Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері


Постгеморрагиялық анемия кезінде алдын-алу ерекшеліктері



бет71/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Постгеморрагиялық анемия кезінде алдын-алу ерекшеліктері. Малды жарақаттанудан сақтап, жедел және ұзақ қан ағып ауырған малды уақытында анықтап, тиісті емін дер кезінде қолдану керек. 

  1. Гемолитикалық анемия.



Гемолиздік анемия (Anaemia haemolitica) - деп эритроцит- тердің түзілуінен оның бұзылуы артық болатын аурулар тобын айтады. Гемолиздік анемия пайда болу себебіне қарай туа біткен және жүре пайда болатын болып екіге бөлінеді. Генетикалық ақауы бар, сапасы төмен тұрақсыз, көп тіршілік ете алмайтын эритроциттер тұқым қуалайтын анемия туғызады. Әртүрлі себеп- тердің (гемолиздік удың, эритроцитке қарсы антиденелер, параз- ит, індет ауруларының қоздырғыштарының және т.б.) әсерінен эритроциттердің құрылымының бұзылуы жүре пайда болған ге- молиздік анемияны тудырады. Мұндай анемиялар жануарлардың барлық түрлерінде кездеседі. Қан аздықтан, қанда бауырдан өтпеген билирубин көбей- еді, бұл гемолиздік сарғаюдың белгілері, ал дерттің ауырлаған жағдайында гемоглобинурия байқалады. Гемолиздік анемияның жүре пайда болған түрі жіті, ал аутоиммундық түрі баяу өтеді.
Себептері. Гемолиздік анемияның генетикалық түрі эри- троцит мембранасындағы липопротеид құрылысының өзгеруі-нен глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа, глютатионредуктаза, пиру- ваткиназа фермент-терінің белсенділігі бұзылуына, гемоглобин түзілуі мен құрылысының өзгеріп, тұқым қуалайтын S гемогло- бині, гемоглобин А2 мен ұрық гемоглобині F-тің пайда болуына байланысты. Жүре пайда болатын гемолиздік анемия гемолиздік улардан уланғанда сынап, қорғасын, мышьяк препараттары, хлороформ, органикалық қышқылдар, кейбір өсімдіктер, жылан уларынан уланудан, көптеген індетті, қан паразитарлы ауруларымен ауы- рғанда, сульфаниламид препараттарымен, нитрофурандармен, кейбір антибиотиктермен емдегенде және т.б. себептерден пайда болады.
Симптомдары. Гемолиздік анемияның жіті түрінің бел- гілері негізінен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа гипоксия мен қан айналысының бұзылуына байланысты жалпы симптомдар жатады. Оларға кілегейлі қабаттары мен терінің пигменті жоқ жерлердің бозаруы, тахикардия, ентігу, шаршау, сылбырлық, де- ненің қызуының жоғарлауы, азыққа тәбетінің болмауы, ас қоры- тудың бұзыылуы т.б. жатады. Екінші топтағы гемолиздік анемияға тән белгілері: кіле- гейлі қабаттардың бозаруы, сарғыш тартуы, ал эритроциттердің жаппай гемолизі кезінде-гемоглобинурия болады. Ауру малдың қанында гемоглобинге қарағанда эритроцит- тер көбірек азаяды, полихроматофильдер, ретикулоциттер, түй- іршікті эритроциттердің резистенттігі төмендеп гемолизденеді, анизоцитоз бен пойкилоцитоз пайда болады, эритроциттердің шөгу жылдамдығы (ЭШЖ) мен лейкоциттердің саны көбейеді.
Балау. Гемолиздік анемияның диагнозы анамнезге, клиника- лық тән белгілерге (анемия, сарғаю, гемоглобинурия) және зерт- ханалық зерттеулердің нәтижесінде (эритроциттердің өте көп, гемоглобиннің шамалы азаюы, сарысуда тура тікелей емес би- лирубиннің пайда болуы). Аутоиммундық гемолиздік анемияда, жоғарғыда көрсетілген белгілермен қатар, эритроциттердегі бос және бекітілген антиденелерді анықтау үшін реакция қойылады.
Емі. Емдеу аурудың себептерін жоюға, гипоксия мен ула- нуды болдырмауға, эритропоэзді күшейтуге бағытталады. Егер анемия уланудан болса, онда шұғыл түрде ас қазанды жуып, ішті жүргізетін дәрілер беріледі, қан ағызылады, изотоникалық ерітін- ділер, плазма мен қан сарысуы және бір топтағы ұйымайтын (ста- бильді) қан құйылады. Ауру малды желдетілетін бөлмеде ұстап, күнде рацион жа- сау керек. Рационда протеині, дәрумені және темірі көп азықтар беріледі. Улану әсерін жою үшін көк тамырға хлорлы кальций, нат- рийдің гипертоникалықерітіндісін, глюкозаға аскорбин қышқылы қосылған ерітінді енгізеді. Осыдан кейінгі ем эритропоэзді жақ- сартуға, қанды гемоглобинмен толықтырылған эритроциттермен қамтамасыз етуге бағытталады. Осы мақсатпен темір, кобальт, мыс, аскорбин қышқылы В , дәрумені, гемостимулин, фитин т.б. препараттар қолданылады. Туғаннан кейінгі гемоглобинурияда қосымша фосфор препараттары, темір глицерофосфаты, фосфен, диаммоний фосфаты т.б. беріледі. Аутоиммундық гемолиздік анемияны емдеуге глюкокор- тикоид гормондарын пайдаланады. Гормон препараттарын қол- данған кезде оның мөлшері мен пайдалану уақытына назар аудару қажет. Көбінде тәулігіне пренизалонның 1 кг тірі- дей салмақ мөлшерін, не сол шамада басқа глюкокортикоидтарды (кортизон, гидрокортизон, преднизол) қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет