Терминологиясы


ТЕРМИНТАНУ ІЛІМІНІҢ ХАС ШЕБЕРІ



Pdf көрінісі
бет90/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124
ТЕРМИНТАНУ ІЛІМІНІҢ ХАС ШЕБЕРІ
(Іслəм Жарылғаповтың 95 жылдығына орай)
Қазақ тілінің сөз байлығын Абай мен Ахметтен асып 
игерген, оның əрі мен нəрін ашқан, керегіне жарата білген, 
бар қасиетін терең ұғына пайдаланған қаламгер бар ма де-
ген сауалға бірден жауап таба қою оңайға соқпайды. Өйткені 
қазақ тілінің сөздік қорында қанша сөз барын анықтап бер-
ген жан жоқ. Күні кеше жұртшылық қолына тиген 15 томдық 
«Қазақ əдеби тілінің сөздігінде» əзірге 150 мыңнан астам 
атау сөз бен сөз тіркесі ғана қамтылғаны айтылады. Ал кейбір 
ғалымдардың (Ə. Қайдар) есеп жобасына қарағанда, қазақ 
тілінің сөз байлығы мұнымен шектелмейді. Ол əлденеше 
жүз мыңдық санды мөлшерлейді. Бұған қарағанда тіліміз əлі 
де түбегейлі зерттеле қоймағанын, оның түп негізі əлденеше 
мыңжылдықтар тереңіне жол нұсқайтынын байқатады. Ен-
деше біз əзірге теңіз бетінде ғана қалқып жүргендейміз. 
Көзге көрініп тұрған осы байлықтың өзін игеру оңайға түсіп 
жатқан жоқ.
Түпсіз байлықты түгел игеру əлі ешкімнің қолынан кел-
ген емес. Тіпті осы заманның есептегіш тəсіліне салып 
қарағанда мамандар ұлы Абай қолданған сөз байлығы небəрі 
7-8 мыңнан аспайды екен дегенді айтады. Ал Абай туралы 
отыз жылдай толғанып төрт кітап жазған ұлы сөз шебері 
Мұхтар Əуезовтің қолданған сөздің саны небəрі 17 мыңның 
маңайы екен. Бұл нені көрсетеді. Бұл қазір қолданыста бар 
сөздердің өзін (150 мың) түбегейлі іске жарата алмай отыр-
мыз дегенді көрсетеді. Ал əлгі қолданған сөздердің санына 
қарап, Абай мен Əуезовтің тілі кедей екен деп кімнің аузы 
барып айта алады.
Əңгіме сөз байлығын қалай іске жарата білуде. Ақылман 
Абай сол жеті-сегіз мың қазақ сөзін еркін ойната білудің 
өзімен-ақ көбіміздің өреміз жетпес ой биігіне көтерілді. 
Сол Абай көтерілген биікке кімді көтерілді деп айта ала-
сыз, қазір. Тіпті қазақ тілінің мұхитында еркін құлаш сер-


282
меген Мұхтар Əуезовті немесе əрбір сөзді маржандай тізіп, 
жауһардай қырлаған Ғабит Мүсіреповтің өзін де қазақ сөзінің 
құнарынан қанып ішті деп айту қиын. Дегенмен, құдайға 
шүкір ізденіс, ұмтылыс еш тоқтаған емес. Ізденген сайын 
əрбір қаламгердің қалам табының ерекшелігі байқалып оты-
рады. Тіл мұхитының түпсіздігі, шалқарлығы ізденген сайын 
түрлене түседі.
Бүгінгі əңгіме тіліміздің өзгеріс, өріс тізгінін білгірлікпен 
ұстап, ұрпағына өлшеусіз зор мұра қалдырған тұлғалар ту-
ралы. Бүгін солардың арасынан тіл ұстарту жағынан бір-
біріне қатты ұқсайтын екі зергерді ерекше атау қажеттігі 
туындап отыр. Олар А. Байтұрсынұлы мен І. Жарылғапов. 
Бір қарағанда бұл екеуін қатар əңгімелеудің қисыны жоқтау 
сияқты. Алайда қазақ мəдениетіне қосқан үлесін саралай кел-
генде бұлардың рухани үндестігі мен тілғұмырлық бірегей 
қасиетіне таңданбай тұра алмайсыз. Бірі он тоғызыншы 
ғасырдың аяғында дүниеге келіп, жиырмасыншы ғасырдың 
алғашқы жартысында дүниеден өткен, ал екіншісі сол жи-
ырмасыншы ғасырдың түлегі. Соған қарап екеуін де бір 
ғасырдың өрені деуге болар. Əйтсе де, екеуі екі ғасырдың 
жүгін арқалағандай іс тындырған.
Салыстыруға келе қоймайтын бұл екі тұлғаны бұлайша 
теңдестіріп отыруда мынадай сыр бар еді. Бірі ертелеу, бірі 
кейіндеу қазақ тілінің тұнығынан қанып ішіп, ана тілімізге 
қалтқысыз қызмет етудің асқан үлгісін көрсеткен ерен 
тілғұмырлар, бұлар. Қараңыз, Ахаң көсіліп жатқан кең 
дүниеде малша тірлік етіп, жайбарақат өмір кешіп жатқан 
қазағының көзін ашып, көңілін ояту үшін оның өмірдегі 
басты құралы – ана тілінің қадір-қасиетін ұқтырып, оның 
күнделікті ауызекі сөйлеу құралы ғана емес, сонымен бірге 
оның оқу, білім, ғылым, өнердің де қуатты қаруы екенін 
дəлелдеді. Қазақ тіршілігінде бұрын-соңды сирек кездесетін, 
тіпті болмаған «Тіл – құрал» оқулықтарын түзіп, қараңғы 
қазағын сауаттылыққа қарай жетеледі. Ол үшін қазақ тілінің 
ғылыми өрісі мен өресін айқындайтын сан алуан атау сөздер 


283
қатарын түзді. Сол арқылы қазақ тілі мен əдебиетінің, тари-
хы мен өнерінің, жалпы мəдениетіміздің тынысын кеңейтті. 
Дамудың даңғыл жолын ашты.
Міне, Ахаңды біз осынысы үшін де қазақ мəдениетінің 
Хан тəңіріндей бағалаймыз. Оның ақындығы, аударма-
шылығы, тілғұмырлығы жəне музыка əлемінің талғампазы 
ретінде асқан білімдарлығына бас иеміз.
Осы аталған ерекше қасиеттердің көбі Іслəм Жарыл-
ғаповтың да болмыс-бітіміне тікелей қатысы бар екеніне
оның тындырған дүниелерімен түбегейлі таныса келе көзіміз 
жеткендей болды. Ол жазушы, шебер аудармашы, ақын, 
ғалым, білімпаз, терминтанушы т.т.
Қазақ терминологиясы дейтін ілім саласында дəл Ах-
мет Байтұрсынұлындай айрықша орны бар білімпаз деп 
Іслəм Жарылғаповты айта аламыз. Өйткені оның басқа 
еңбектерін былай қоя тұрып, кезінде жұртшылық сұранысын 
қамтамасыз етіп, қолданыс əлемінде орын-орнына тұра 
қалған аялдама, анықтама, жағажай, балмұздақ, күнделік, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет