Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-тарау. Өз бетінше емделу



бет208/309
Дата01.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#485089
түріКодекс
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   309
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû

5-тарау. Өз бетінше емделу

24. Өз бетінше емделуге байланысты қызмет рецептурасыз дәрілік препараттарды өз бетінше қабылдау бойынша пациентке кеңес беруге және медицинада қолданылуы бойынша нұсқаулығына сәйкес өз бетінше емделуге мүмкіндігі бар аурулар мен жай-күйлерді емдеуде симптомдар мен ауруларды жеңілдету мен жою үшін дәрілік көмек беруге бағытталған.


25. Өз бетінше емделуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін фармацевтке мыналар қажет:


1) рецептурасыз дәрілік заттарды тиімді және қауіпсіз қолдануға қатысты пациентке тиісті ұсыныстар беру бойынша тиісінше кәсіби дайындық, қажет болғанда дәрігерге жолдаманы қоса бере отырып, денсаулық сақтау саласындағы өкілетті орган бекіткен алғашқы көмек дәрі қобдишасына кіретін дәрілік заттар тізбесіне сәйкес шұғыл жағдайларда халыққа жедел медициналық көмек көрсету;


2) фармацевтерді өз бетінше емделу және консультация беру мәселесі бойынша оқытуды бағдарламаға енгізу;


3) арнайы анықтамалық әдебиеттің болуы;


4) өз бетінше емделу бойынша СОР болуы;


5) өз бетінше жазылатын симптомдар және ауруларды білу;


6) өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі профилактикалау мәселесі бойынша консультация алу;


7) өз бетінше емделу бойынша дәріханаға келушілер үшін ақпараттық материалдардың (брошюралар, буклеттер) болуы.


26. Өз бетінше емделуге байланысты дәріханалық ұйымның қызметі төмендегі іс-шаралардан тұрады:


1) өз бетінше емделуге жататын симптомдар мен жай-күйлерді есепке ала отырып, дәрілік көмек беру;


2) өтініш бойынша немесе дәрілік препараттарды өздігінен қабылдау қажеттілігінен пациентке дәрілік препараттарды рецептурасыз қолдануға консультация беру, дәрігерге жолдама, басқа дәрілік препараттармен дәрілік өзара әрекеттесулері бойынша ұсыныстар;


3) өкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес, медициналық бұйымдарды, күтім құралдарын, диагностикалық дәрілерді, тері күтіміне арналған заттарды, тамақ қоспаларын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жатпайтын өз бетінше емделудің қосымша заттары мен құрылғыларын пайдалану бойынша консультация беру.


27. Рецептісіз дәрілік заттарды ұсынғанда фармацевт:


1) рецептісіз дәрілік препараттарды таңдағанда тиімділік, қауіпсіздік және сапаны ескере отырып кәсіби тәжірибені пайдаланады;


2) осы дәрілік препарат бойынша оның әсер етуі, қолданылу тәсілі, емдеудің ұзақтығы, болуы мүмкін жағымсыз әсерлер, қолдануға болмайтын жағдайлар және басқа дәрілік заттармен үйлесімділігіне қатысты пациентті түсінікті етіп хабарландыру;


3) жағымсыз әсерлер симптомдары қайталанған жағдайда пациентті дәрігерге қаралу керектігі туралы ескертеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет