Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері


Жылқылардағы шаншу құбылыстарымен сипатталатын асқазан мен ішек ауруларының жіктелуі



бет38/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Жылқылардағы шаншу құбылыстарымен сипатталатын асқазан мен ішек ауруларының жіктелуі

Шаншу, colicae (грек. kolike - ішек ауруы) – мазасыздықпен, мәжбүрлі жағдайлармен, позалармен (ауырсынуға реакция) байқалынатын, негізінен ас қорыту жолы ауруларындағы симптомдық кешен.Шаншу жылқыларда жиі, ал ірі қара малда сирек кездеседі.
Шаншу этиологиясы мен локализациясы әртүрлі көптеген ауруларда байқалады. Асқазан мен ішек ауруларында пайда болатын шынайы және бауырдағы, бүйректегі, қуықтағы және кейбір жұқпалы аурулардағы патологиялық процестерде пайда болатын жалған шаншу түрлерін ажыратамыз.
Шаншудың бірнеше классификациясы бар. Ветеринарлық тәжірибеде жиі қолданылатын қарапайым классификацияға сәйкес, Г.В.Домрачев бойынша шаншуды асқазандық және ішектік деп екі топқа бөледі.
Асқазандық шаншулар тобына асқазанның жіті және созылмалы кеңеюінде дамитын шаншулар жатады.
Ішектік шаншулар тобы перитонит құбылыстары жоқ (метеоризм, химостаздар, копростаздар, конкременттермен бітелу) және перитонит құбылыстары бар (ішектердің странгуляциямен немесе тромбоэмболиямен механикалық бітелуі)болып екіге ажыратылады.



  1. Обтурациондық илеус.

Обтурациялык илеус (Obturatio intestinorum) ішектердін өзінде пайда болған тастармен, конкреметтермен фито және пилобезоарлармен және де ішектерге бөгде келіп тускен заттармен (картоппен, шүберекпен, сүйекпен және т.б.), гелминттермен (курттармен) бітелуі. Ішектердің механикалык бітелуі жылкыларда, койларда, иттерде және ірі қара малда жиі кездеседі.
Себептері. Азықпен немесе сумен бірге ішектерге топырак және кұм, фосфор қосындыларын, жарма мен арпа, бидай немесе жүгері ұнын, диірмен калдыктарын, iрi азыктарды ұзақ мерзім бергеннен, азық қорытудың негізгі қызметтері (секрет бөлу, кимылы, сору ж.т.б.) бұзылғандықтан ішек тастары мен безоарлар пайда болады.
Зат алмасулары, соның ішінде витамин (дарумен) мен минеральді заттардын диспропорциясында және солардын аркасында ішек конгломераттары пайда болуына себепкер болады.
Ішектерге азықпен немесе сумен шектен тыс топырак, құм, фосфор қосындылары келіп түскенде, малды жарма мен арпа, бидай немесе жүгері ұнымен, диірмен калдыктарымен, ұзақ мерзім iрi талшықты, құнары төмен азықтармен азықтандырғаннан, асказан ішек жолының (секрет бөлу моторлы, сору т.б.) кызметтері бұзылғаннан болады. Зат алмасуының, оның ішінде витаминді- минеральді диспропорция, ішек ішек конгломераттарынын пайда болуына ыкпалын тигізеді.
Дамуы. Ішек тастары және безоарлар көлемі қабаттасқан заттардан көбейеді. Сол себепті олар ішектің кілегейлі қабығын және онын кабыргасын тітіркендіреді. Ерте ме кешпе ішектің куысы толык бітеліп, ішек бітелуінің ауыр симптомы дамыды.
Ішек тастары немесе баска конгломерат тек қана ішек куысын бітеп кана коймайды, ішек қабырғасы түйілмелі жиырылғандықтан, рецепторлар күшті тітіркенгендіктен және алгашкыда мезгілді, сонынан тұрақты жіті ішек ауырсынулар болады. Ішектің алдыңғы бөліктеріндегі (он екі елі ішектегі, ащы, мықын ішектерде) бітелу сонынан ішектерде және асқазанда туындаған асқазан созылуы дамиды. Ашу және шіру процестері күшейеді, улану, ішектін метеоризмі дамыйды, жүйке, кан айналу, тыныс алу жуйелерінін кызметтері, зат алмасуы бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет