Тілім менің – тірлігімнің айғағы мәнерлеп оқу күні



бет5/5
Дата29.09.2023
өлшемі30.71 Kb.
#479118
түріСабақ
1   2   3   4   5
Тілдер апталығы

2 жүргізуші (Жүсіп):
Қуаныш Әмір ПБ-113/1 тобының студенті
Ана тілім
Ана тілім – бұл менің баба тілім,
Дара тілім өзіңде дана ақылым.
Тәуелсіз ел жалынды жастарымыз.
Есіл, Ертіс, Тобылдай ағатүғын.
Қырандай қанатты да қағатұғын,
Көсіліп тұлпар болып шабатұғын.
Менің тілім қазақ тілі бай емес пе,
Жүрекке рух отын жағатұғын.
Ұлт болып тіл етреңін ойласа екен,
Тереңіне бай тілдің бойласа екен,
Достарымыз өздеріңе бар айтарым,
Жастарымыз өз тілінде сайраса екен.


2 жүргізуші (Жүсіп):
Ал енді құрметті 1 курс студенттері сіздердің халқымыздың қандай ырым-тыйым сөздерін білетіндеріңізді тексеріп көрелік

  1. Үйге қарай (жүгірме)

  2. Қолыңды жуған соң (сілкіме)

  3. Керегені (керме)

  4. Малды (теппе)

  5. Күн батарда (ұйықтауға болмайды)

  6. Нанның қиқымын жесе – (бай боласың)

  7. Сәбигe көз тимес үшін (күйе жaғып қояды)

  8. Жолaушығa «қайда баpасың» дeмейді, («жол болсын» дейді)

  9. Неліктен айға ұзақ қарауға және қол шошайтуға болмайды?

(Ай адамның жастығын, сұлулығын ұрлайды)

  1. Біреу әңгіме айтып отырғанда cәби түшкіpіп қaлсa, (шын aйтқаны деп ойлайды екенбіз)



1 жүргізуші (Саят):
Ана тіліміз – «шыр» етіп дүние есігін ашқаннан бастап, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған байлығымыз. Ол түп тамыры есте жоқ ескі замандардан бастау алатын, бірнеше мыңжылдықтар бойы қалыптасудың барлық сатыларын бастан өткеріп, мейлінше жетілген өте бай тіл.


2 жүргізуші (Жүсіп):
Өткен ғасырдың алғашқы ширегінде ел басына күн туған алмағайып шақта халқымыздың біртуар ұлы Міржақып Дулатов:
Алыстан «Алаш» десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын! – деп, Алаштың азаттығы жолында бел шешпей күресіп өткен болатын. Ал, тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп өскен біз – бүгінгі жалынды жастар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге белсене атсалысып. оның талап деңгейінде насихатталуына өз үлесімізді қосайық.


1 жүргізуші (Саят):
Құрметті оқытушылар мен студенттер, біздің тіл мерекесіне арналған іс шарамыз осымен аяқталды. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет