Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері


Жылқылардағы шаншу құбылыстарымен сипатталатын асқазан мен ішек ауруларының жіктелуі



бет37/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Жылқылардағы шаншу құбылыстарымен сипатталатын асқазан мен ішек ауруларының жіктелуі.

Шаншу, colicae (грек. kolike - ішек ауруы) – мазасыздықпен, мәжбүрлі жағдайлармен, позалармен (ауырсынуға реакция) байқалынатын, негізінен ас қорыту жолы ауруларындағы симптомдық кешен.Шаншу жылқыларда жиі, ал ірі қара малда сирек кездеседі.
Шаншу этиологиясы мен локализациясы әртүрлі көптеген ауруларда байқалады. Асқазан мен ішек ауруларында пайда болатын шынайы және бауырдағы, бүйректегі, қуықтағы және кейбір жұқпалы аурулардағы патологиялық процестерде пайда болатын жалған шаншу түрлерін ажыратамыз.
Шаншудың бірнеше классификациясы бар. Ветеринарлық тәжірибеде жиі қолданылатын қарапайым классификацияға сәйкес, Г.В.Домрачев бойынша шаншуды асқазандық және ішектік деп екі топқа бөледі.
Асқазандық шаншулар тобына асқазанның жіті және созылмалы кеңеюінде дамитын шаншулар жатады.
Ішектік шаншулар тобы перитонит құбылыстары жоқ (метеоризм, химостаздар, копростаздар, конкременттермен бітелу) және перитонит құбылыстары бар (ішектердің странгуляциямен немесе тромбоэмболиямен механикалық бітелуі)болып екіге ажыратылады.
Шаншудың негізгі белгілері:

  • жануардың мазасыздығы;

  • асқазанға жиі қарау;

  • құйрығын желпу;

  • бір аяқтан екінші аяққа ауысу;

  • артқы аяғымен асқазанды соққылау;

  • жерге құлап,аунау;

  • жануарлар көбінесе табиғи емес позицияларды қабылдайды: отыратын

иттің позасы, маятник тәрізді тербеліс, "бақылаушы позициясы";

  • жануар тамақ пен су қабылдаудан бас тартады;

  • Дефекация актісіндегі өзгерістер (диарея, іш қату, әрекеттің толық

тоқтатылуы, нәжістің қасиеттерінің өзгеруі) байқалады.
Емі аурудың түріне байланысты және асқазан-ішек жолындағы газдар мен азық қалдықтарын сыртқа шығаруға негізделген. Ол үшін әр түрлі өсімдік және минералды майлар, шырышты қайнатпалар беріледі.Ауырсынуды басу үшін анальгетиктер қолданылады: хлоралгидрат, натрий бромиді, новокаин, антихолинолитикалық заттар – атропин және платифиллин. Организмнің интоксикациясын және қышқыл-сілтілік тепетеңдікті қалпына келтіру мақсатында натрий гидрокарбонатының, инсулиннің, глюкозаның 2% ерітіндісін, натрий хлоридінің гипертониялықерітіндісін енгізу көрсетілген. Жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін реттеуүшін камфора, кофеин тағайындалады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет