Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет69/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Анемия.

Анемия (Anaemia) - (қан аздық) - қанның көлемдік бірлігін- де эритроциттердің саны азайып, сапасы өзгеріп және гемоглобин құрамының төмендеуін көрсететін патологиялық жағдай. Анемия кезінде қанның тыныстану қызметі бұзылғандықтан ұлпаларда оттегі жетіспейді. Оттегінің жетіспеуі тыныстану процесінің рефлекторлы түрде күшеюіне, жүрек соғуына, қан жүруінің жылдамдауына, деподағы қанның шығуына, сыртқы қантамырларының тарылуына, капиллярларлар мен эритроциттер қабықшалары газдың өтуін жоғарлатуына ықпалын тигізеді. Осы процестермен қатар эритропоэз де күшейеді.
Анемияны туғызатын себептердің көптігіне қарамастан оның патогенезінде негізінен екі процесс басты орын алады: 1. Сүйек кемігіндегі эритроцит өсіндісінің регенеративтік 2. Сүйек кемігінің қан түзу процесінің бұзылуынан эритроцит- тердің жеткіліксіз пайда болуы.
Сүйек кемігінің қан түзуіне қарай анемияны үш типке беледі: регенераторлық, гипорегенераторлық және арегенераторлық
Этиопатогенетикалық негізге сүйеніп анемияны мына топтарга бөлуге болады:

  • постгеморрагиялық-қансыраудан кейінгі анемия;

  • гемолиздік эритроциттер құрылымының күрт бұзылуынан

болған анемия;

  • гипо-және апластикалық анемия-қан түзілуінің бұзылуына байланысты болған анемия;

  • алиментарлық-темір мен витаминдердің (В12,фолий қышқылы) жетіспеуінен болған анемия. Мұндай анемиялар көбінесе төлдерде жиі кездеседі.




  1. Гемофилия.

Гемофилия (Haemophilio) геморрагиялық диатездердің классикалык түріне жататын, қан ағу мен қанталауға бейім тұқым куалайтын ауру. Үй жануарларының іішінде бұл ауру иттерде, шошқаларда және жылқыда кездеседі.


Себептері. Қанды ұйыту жүйесінің еркек жануарларда бол- мауына, олардың рецесивті түрде таралып, тұқым қуалауынан. Ауру еркек және патологиялық хромосомды сақтаушы ұрғашы жануарлардын шағылысуынан туған төл гемофилиямен ауырады.
Симптомдары. Гемофилияның негізгі белгілеріне-жаракат- тану, тесілу, кесілу, жаншылу кездерінде қан ұйымай тиімсіз агуы байқалады. Кейбір жеңіл жарақаттан кейін де тері астына, бұл- шық ет, буын және басқа да мүшелер мен ұлпаларда қанталаулар пайда болады. Қанталаған аумақ пен гематоманың көлемі көбінде едәуір болады. Ауру малдың бүйрек, танау, өкпе, асқазан, ішектен қан ағады. Мұндай жағдай жас малда басым болады.
Ауру малда қанының ұюы өте төмендейді, тіпті бірнеше сағаттан кейін де тоқтамайды. Ал, сау ірі қара малдың қаны 10 минет, жылқы-20, шошқа-10 және ит-5 минут ішінде ұйиды, Қан- ның жиі және ұзақ ағуының салдарынан созылмалы постгеморрагиялык, гипохромдық анемия пайда болады. Лейкоциттер менэритроциттер саны жөнді өзгермейді. Аурудың барысы баяу, акыры екіталай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет