Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-параграф. Ерекше жағдайлардағы талаптар



бет250/309
Дата01.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#485089
түріКодекс
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   309
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû

2-параграф. Ерекше жағдайлардағы талаптар

223. Әдетте, ҚБЖ барлық бөлімдері келтіріледі. Дегенмен, төменде сипатталған кей жағдайларда, егер тек уәкілетті орган басқа талаптар қоймаса, пропорционалдық концепциясына сәйкес кейбір бөлімдері немесе модульдері ыдыратылуы мүмкін. Дегенмен, қауіпсіздігі жөніндегі, осы-тараудағы референттік дәрілік препаратқа қатысты анықталған, ҚБЖ жалпы ұсынымдарынан тыс кез-келген мәселелер, енді өзекті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, ҚБЖ СVIII модуліне кірістіріледі.


Генериктік дәрілік препараттар түпнұсқалық дәрілік препараттар бойынша қауіптерді басқару жоспары енгізілген тіркеуге алғаш рет берілген жағдайда, қауіпсіздігі жөніндегі спецификациясының СII-СV-тараулары төмен түсірілуі мүмкін. ҚБЖ СVI-тарауы, егер тек генериктік дәрілік препарат өзінің қасиеттері жағынан, бұл қауіпсіздік профиліне әсер етуі мүмкін болатындай айтарлықтай өзгешеленбесе, немесе егер ұлттық уәкілетті орган басқаша талап етпесе, түпнұсқалық дәрілік препарат үшін белгіленген қауіпсіздігі жөніндегі мәселелері туралы ақпарат беруге негізделеді. Егер түпнұсқалық дәрілік препаратқа қатысты фармакологиялық қадағалау немесе тиімділігіне зерттеу жүргізу бойынша ешқандай қосымша шаралар енгізілмеген жағдайда, тіреу куәлігін алудың шарты ретінде, ҚБЖ VI бөлімінде жоспарланып отырған тіркеуден кейінгі дамытудың ҚБЖ III және IV бөлімдері берілмеуі мүмкін.


ҚБЖ жаңартылымын беру кезінде, ҚБЖ СV модулі кірістіріледі.


Қазақстан Республикасы аумағында 10 жыл бойы тіркеліп келген дәрілік препаратқа медицинада қолданылуы жөніндегі жаңа көрсетілім қосуға өтініш беру кезінде, бұрыннан мақұлданған көрсетілімдеріне байланысты клиникалық зерттеулердің (сынақтардың) мәліметтері ҚБЖ СIII модулінен алынып тасталуы мүмкін, ал ҚБЖ СIV модуліне, егер тек уәкілетті орган басқаша талаптар қоймаса, тек популяцияның көзделген топтарына қатысты жаңа көрсетілім бойынша жаңа ақпарат кіргізіледі. Дегенмен, ҚБЖ СIV модулінің қарастыру нысанасы болып табылатын халықтың ерекше топтарында бұрын тіркелген дәрілік препараттарды пайдалану тәжірибесі туралы деректер қосылуы мүмкін.


Бастапқы мемлекеттік тіркеуге өтініш берген кезде ҚБЖ бөлімдері бойынша деректер ұсынуға қойылатын талаптар 1 кестеде көрсетілген.


1 кесте. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алуға өтініш берген кезде ҚБЖ бөлімдері бойынша деректер ұсынуға қойылатын талаптар



Берілетін түрі



I бөлім



II бөлім. СI-тарау



II бөлім. СII-тарау



II бөлім. СIII-тарау



II бөлім. СIV-тарау



II бөлім. СV-тарау



II бөлім. СVI



II бөлім. СVIa тару



II бөлім. СVII-тарау



II бөлім. СVIII-тарау



III бөлім



IV бөлім



V блім



VI бөлім



VII бөлім



Жаңа белсенді зат



+



+








+



+



+



+



+



+



+



+



+



+



+



+



Биоана-лог



+



+



+



+



+



+



+



+



+



+



+



+



+



+



+



Генерик-тік дәрілік препарат



+




























+



+



+



+



*



*



+



*



+



Белгілен-ген біріктірі-лімдр



+














+



+



+



+



+



+



+



+



+



+



+



Ұқсас белсенді зат



+



+



*



*








+



+



+



+



+



‡ Белгілі бір жағдайларда түсірілуі мүмкін


* Модификацияланған талаптар


3) Қазақстан Республикасы аумағында 10 жыл бойы айналымда жүрген дәрілік препараттарға арналған қауіптерді басқарудың бастапқы жоспары


Егер уәкілетті ұйым өзге де талаптарды белгілемесе, онда Қазақстан Республикасы нарығында өткізілетін бастапқы ҚБЖ ұсынатын тіркеу куәлігінің ұстаушылары келесі талаптар сақталғанда СII және СV модульдерін босатады:


1) дәрілік препарат нарыққа ҚБЖ қойылатын талаптар белгіленгеннен 10 жыл бұрын немесе одан ерте шығарылған;


2) ҚБЖ қойылатын талаптар қолда бар тіркеу куәлігіне, қолдану саласына, өндірістік процесс аспектілеріне елеулі өзгерістер енгізуге өтініш берумен байланысты емес.


Егер 2 талап қолданылмаса, осы өзгерістерге байланысты клиникалық зерттеулер/сынақтардың деректері ҚБЖ СIII модулінде ұсынылады, ал ҚБЖ dV модулі алып тасталуы мүмкін.


Қолда бар тіркеуден кейінгі деректер мен олардың емделушілер мақсатты топтарында іске асатындығын талқылау ҚБЖ СV бөлігіне толық таратып жазылады.

3-параграф. Қауіптерді басқару жоспарын жаңарту

224. Егер ҚБЖ бұрын тіркеу куәлігінің ұстаушысы әсер етуші заты үшін тіркеу рәсімі кезінде берген болса, басқалай талаптар туралы келісілген жағдайлардан басқасында, кейінгі кез-келген ұсынымдарының жаңартылған түрі болады. ҚБЖ әр берілуінің нақты нұсқасының нөмірі мен күні болады. Бұл ҚБЖ толығымен берілуіне немесе оның тек бір бөлігінің немесе модулінің берілуіне қатысты. Сәйкестендірілген ақпарат берілген өзгертулері бар нұсқалары соңғы нұсқа берілген сәттен бастап өзгертулердің толық сипаттамасы кірістірілген ілеспе хатпен бірге беріледі.


225. ҚБЖ жаңартуларын беру мерзімдері оны енгізген кезде белгіленеді және реттеушілік статусын сақтаудың шарты да болып табылады. Аталған белгіленген мерзімдер барынша қолжетімді болып табылады және ҚБЖ-ға жаңартуларды берудің белгіленген кестесінен тыс қосылған сәйкесінше дәрілік препараттардың пайдасы мен қаупінің арақатынасына баға беруде елеулі өзгерістер анықталған жағдайда, тіркеу куәлігінің ұстаушысын дәрілік препараттың қауіпсіздік профилін және жаңартылған ҚБЖ беру жөніндегі талаптарды бақылау жөніндегі жауапкершіліктен босатпайды.


Егер ҚБЖ соңғы берілген сәтінен бастап ешқандай өзгертулер енгізілмесе (яғни жоспарлы жаңартылуы рәсім аяқталғаннан кейін жақын арада орын алады), тіркеу куәлігі иесінің өзгертулердің жоқтығы түсіндірілетін хат жіберуіне, және уәкілетті органмен келісе отырып,


ҚБЖ жаңартылуын бермеуіне болады.


Егер басқаша келісілмесе, дәрілік препарат үшін ҚЖЕ мен ҚБЖ қажет болып табылатын жағдайларда, ҚБЖ жоспарлы жаңартулары ҚЖЕ секілді уақытта беріледі.


ҚБЖ жаңартқаннан кейін қауіптерді төмендету жөніндегі жоспарға қажеттілігіне қарай тиімділігіне және қауіптерді төмендету жөніндегі дағдылы және/немесе қосымша шаралардың нәтижелеріне баға беру қосылады .


226. Уәкілетті ұйым берілетін ҚБЖ бағалауының нәтижелері бойынша есептер мен ҚБЖ түйіндемесінің сәйкесінше веб-портал арқылы өзара қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет