Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет55/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Ағымы мен болжамы. Ағымы созылмалы. Болжамы күмәнді немесе қолайсыз.
Ем і. Уретраны катетерлеу немесе несеп тастарын операция жасап алып тастау ӛткізіледі. Ми, бүйректер, бауыр т.б. тамақтарын тҧтынуға шектеу қойылады, ал оксалатты тастарда қҧрамында қымыздық қышқылы мол азықтарды аз беру ұсынылған. Несеп жолдарының ӛткізгіштігін бұзбайтын ҧсақ тастар болуында несеп конкременттерінің шығарылуына ықпал ететін заттарды (олиметин, марелин, солимок, уродан, уробесал) миотропты дәрілермен (но-шпа, баралгин) және кӛп су берумен қиылыстыра отырып тағайындайды. Бҥйректер тҥйнелулерін азайту ҥшін ауырсынуды азайтатын және бҧлшықетке баралгин, 0,1% атропин 50 сульфаты ерітіндісін; тері астына - 1...2% омнопон немесе промедол, 0,2% платифиллин гидро-тартрат ерітіндісі тҥріндегі спазмолитикалық дәрілермен қоса жылытқы тағайындалады; ішіне - спазмолитин, папаверин беріледі. Уролитиаздың пиелонефритпен зақымдалуы орын алған жағдайда антимикробты дәрілер беріледі.
П р о ф и л а к т и к а с ы. Біртекті азықтандыру, шамадан кӛп азықтандыру, аталықтарды ерте пішуге жол бермеу керек. Рациондарды В6 витаминімен байытып, қҧрамында оксалаттары кӛп азықтарды бергізбейді. Несептік-жыныстық инфекциялармен кҥрес жасалады.



  1. Уроцистит.

Цистит (Cystitis) – қуықтың кілегейлі қабатының қабынуы. Кӛбіне уретра қабынуымен қиылыса білінеді (цистоуретрит).
Э т и о л о г и я с ы . Уретра мен қуыққа жыныс органдарынан немесе бҥйректерден инфекцияның енуі. Аталықтарда цистит кӛбіне ҧрық алу ережелері бҧзылғанда жиі орын алады; инфекция катетер арқылы енгізілуі ықтимал. Трихомонадалық уретрит те себепші фактор бола алады. Вирустық, хламидиозды немесе кандидозды уретриттерді айырады. Сонымен қатар, суыну да оның дамуына ықпал ететін фактор бола алады.
П а т о г е н е зі . Ықпалдаушы факторлар кезінде микрофлораның әсер етуі қуықтың кілегейлі қабатының (уретраның) қабынуын тудырады, ол катаралды, іріңді, геморрагиялық, гангренозды болуы мҥмкін. Қабыну ӛнімдері қанға сіңе отырып дене температурасының жоғарылауын, лейкоцитоз тудырады.
С и м п т о м д а ры. Жедел циститте (уроциститте) тәбеттің тӛмендеуі, кҥйзеліс, дене температурасының жоғарылауы, негізгі ауру белгілері байқалады. Жоғары температура патологиялық ҥдеріске бҥйректердің шалдыққандығының белгісі саналады. Ӛзіндік белгі ретінде жиі әрі ауырсынып несеп бӛлуді атауға болады. Жануарлар мазасызданады, ыңырсиды. Қуық ауырсынатын кҥйде болады, несеп лайлы консистенцияда болады ірің, кейде тіпті қан аралас болады, рН сілтілі. Трихомонадалық уроциститте кӛбікті бӛлінділер, жеңіл қышынулар білінеді; кандидоздық тҥрінде – уретрадан кӛптеген ашытқылық жасушалар мен лейкоциттер аралас сирек ақшылт тҥсті бӛлінділер шығады
Д и а г н о зы. Ӛзіне тән клиникалық белгілер. Циститті пиелонефрит пен простатиттен айыра білген жӛн. Ағымы мен болжамы. Біріншілік жедел цистит әдетте сауығумен аяқталып жатады. Екіншілік созылмалы циститтің соңы негізгі ауру сипаты мен ауыртпалығына байланысты болады.
Ем і . Жедел циститте (уроциститте) ем диурезді жоғарылатуға, микрофлора дамуын жаншуға, инфекция ошағын жоюға бағытталады. Диурездің кҥшейуіне кӛп мӛлшерде су берілуі мен диуретикалық заттар ықпал етеді – аюқҧлақ шӛбі, дала қышасы, фуросемид т.б. Антимикробтық дәрілерден ішіне нитрофуран препараттары тағайындалады (фурадонин - 4 мг/кг тәулігіне 2...3 рет; фуразолин - 3...5 мг/кг тәулігіне 2...3 рет), сульфаниламидтер (этазол бір қабылдауына 2...5 г; тәулігіне 4...5 рет; сульфадиметоксин 1 рет 25...75 мг/кг дене салмағына, емдеу курсы 5...7 51 тәулік; 5-НОК (нитроксолин); антибиотиктер (левомицетин, олететрин, ампициллин, гентамицин емдік мӛлшерлемеде кҥніне 2... 4 рет т.б.). Антимикробты дәрілерді қабылдау ҧзақтығы әдетте 5...7 тәулік және одан кӛп мерзім қҧрайды. Созылмалы цистит біріншілік қабыну ҥдерістерінің себептерін жою және емдеу аса маңызды шара. Кандидоздық уретрит пен уроциститте ішіне нистатин (10...15 мың ӚБ/кг) кҥніне З рет, 7...10 тәулік бойы қолданылады; леворин (10...15 мың ӚБ/кг) тәулігіне 3 рет. Трихомонадалық уретритті кҥн сайын 5-6 тәулік бойы несеп каналына 1% трихомоноцид ерітіндісін инстилляциялау арқылы емдейді. П р о ф и л а к т и к а с ы. Жануарлардың суынуына, несеп жолдарына инфекция енуіне жол бермеу





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет