Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-тарау. Рецептуралық дәрілік препараттардың оңтайлы қолданылуын қамтамасыз ету



бет206/309
Дата01.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#485089
түріКодекс
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   309
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû

3-тарау. Рецептуралық дәрілік препараттардың оңтайлы қолданылуын қамтамасыз ету

10. Дәрілік заттарды тиісті босатуды қамтамасыз ету үшін тұтынушы қаптамасына жүргізілген таңбалануымен (бастапқы, екінші), қазақ және орыс тілдеріндегі жақсы оқылатын мәтінімен және медициналық қолданылуы бойынша нұсқаулығымен айналымға түседі.


11. Пациентке дәрілік заттар, медициналық бұйымдар туралы қол жетімді түсініктері және оларды қолдану бойынша кеңестері бар объективті ақпарат беру.


12. Дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және оңтайлы қолдану бойынша персонал қызметіне мыналар кіреді:


1) білікті персоналдың жеткілікті мөлшері болуы;


2) дәрігердің рецепт жазып берудің (парақ және (немесе) электронды түрде), рәсімдеудің дұрыстығын және ережесін, рецептідегі мәліметтердің толықтығын, көрсетілген дозаның науқастың жасына сәйкестігін, бір уақытта босату нормаларын сақтауы;


3) жазып берілген дәрілік заттардың үйлесімділігін сақтауы;


4) дайындау технологиясын сақтау және дәрілік препараттардың сапасын қамтамасыз ету;


5) дәрігердің рецептісі бойынша рецептуралық препараттарды босатуды жүзеге асыру;


6) пациенттің жазып берілген дәрілік препаратты сәйкес мерзімде және қол жеткізерлік бөлшек сауда үшін дәрілік заттардың саудадағы атауына бекітілген шекті бағадан аспаған бағада сатып алу мүмкіндігі;


7) дәрілік препаратты сәйкес таңбалануына және қаптамасында тиісті түрде босатуды қамтамасыз ету;


8) дәрілік затты босату кезінде сатып алушыға (пациентке) жазып берілген рецептіге сәйкес келетін қолда бар дәрілік препараттарды олардың қолданыстағы барлық құнын көрсете отырып беру;


9) сатып алушыға (пациентке) рецептісіз босатылатын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды қолданудың ерекшеліктері туралы түсінікті болатындай қарапайым ақпарат беру.


13. Дәрілік препараттарды оңтайлы тағайындау және қолдануға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету үшін фармацевт (тің):


1) дәрілік препараттарды қолдану жөнінде сенімді ақпарат және консультациялық көмек беру бойынша сәйкес білімі мен дағдысы бар;


2) фармакотерапия, жаңа дәрілік заттар туралы ақпарат, қарым-қатынас психологиясы саласындағы білім деңгейін жүйелі түрде арттырады;;


3) дәрілік затты, медициналық бұйымдарды пайдалану жөніндегі анықтамалық-ақпараттық әдебиеттің жеткілікті саны бар;


4) рецептілер дұрыс жазылмаған жағдайда, дәрілік заттарды жазып беруге қатысты дәрігерлермен кері байланысты жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет