Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет46/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78
Аурулар-Ветеринария

П р о ф и л а к т и к а с ы . Инфекциялық, іріңді-септикалық аурулардың алдын алу керек, суынуға, сапасыз азықтар берілуіне жол бермеген жӛн



  1. Пиелонефрит.

Пиелонефрит (Pyelonephritis) – бүйректердің паренхимасы мен бүйрек тҥбегінің бірмезгілде немесе кезеңімен қабынуы.
Э т и о л о г и я с ы. Жыныс органдарынан және ӛзге қабыну ошақтарынан бҥйректерге енген телімді емес микрофлора. Қабынудың тікелей қоздырушылары ретінде ішек таяқшасын, протеин тобы бактерияларын, энтерококк, стафилококк, кӛкшіл іріңді таяқшаларды т.б. атауға болады. Ықпалдаушы факторларға суыну, иммундық қорғаныстың әлсізденуі, зәр шығару жолдарында тастар болуы жатады. Нефрит асқынулары ретінде білінуі ықтимал.
П а т о г е н е зі. Бҥйректерге инфекция жоғары бағытталынатын гематогенді сирегірек лимфогендік жолдармен тҥседі. Қабыну дамиды. Қанға микробтардың ӛмір сҥруі мен ҧлпалардың ыдырауы салдарынан жиналатын ӛнімдер тҥседі. Қызба мен токсикоз дамиды. Несепте лейкоциттер мен микробтық денелер болуы ықтимал.
С и м п т о м д а ры. Біріншілік іріңді пиелонефритке мына үштік белгілер (триада) тән: дененің жоғары температурасы; бүйректер маңын пальпациялау кезіндегі ауырсыну; қабыну ҥдерістеріне тән несептік өзгерістер (лейкоцитурия, бактериурия). Кҥйзеліс пен дене температурасының 39...41°С дейін жоғарылауын, ауырсыну синдромын, қаталап шөлдеу, құсынып, лоқсу, тахикардия белгілері байқалады. Пиелонефриттің басты себептерінің бірі бҥйректерде немесе несеп жолдарында тастардың болуы екендігіне орай оның симптоматикасы белгі беруі алдында бүйректік түйнелу белгілері байқалады. Зәр бастапқыда қан аралас қызыл тҥске боялған, лайлы реңді болады, онда көп мөлшерде ақуыз, лейкоциттер анықталады. Кейіннен ол сарғыш-қызыл реңденіп, іріңді тҥйіршектер аралас кҥйде болады, аммиак иістенеді, рН 8 және одан жоғары шамаға жетеді. Созылмалы пиелонефритте ауру симптомдары аз білінеді де асқыну кезеңдерінде байқалады (лейкоцитурия, бактериурия).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет