Тест спецификациясы



бет1/3
Дата27.07.2022
өлшемі32.04 Kb.
#459815
  1   2   3
Elektrlik-baylanys-teoriyasy


«Электрлік байланыс теориясы» пәні бойынша
магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)


1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М096 «Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар»
3. Тест мазмұны:



Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі



Тапсыр
малар саны






1

Электр байланыс жүйелері туралы жалпы мәліметтер

С

3




2

Хабарлардың, сигналдардың және бөгеуілдердің математикалық модельдері

А

3




3

Модуляциялау және детектрлеу теориясының негіздері

А

4




4

Амплитудалық модуляция

В

4




5

Жиіліктік модуляция

В

3




6

Байланыс арналарының математикалық модельдері. Байланыс арналарында сигналдарды түрлендіру

В

3




7

Дискретті хабарларды тарату жүйесінің бөгеуілге тұрақтылық теориясы

В

3




8

Байланыс көздері мен арналарын кодтау

С

4




9

Үздіксіз хабарларды таратудағы бөгеуілге тұрақтылық теориясы

С

3




Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

30



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:


4.1. Электр байланыс жүйелері туралы жалпы мәліметтер.
Ақпарат, хабарлар, сигналдар. Байланыс жүйелері, арналары және желілері. Арнадағы бөгеуілдер мен бұрмалаулар. Кодтау және модуляция. Демодуляция және декодтау. Үздіксіз хабарларды сандық кодтау. Байланыс жүйесінің негізгі сипаттамалары
4.2. Хабарлардың, сигналдардың және бөгеуілдердің математикалық модельдері
Хабарламаларды, сигналдарды және бөгеуілдерді жіктеу. Функционалдық кеңістіктер және олардың базистері. Сигналдарды жалпылама Фурье қатарына жіктеу. Уақыт сигналдарын дискретизациялау. Кездейсоқ процестер және олардың негізгі сипаттамалары. Кездейсоқ процестерді қатармен және дифференциалдық теңдеулермен ұсыну. Аналитикалық сигнал. Тар жолақты сигналдың квадраттық компоненттері. Үздіксіз және дискретті көздердің (хабарлар, сигналдар және бөгеуілдер) кейбір модельдері.
4.3. Модуляциялау және детектрлеу теориясының негіздері
Параметрлік және сызықты емес тізбектердегі тербелістерді түрлендіру. Амплитудалық модуляция сигналдарын қалыптастыру және анықтау. Бұрыштық модуляция сигналдарын қалыптастыру және анықтау. Бір жолақты модуляция сигналдарын қалыптастыру және анықтау. Дискретті хабарламалармен модуляцияланған сигналдарды қалыптастыру және анықтау. Импульстік тасымалдаудағы модуляция және детектрлеу. Кездейсоқ процеспен модуляция кезінде модуляцияланған сигналдар қуатының спектрлік тығыздығы және корреляция функциясы. Амплитудалық және бұрыштық модуляцияның кедергіге тұрақтылығы.
4.4. Амплитудалық модуляция.
Амплитудалық модуляция (АМ), бір жолақты модуляция (БЖМ). АМ-тербелістердің векторлық, спектралдық және уақыттық көрсетуі. Түзу сызықты емес тізбектердегі модуляцияланған сигналдарды қалыптастыру. Модуляторлардың сұлбалары.
4.5. Жиілік модуляциясы
Бұрыштық модуляцияның аналитикалық өрнектері. Модуляция коэффициенті, жиіліктің девиациясы, бұрыштық модуляция кезіндегі жылдам жиілік және жылдам фаза. Жиіліктік-модуляцияланған сигналдың спектрі. Жиіліктік модулятор. Жиілік детекторы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет