Д и а г н о з ы. Организмде қабыну ошақтарының бар-жоқтығына, алдында инфекциялық ҥдерістердің болған-болмағандығына көңіл аударылады, ӛзіне тән клиникалық белгілер мен несепті зерттеу нәтижелері ескеріледі. Ағымы мен болжамы. Аурудың жедел ағымы қиын өтетін несеп бөлуі түрінде білінеді, бұл жануардың өлуіне әкеліп соқтыруы ықтимал. Созылмалы пиелонефрит ұзақ уақытқа созылады.
Болжамы қауіпті.
Е м і . Жедел пиелонефритте аурудың біріншілік себебін жояды, тастарды хирургиялық алып тастау немесе қуықты катерерлеу арқылы несеп жҥйесінің ӛткізгіштігін қалпына келтіреді. Антимикробты терапия тағайындалады: гентамицин сульфатын бҧлшықетіне тәулігіне 2 рет 2...4 мг/кг, 15 мг/кг; рифампицин (рифавет) — ішіне немесе бҧлшықетіне тәулігіне 2 рет 10 мг/кг; цефалексин — ішіне тәулігіне 3 рет 10... 12 мг/кг; 48 цефалоридин — бҧлшықетіне тәулігіне 3 рет 10... 15 мг/кг мӛлшерінде егеді. Өзге дәрілік топтардан қолданылатыны бисептол, налидиксті қышқылдар (неграм, уронег), палин (пипемидин қышқылы), нитроксолин (5-НОК), фуразолидон, фуродонин т.б. Антибиотикотерапияның ҧзақ курсында міндетті тҥрде саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер тағайындалады — нистатин, леварин, трихомицин, гризеофульвин.
П р о ф и л а к т и к а с ы. Инфекциялық және іріңді-септикалық ауруларды болдырмау шаралары жасалады. Акушерлік-гинекологиялық ауруларды уақтылы емдеп отыру керек.
Нефроз.
Нефроз (Nephrosis) — кӛбіне бҥйрек каналшаларының эпителиін зақымдау тҥрінде ӛтетін аурулар тобының атауы; ауру ҥдерісінің негізін дистрофиялық ӛзгерістер қҧрайды. Жануарларда кӛбіне майлы және а м и л о и д т ы нефроз кездеседі. Майлы түрінде бүйрек каналшаларының майлы және ақуыздық дистрофиясы байқалады; амилоидты тҥрінде — бҥйректердің паренхимасында патологиялық фибриллярлық ақуыз - гликопротеидтің (амилоидтың) ӛршу тҧрғысында жинақталуы байқалады.
Э т и о л о г и я с ы. Майлы нефроз себебі пестицидтермен, ӛсімдік текті және минералды улармен уланулар, бҥлінген азықтарды жеу, дәрілік заттарды ҧзақ уақыт бойы қолдану, гломерулонефриттің ҧзақ уақыттық ағымы. Бҥйректер амилоидозының себептеріне өкпе, сҥйектердегі, буындар мен ӛзге органдардағы іріңдеу сипатындағы ҥдерістер жатады.
П а т о г е н е зі . Токсиндердің, кетон денелерінің әсерінен бастапқыда нтерстицидің капиллярлық жҥйесі зақымдалады, сосын иілмелі каналшалар эпителилерінің дистрофиясы байқалады. Бҧл заттектерінің реабсорбциялануының бҧзылуына және несеппен қоса ақуыздың, глюкозаның бӛлінуіне әкеліп соғады. Кӛп мӛлшерде ақуыз жоғалтылуы қан плазмасының коллоидтық-осмостық қысымының ӛзгеруін тудырады да домыбығып сініулер пайда болады. Бҥйректердің амилоидозы кезінде тамырлар қабырғаларында және периваскулярлық дәнекер ҧлпасында амилоидин шӛгуі байқалады, функцияланушы бҥйрек ҧлпасы кішірейеді, бҥйрек тҥйіншектері мыжырая кішірейеді де осы жерге дәнекер ҧлпа ӛсе бастайды.
С и м п т о м д а ры. Айқын гипопротеинемия мен протеинурия. Қан сарысуындағы жалпы ақуыз мӛлшері 30...40 г/л дейін азаяды. Несеп ашық тҥсті, тӛменгі салыстырмалы тығыздықта болады, қҧрамында 2% астам ақуыз, қайта тҥлеген бҥйрек эпителиі, гиалинді және дәнді цилиндрлер болады. Жануарлардың арып, жҥдеуі, қабақтар, кеуде алды (алқымның), аяқтардың, ҧма маңының домбығып ісінуі байқалады. Жҥндері ҧйпаланған, киіз тәрізденген, сынғыш келеді, терісі қҧрғақ, бозғылт. Кілегейлі қабаттары, әсіресе бҥйректер амилоидозында анемиялы.
Д и а г н о зы. Тұрақты, жоғары протеинурия мен гипопротеинемия. Гломерулонефриттен, нефросклероздан дифференцирлей білу керек. Ағымы мен болжамы. Бҥйректер дистрофияларының ағымы созылмалы, болжамы кҥдікті.
Е м і м е н п р о ф и л а к т и к а с ы. Ауру себептерін жояды. Диета ұсталынады: ас тұзын аз береді, ақуызға бай азықтар кӛп енгізіледі. Домбығып ісінулер кезінде несеп айдағыш және жҥрек дәрілері тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |