдің 
«Краткая грамматика казах-киргизского языка» атты еңбегі. 
Бұл еңбектің құндылығы – өзінен кейінгі жұмыстарға үлгі 
болғандығында. Сондай-ақ В.В. Катаринскийдің «Грамма-
тика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтак-
сис» (Оренбург, 1897), И. Лаптевтің «Киргизско-русский 
словарының» 107-148 беттерін еске саламыз.
А.Н. Кононов В.В. Катаринскийдің жасаған «Практиче-
ские уроки русского языка для киргизов» (Оренбург, 1895, 
2-е изд. Казань, 1909) жəне «Первоначальный учебник 
русского языка для киргизов» (Казань, 1909) еңбектерінің 
қазақтардың орыс тілін оқып үйренуіне əжептəуір септігі 
тигенін кейбір деректер ақиқаттайды. Қазақтарға арналған 
49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет