Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері


Гипопластикалық және апластикалық анемия



бет67/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Гипопластикалық және апластикалық анемия.

Гипопластикалық және апластикалық анемиялар (Ana- emia hypoplastica et aplastica) - деп барлық қан түзу түбірлерінің әсіресе эритропоэз қызметінің жетіспеуінен пайда болған аурулар тобын айтады. Апластикалық анемияда сүйек кемігінің қан түзу кызметінің әлсіреуінен, тек кана эритропоэз ғана өзгеріп коймай, лейко- және тромбопоэздерде бұзылады. Сөйтіп анемия мен қатар лейкопения тромбопения да байқалады. Мұндай анемиялар ауылшаруашылық малының барлығында да кездеседі.


Себептері. Гипопластикалық, гипорегенераторлық анеми- ялар мал организмінде және оның рационында протеин, темір, кобальт, мыс, В12, С дәрумендері, фолий қышқылы жетіспегенде пайда болады. Олар биологиялық белсенді заттардың гастроэнте- рит, гепатит ауруларының әсерінен сінбеуі биологиялық белсен- ді заттардың қолданылуы бұзылғандықтан және сол аурулардың асқынуынан болады. Сондықтан мұндай ауруларды алиментарлы(азықтық) дефицитті анемияға да жатқызады.
Дамуы. Алиментарлық факторлардың жетіспеуі негізінен эритроидты түбіршіктердің тежелуі, ал йондалған радиацияның, тұрақты улардың әсерінен миелоидты, эритроидты және тромбоцитарлы қан түзу түбіршіктерінде тежеледі.
Балау. Ауруды анықтауда анамнезге, ауруға тән клиника- лык-морфологиялық белгілерге және қан мен сүйек кемігі көр- сеткіштерінің мәліметтеріне сүйеніп қояды. Қанда гипо-немесе нормофромды анемия, ретикулоцитопения, тромбоцитопения, лейкопения байқалады. Негізінен лейкопения нейтрофильдер мен эзонофильдердің азаюынан болады. Сүйек кемігінен алынған затта эритроидтык, миелоидтык, тромбоцитарлық элементтер аз болып, лимфоидтық және плазматикалық жасушалар саны көбей- еді.
Емі. Ең алдымен аурудың себебі жойылады. Ауру малды ке- ректі азыкпен қамтамасыз етіп, дұрыс бағады. Рационында жет- кілікті мөлшерде ауыстырылмайтын амин қышқылдары, дәру- мендер, макро және микро элементтер болу керек.
Қан түзуді жетелдету үшін темір препараттары (темір гли- церофосфаты, лактаты, сульфаты, карбонаты (10 мг/кг), күкірт қышқылды мыс 0,4-0,6 мл/кг, хлорлы кобальт 0,04-0,08 мг/кг күн- де азыкка косып, 2-3 жеті бойы беріледі, содан кейін үзіліс жасап, керек болса емдеу курсын қайталайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет