Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, сахналық көрініс, шығармашылық көрініс. Көрнекілігі



бет3/14
Дата31.10.2023
өлшемі1.53 Mb.
#481974
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Абай іс шара 2 а

Шағын көрініс
Тыныштық. Абай өлең жазып отыр.
Есіктен досы Ербол кірді.
Ербол. Абай досым, тағы өлең жазып отырмысың?!
Шаршадың ғой... Бір сәт демалсаңшы.
Абай. Ербол, тыңдашы (ыңылдап)
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтың жарасы.
Ербол. Абай неткен әдемі ән! Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең! Тамаша! Абай, Сүйіндік ауылында екі күннен кейін алтыбақан болғалы жатыр екен. Соған барсақ қайтеді. Осы әнді жастарға сый етіп тартайық!
Абай (басын изеп): Жарайды.
Жастар жиналып «Айттым сәлем, қаламқас» әнін айтып отыр.
Абай, Ербол шетте отырады.
1-қыз. Қыздар, қыздар, Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр.
2-қыз. Қасындағы Ербол ғой.
3-қыз. Абай, Ербол, келіңдер. Төрлетіңдер. Қош келдіңдер!
Абай. Ойын- сауықтарың қызық болсын!
Ербол. Ән-күйлерің қанатты болсын!
Топ. Бірге болсын! Айтқаның келсін!
4-қыз. Ортамызға Абай келіп қалған екен. Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз?!
Топ. Ал кім сөзге ұста, кәне, бастап жіберейік.
5-қыз. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»
Ербол. Сүйіндік ауылының жастары, тыңдаңыздар! Абай сендерге жаңа әнін сый қылып тартады. Қабыл алыңдар!
Ән шырқалады «Көзімнің қарасы».
Топ. Неткен тамаша ән. Терең, сырлы. Рахмет, Абай.
Абай. Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рахмет.
Өзгеге көңілім тоярсың,
Өлеңді қайтып қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Жыласын көзден жас ақсын,
Омырауым боялсын.
«Желсіз түнде жарық ай» әні шырқалады.
Аңшы жігіт (ентелеп келіп): Уа, Абай ақынның құрбы- құрдастары, амансыңдар ма!
Топ. Армысың, бейтаныс жіт!
Ербол. Ассаламаумағалейкум, жас жігіт!
Абай. Жолың болсын, жігітім!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет