6-параграф. Сапа үшін қауіптерді басқару
14. Сапа үшін қауіптерді басқару дәрілік препаратты бағалаудың, бақылаудың, ол жөнінде ақпарат берудің, сондай-ақ оның сапасы үшін қауіптерді шолудың жүйеленген процесі болып табылады. Бұл процестің перспективтасын да, ретроспективасын да жүргізуге болады.
15. Сапа үшін қауіптерді басқару қағидаттары:
Сапа үшін қауіптерді бағалау процеске қатысы бар ғылыми білімдерге, жұмыс тәжірибесіне негізделеді және түпкі нәтижесінде пациенттің денсаулығын сақтауға байланысты;
сапа үшін қауіптерді басқару процесінің жұмыстар ауқымы, қалыптасу дәрежесі және құжатта ресімделуі қауіп деңгейіне сәйкес болады.
Процестер мен сапа үшін қауіптерді басқаруды қолдану үлгілері осы Стандарттың II бөлімінің III тарауында да көрсетілген.
3-тарау. Персонал
1-параграф. Қағидаты
16. Дәрілік заттардың тиісті өндірісі қызметкерлерге байланысты. Кәсіпорында өндірушінің жауапкершілігіндегі салаға қарасты барлық міндеттерді шешетін білікті қызметкерлердің жеткілікті саны болады. Әрбір қызметкер жеке жауапкершілігінің құжатта бекітілгенін түсінуі тиіс. Сондықтан бүкіл қызметкерлер өз қызметіне қатысты қағидаттарды білуі тиіс, сондай-ақ гигиеналық талаптарды орындауға қатысты нұсқаулықты қоса алғанда, өз міндеттерімен сәйкес бастапқы және кейінгі оқытудан өтуі тиіс.
2-параграф. Жалпы талаптар
17. Өндірушіде қажетті біліктілігі мен практикалық жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлердің жеткілікті саны болуы тиіс. Жоғарғы басшылық сапаны басқару жүйесін енгізу мен жолға қою және оның тиімділігін тұрақты арттыру үшін жеткілікті және тиісті ресурстарды (адами, қаржылық, материалдық, сондай-ақ үй-жайлар мен құрал-жабдықты) айқындап, қамтамасыз етеді. Кез келген қызметкердің міндеттері өнім сапасы үшін қауіптердің туындау мүмкіндігін болдырмайтын шамадан тыс болмауға тиіс.
18. Кәсіпорында ұйымдастыру құрылымының схемасы бар, онда өндіріс, сапаны бақылау басшылары және бұл қолданылатын жерде сапаны қамтамасыз ету бөлімшесінің немесе осы бөлімнің 21-тармағында көрсетілген сапа жөніндегі бөлімшенің басшысы арасындағы қатынастар және уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) позициясы басқару иерархиясында айқын белгіленген.
19. Басшы қызметкерлердің міндеттері және оларды орындауға арналған сәйкесті өкілеттіктері лауазымдық нұсқаулықтарда айқындалып жазылуы тиіс. Олардың міндеттері жеткілікті біліктілік деңгейіндегі тағайындалған орынбасарға берілуі мүмкін. Қызметкерлердің міндеттемелер шеңберінде тиісті өндірістік практика барлық жақтары қамтылады, алайда жауапкершілік саласын негізсіз көшіруге жол берілмейді.
20. Өндірушінің жоғарғы басшылығына сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін сапаны басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз етуге, сондай-ақ рөлдерін, міндеттерін және өкілдіктерін айқындауға, қызметкерлерді хабардар етуге және бүкіл ұйым аясында жүзеге асыруға негізгі жауапкершілік жүктеледі. Жоғарғы басшылық сапамен байланысты компания қызметінің жалпы мүдделері мен бағыттары баяндалатын сапа саласындағы саясатты жолға қояды және сапаны басқару жүйесінің тұрақты қолданысы мен тиімділігін және басшылық тарапынан талдауға қатысу арқылы тиісті өндірістік практика сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |