Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет39/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Симптомдары. Аздаған бөлікті бітелуде энтаралгияны еске түсіреді. Мезгіл-мезгіл талмалы ауырсыну байқалады. Дефекация және газдардың бөлінуі қалыпты,мал тыныш кезінде азык кабылдайды. Толык обтурациялык бітелу сонынан ауыр шаншуға соқтырады. Мал үзіліссіз мазасызданады, мал керілу және бакылау кейіпте болады.
Кіші жиек ішек немесе тік ішек бітелгенде мал күшенеді, ал бірак газдар, нәжістер бөлінбейді. Ішек перистальтикасы болмайды, кейде ішектердін темір сыңғырындай шуылдары естіледі. Дене қызуы 39-40°С көтеріледі, тынысы жиі, тамыр соғуы минутына 70- 90 соғады. Улану және метеоризм күшейеді, кілегейлі қабықтар іркілмелі гиперемияланған, ал склера аздап сарғайған. Тік ішек арқылы зерттегенде ішектің бітелген жерінде онын кабыргасының инфильтрациясы және ауырсынуы байқалады, ал бітелген зат дөнгелек немесе сопақ пішінді болады. Тік ішек нәжістен бос.
Ірі қара малдың ішегі обтурациялык бітелуінде мал аздап мазасызданады, аяқтарымен ішін тепкілейді, жата береді, күйіс кайырмайды, азыққа зауқы жоқ, ұлтабаралды карындардың гипо- тониясы және атониясы пайда болады, мес қарынның тимпаниясы болуы мүмкін, ішектің перистальтикасы төмендеген, дефекация сирек, нәжістер катты.
Итте алдынғы ішектердін обтурациясында жиі кұсу пайда болады, мазасызданады немесе күйзеледі, әлсіздік, ішектін перистальтикасы төмендеп, іш катады, ішектің метеоризмі болуы мүмкін.
Өтуі. Алдынғы ішектердін обтурациясы 1-2 күнге созылады, кіші жиек ішек, үлкен жиек ішектің тік бөлігі және жамбас иіні 2-3 күнге, ішектін жуан бөлігінен өтер жерлерінін обтурациясында, егер кысылмаса ауру 8-12 күнге созылады.
Балау. Ірі малдарда ішек обтурациясын тік ішек аркылы катты денені ұстап тауып, ішек тұзағы немесе ішек куысы оның жіңішке жері алдында бұралса, ал ұсақ малда бимануальді пальпациялау арқылы, рентгеноскопиялау немесе рентгенографиялау арқылы аныктайды.
Емі. Тік ішек пен кіші жиек ішектердің обтурациясында бөгде затты ішек қабырғасын алдын ала пісте май құйып тік ішек арқылы ұқалап жылжытуға әрекет жасайды. Дармтампонаторларды пайдаланып терен клизма жасайды. Алдыңғы аш ішектер бөлігіндегі обтурацияны зонд енгізу арқылы асқазанды жуып-шаю, кілегейлі қайнатпалар немесе өсімдік майын қуюмен жояды.
Ішектердің түйілуін жазу үшін венаға 50-100 мл 10%-ды хлоралгидрат немесе 0,5 %-ды новокаин ерітіндісін 1 кг дене массасына 0,5 мл есебінде енгізеді. Егерде паллиативті әдістер өз нәтижесін бермесе, онда ішектен бөгде затты операция жасау арқылы алады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет