Тілім менің – тірлігімнің айғағы мәнерлеп оқу күні



бет2/5
Дата29.09.2023
өлшемі30.71 Kb.
#479118
түріСабақ
1   2   3   4   5
Тілдер апталығы

2 жүргізуші (Жүсіп):
Тәулік сайын түрленген өзгермелі әлемде өркениет биігіне ұмтылған кез-келген ел ата-бабасынан аманатқа қалған және қазіргі заманның ағымына қарай жаңарып, толығып, жаңа сипатқа ие болған құдіретті тілі арқылы ғана ұлттық болмысы мен тәуелсіздігін сақтай алады. Төл тарихын сонау сақ пен ғұн, ежелгі түркі дәуірінен тарататын көшпелі халықтың көшелі ұрпағы болған біз үшін Қазақстан – Ұлы Отан! Ал Отанымыздың тілі – қазақ тілі.
Ендеше 1 курс студенттерінің «Ана тілі» жайлы өлеңдеріне сөз кезегін берсек.
2 жүргізуші (Жүсіп):
Ортада ПБ-113/1 тобының студенті Копанов Әділет
«Ана тілім» — Несіпбек Айтұлы
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Туған анамды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім,
Егер сені ұмытсам.


1 жүргізуші (Саят):
Саматұлы Жанболат ПБ-113/1 тобының студенті
«Мәңгілік тіл»
Мен қазақпын, тілім қазақ мәңгілік,
Ұмтылмаймын өзге тілге, мән беріп.
Қазағымның дана тілі тұрғанда
Ұнамайды әуендік тіл шетелдік!

Мейлі, мейлі өзге тілдер әдемі


Кім біледі біздің тіл де қастерлі
Өз анамның туған тілі тұрғанда
Керегі жоқ 60 тілі әлемнің.

Осы тілмен анам мені тербеткен,


Әсем үнмен жанды баурап бөлеген,
Сыңғыр-сыңғыр күлкісімен ерітіп,
Мәпелетін, әлпештеген өсірген.
Қазақ тілі – анамның тілі мәпелеген,
Қазақ иілі әкемнің тілі еркелеткен,
Қазақ тілі - менің тілім, мен өскен,
Қазақ тілі менің тілім, мен сүйген!

2 жүргізуші (Жүсіп):
ЛХЭ-113/1 тобының студенті Каиркенова Назира


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет