Өтуі. Жылдарға созылады.
Балау. Кешенді зерттеулер нәтижелеріне қарап, (бауырды биопсия жасайды) қояды. Созылмалы гепатиттен, гепатоздан, амилоидоздан, бауырдың ошақты қабынуынан (эхинококкоз, фасциолез ж.т.б.) дербестейді.
Болжамы. Жағымсыз.
Емі:
1. Диета. Рационда белок және витаминдер жеткілікті болуы керек.
2. Гепатоциттерде зат алмасуын серпіндіретін дәрілер береді - эссенциале, «ЛИВ-52». Асцитте - диета, ас тұзын азайтады, зәр айдайтын дәрілер береді (темисал, фуросемид, диакарб).
Сақтандыру.
1. Індетті, паразитарлық аурулармен күресу.
2. Пестицидтерді ұқыпты қолдану.
3. Құнарлы азықтармен қамтамасыз ету.
Бауыр амилоидозы.
Бауыр амилоидозы- бауыр ұлпасында жәнеде басқа ағзаларда амилоидтің қатты белок-қант кешені жиналуымен сипатталатын созылмалы ауру.
Себептері. Ауру жиі сүйекте, теріде, ішкі ағзалардың (артрит, остеомиелит, ойық жара, қатерлі ісік, плеврит, бронхопневмония, мастит, эндометрит ж.т.б.) іріңдеу процесінен болады. Жылқыларда жиі иммунды қан сарысуын дайындау үшін қан алғаннан болады. Кахексия көп жағдайда бауыр амилоидозымен қатар жүреді, ал оларда бүйрек амилоидозы кездеспейді.
Дамуы. Микробтардың тіршілігінен ұлпалар белоктарының ыдырауынан пайда болған өнімдер белок алмасуын бұзады, амилоид бауырдың, бүйректердің, көк бауырдың, ішектің, қан тамырларының қабырғасына (шөгеді) қыртыстанады. Бұл процесс алғашқыда бауыр бөлшегінің шетінен басталып, соңынан бауырдың барлық бөлшектеріне жайылады. Бауыр ұстындары атрафияланады, бөлшектердегі капиллярлар қысылып бірыңғай амилоид массасынан тұратын аумақтарға айналады.
Қанмен қамтамасыз етілу бұзылғандықтан ұлпалардың қоректенуі азайып, гепатоциттер дистрофияланып, бауырдың функциональді әлсіздігі туады.
Симптомдары. Ауруға тән белгілерге кілегейлі қабықтардың бозғылттануы, бауыр мен көк бауырдың ұлғаюы (гепатосленомегалия) жатады. Бауыр қатты, аздап ауырсынады. Бауырдың перкуссиялық шекарасы ұлғайған. Көк бауыр аздап ұлғайып, қатайған. Сарғаюы сирек болады, қаны өте сары емес. Азық қорыту бұзылады. Несепте жиі белок бары анықталады.
Өтуі. Жылдар бойына созылады.
Балау. Ауру туралы алынған мәліметтерге, бауырдың биопсиясына, алғашқы ауруына, белгілі клиникалық белгілеріне сүйеніп диагноз қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |