Тиімділігі арттыру жолдарын зерттеу



бет17/18
Дата16.05.2024
өлшемі373.45 Kb.
#501268
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
МД Уалшерова

Қорытынды

Қорыта келе қашықтықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуни-кациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын білімді қабылдау түрі болады.Қашықтықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында интерактивті өзара іс-әрекеттесіп материалдың негізгі мазмұнын талқылап оқып білім алушыларға жеткізудеді. Оқу үрдісі барысында білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.  Қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы білім алушылардың жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану да оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.Сырттай бөлім мен қашықтан оқытуды араластыруға болмайды деген позицияны кейбір авторлар ұстанып отыр. Олардың басты ерекшелігі, қашықтан оқыту кезінде интервативтіліктің жүйелілігі және тиімділігі қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуда күндізгі бөлімде оқытылатын материалдар қолданылады. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.


Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық технологияларды меңгеру өзекті мәселе. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдаркоммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану.
Aқпapaттық - қaтынaстық тexнoлoгияның жoғapыдa aтaлып өткeн мүмкіндіктepін пaйдaлaнy білім бepyдің жaңa түpлepін кeңінeн қoлдaнyғa мүмкіншіліктep тyдыpaды, oлap:
- интepбeлсeнді (өтe бeлсeнді) сұxбaт – oл қoлдaнyшының кoмпьютepмeн қapым-қaтынaсы apқылы жүзeгe aсыpылaды. Бұл apaдa сұxбaт мәтіндік бұйpықтap мeн жayaптap apқылы қapқынды түpдe жүзeгe aсып oтыpaды:
- нaқты oбъeктілepді бaсқapy;
- экpaндa көpініс тaпқaн түpлі oбъeктілepдің, құбылыстapдғы, үpдістepдің үpлгілepін бaсқapy;
- oқy үpдістepінің нәтижeлepінe aвтoмaттық бaқылay (өзіндік бaқылay) жaсay жәнe бaқылayдың нәтижeлepі бoйыншa тeстілey, түзeтyлep eнгізy.
Биология пәнін оқытуда оқушылардың ой - өрісін, ойлау, талдау қабілетін дамытады және білім қазынасын игеру, әсіресе биологияны қашықтықтан оқытуда, ақпараттық тенологияны терең оқып -үйрену дәйектілікті, табандылықты, сонымен бірге қажырлы еңбекті талап етеді.
Компьютерлік технологиялардың қолдану көлемді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, аз уақыт ішінде ақпараттың өте үлкен санын өңдеуге көмектеседі. Компьютер құрамдастардың даму жылдамдығы тек биологиялық, мәселелерді шешіп қана қоймайды. Бүгінгі күні видео және аудио ақпаратты өңдеу және бейнероликтерді құру аса қиындыққа соқпайды. Компьютерлік оқыту дегеніміз - оқытудың техникалық құралдарының қолдану болып табылады. Оны қазіргі уақытта электронды оқыту деп атайды.
Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескере отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау және жүзеге асырудың жүйелі әдісі деуге болады.
Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшы-лықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болып табылады. Ақпараттық технологияны қолдану арқылы:
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
- бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
- бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құруды меңгереді.
Электрондық оқулықтардың тиімділігі:
теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
- сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.
Мультимедиалық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауды және де басқа оқып үйренуге арналған құралдар жасауда көп қолданылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашылады.
Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру.  Қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтықтан оқытудың дидактикалық жасалымын арттырылуда.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің тиімділігі сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту, олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз етіледі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуни-кациялық құралдарды қолдану қажет. ZOOM платформасымен видеосабақ жасауды үйреніп, білім алушыларға шағын сабақтарды түсіндіріп Whatsapp желісі арқылы жіберіп отырылды. Сонымен қатар білім алушыларда үнемі кері байланыс жасап отырды. Осы тұста айта кететін жағдай, білім алушылар үй жағдайындағы қол жетімді құралдармен кері байланыстарын жасады. Мұндағы бір ерекшелік көп ашыла бермейтін білім алушылардың белсенділігі арта түскендігі байқалды.
Қашықтықтан оқыту тек білім алушылардың емес, ата-аналардыңда белсенділіктерін оятты. Қашықтықтан оқыту оқытушы еңбегінің қиын екендігін, Білім алушы мен ата-анаға ұғындырып, оқытушылардың мәртебесі жоғары екендігін дәлелденді. Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:
-Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;
-Интерактивті әрекеттесу формалары;
-Сапалы білім алу;
-Уақытты үнемдеу;
-Ыңғайлы уақытта оқу;
-Территориялық шектеулер болмайды;
Бұл оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы білім алушының жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында Білім алушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы білім алушыға арналған өзіндік жұмыстарды, тәрбиеге қатысты жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады.
Мультимедиалық білім беру құралдары білім алушылардың оқуға деген құмарлықтары мен қызығушылықтарын тудырулары, сонымен қатар ойша бейнелер мен модельдерді қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен, көптеген жағдайда мультимедианы қолдану білім алушыларды мотивациялауға оң əсер етеді.
Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, вебинар, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.
Қашықтықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылып келеді:
-желілік технология;
-кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;
-ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.
Қашықтықтан оқыту - мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Қашықтықтан оқыту технологиясы – білім алушыны дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет