Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы



бет212/309
Дата01.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#485089
түріКодекс
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   309
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû

9-тарау. Құжаттама

69. Құжаттаманың түрі және мазмұны санаты мен түріне қарай ұйым басшысы регламенттейді.


70. Құжаттардың сақталуы қағаз және (немесе) электронды (магнитті) тасымалдағыштарда жүзеге асады.


71. Дәріханалық ұйымды құжаттау жүйесі мыналарды қамтамасыз етуі керек:


1) дәріханалық ұйымның орындалатын функциясының толық регламенттелуін;


2) персоналдың тиісті құжаттамаларға қол жеткізе алуы;


3) құжаттарда берілген талаптарды біржақты түсіндіру;


4) дәріханалық ұйымның құжаттамасын дер кезінде қайта қарау.


72. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексімен бекітілген мерзімдер ішінде тексеру үшін мемлекеттік органдарға қол жеткізе алатындай болуы керек. Құжаттама мемлекеттік органның сұранысы бойынша толық көлемде беріледі.


73. Құжаттар СОР жазылған мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталуы керек.

10-тарау. Өзін-өзі инспекциялау

74. Дәріханалық ұйымда ұдайы осы Қағиданың және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкестігіне өзін-өзі инспекциялау (ішкі тексерулер) жүргізіліп отыруы керек.


75. Өзін-өзі инспекциялау фармацевтикалық қызмет және тиісті дәріханалық практикасы бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын орындау бойынша кемшіліктерді анықтау және түзетуші іс-әрекеттер жүргізу ұсыныстарын шығару мақсатында жүргізіледі.


76. Өзін-өзі инспекциялау тікелей тексеруші қызмет атқаратын тұлғалардан тәуелсіз, осы дәріханалық ұйымның персоналының бірімен немесе тәуелсіз тобымен жүргізіледі. Топ GPP талаптарының орындалуын мен түзетуші және алдын ала ескертуші әрекеттерді жүзеге асырылуын бақылауды объективті бағалайды.


77. Өзін-өзі инспекциялау бойынша бағдарлама мына тармақтарды қамтитын ең аз және біркелкі талаптарды қамтамасыз ететін, СОР түрінде әзірленеді, ол мынадай персонал, үй-жайлар, персоналға арналғн үй-жайды қоса, құрылыстардың ішін және жабдықтар қызметінің, өнімнің, жабдықтардың, құжаттардың санитарлық және гигиеналық талаптарда сақталуының, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғаудың, алдыңғы өзін-өзі инспекциялау нәтижесі және алдын ала түзету әрекеттерінің мәліметтерін қамтиды.


78. Өзін-өзі инспекциялау аяқталғаннан кейін, өзін-өзі инспекциялау кезінде және қажет болған жағдайда жүргізілген өзін-өзі инспекциялау, бағалау және қорытындылау нәтижелері бар есеп және түзетуші әрекеттер ұсыныстары жасалуы керек, мәлімет тексерілетін жұмыс учаскесіне жауапты персоналдың және дәріханалық ұйымның басшылығына жеткізіледі.


79. Кейінгі тексерулерде ұсыныстардың орындалуы және тиімділігі бақыланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет