5. Тіктөртбұрыштың ауданы 35 см2, ұзындығы 7 см. Оның периметрін тап.
№4 ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы:
1.Бақылау тапсырмалардың тағайындалуы. Бақылау жұмысының негiзгi мақсаты 4-сыныптың ІІІ тоқсан бойынша математика пәнінен мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты сәйкес білім, білік және дағдылардың меңгеру деңгейінің нақты бағасы болып табылады.
2. Құжаттар, бақылау тапсырманың мазмұнын айқындаушы. 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Оқу бағдарламасы.
3.Бақылау жұмыстың құрылымы және жоспары. 4-сыныптың ІІІ тоқсан бойынша математика пәнінен білім, білік және дағдыларының өлшеуіші болып бақылау тапсырмалары қолданылады. Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан құрылған. Бақылау жұмыстарының тапсырмалары күрделену сатысы бойынша орналасқан.