Тілім менің – тірлігімнің айғағы мәнерлеп оқу күні


Жасай бер, қазақ тілім-ана тілім!



бет3/5
Дата29.09.2023
өлшемі30.71 Kb.
#479118
түріСабақ
1   2   3   4   5
Тілдер апталығы

Жасай бер, қазақ тілім-ана тілім!
О, менің дара тілім, ана тілім,
Бесікте - ақ басталған сенің үнің,
Ешбір тілге айырмай жақұтыңды
Құлағыма сіңіргем жарық күнім.
Бүгін міне, алдым мен қолға қалам,
Шексіз өлең жазамын, мен толғанам.
Ахметтей тілім үшін жанды беріп,
Абай мен Ыбырайдың жолын салам.
Жасай берші, көкке өрлеп, талпында шың,
Хан Тәңірі секілді даңқың артсын.
Елбасымыз Назарбаев тірі тұрып,
Жұлдыз болып қазақ тілім жарқырайсың!
Туған тілім Анадан кеп дарыдың,
Қайта-қайта қайталадым, тағы мың.
Бір өзіңді ардақтауға ант беріп,
Өмірбақи жоғалтпауға жарыдым.


1 жүргізуші (Саят):
ЛХЭ-113/1 тобының студенті Боранбай Сұлтанәлі
Қазақ тілі
Қазақ тілі – ана тілім,
Көне тілім, жаңа тілім.
Ұрпақтардан ұрпақтарға
Мұра болып қалатұғын.
Абай тілі, Сəкен тілі,
Бабам тілі, əкем тілі,
Сені сыйлап, қастерлеумен
Мұратыма жетем түбі.
Халқымыздың азаттығы,
Салтымыздың ғажаптығы,
Жасай берер, жайнай берер,
Өзің барда, Қазақ тілі!


2 жүргізуші (Жүсіп):
Аманқос Ринат ПБ-113/1 тобы
Қазақ тілі
Қазақ тілі-
Атаң, Анаң.
Қуат алар Отан да одан,
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Дүспаның да бас иетін,
Тілің –
Ұлттық қасиетің.
Тартқан талай ұлыстар бар
Тілсіздіктің қасіретін.
Тіл сыйлаған:
Ардай – азбас,
Тіл сыйламас:
Бордай оңбас.
Мардымсумен,
Мамалаумен
Ата салтын жалғай алмас.


1 жүргізуші (Саят): Республикамыздың тәуелсіздік алып, тіліміздің мемлекеттік тәрбиеге ие болуына байланысты сөз мәйегін теруге құлшыныс арта түсуде. Ойды ұштап, қиялды қанаттандыратын мақал-мәтелдер де қайтадан рухани серігімізге айналды. «Мақал сөздің мәйегі» дегендей кезекті тіл туралы мақал-мәтелдерге берейік. Қазір біз мақал-мәтелдің басын айтамыз, ал сіздер жалғастырасыздар

  1. Тілге құрмет (елге құрмет)

  2. Тіл тағдыры (ел тағдыры)

  3. Өнер алды (қызыл тіл)

  4. Тіл тас жармас (бас жарар)

  5. Ана тіліңді ұмытқаның (өз ұлтыңды құртқаның)

  6. Ит тойған жеріне (ер туған жеріне)

  7. Туған жердің күні де ыстық (түні де ыстық)

  8. Елінен безген (ер оңбас), көлінен безген (қаз оңбас)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет