Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет43/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Зəр бөлу мүшелері (органы мочеотделения) — organa urinaria — екі
бөлімнен: зəр бөлу мүшесінен жəне несеп шығару жолдарынан тұрады. Зəр бөлу мүшесіне бүйрек (паренхималы мүше), ал несеп өткізу мүшелеріне несепағар, қуық жəне несепшығар өзек (түтікше мүшелер) жатады.


Несеп шығару жүйесі ауруларының жіктелуі клиника- лық-анатомиялық заңдылықтарға негізделген (бүйректер ауру- лары, бүйректер астаушаларының, несеп жолдары түтікшесінің, қуықтың және уретраның аурулары). Бүйректер ауруларын организмнің жалпы реактивтілігін ескере отырып үш негізгі топқа бөледі: - диффузды гломерулонефрит инфекциялық немесе токси- калық- аллергиялық аурулар; - бүйректердің организм реактивтілігінің айқын өзгеріссіз өтетін токсикалық және инфекциялық зақымдалуы (нефронекоз- дар, эмболиялық және геморрагиялық нефриттер), бүйректердің зат алмасулары процестері бұзылмай дамитын дистрофиялық ау- рулары; - бүйректердің қызметтері бұзылуынан организмде су, элек- тролит және ақуыз алмасулары өзгереді. 



  1. Бүйректің негізі функциялары.

Бүйректі тек несеп жасап шығарушы орган деп түсіну жеткіліксіз. Оның осыған тығыз байланысты, гомеостазға қатысты, көптеген қызметтерін атауға болады. Мәселен, ол:
1. организмдегі қан мен ішкі ортаның басқа да сүйықтарының көлемін, олай болса, бұлардың негізгі бөлігі болып табылатын судың балансын реттеп отырады; өйткені, судың денеде сақталуы, болмаса сыртқа шығарылуы көп жағдайда несеп мөлшеріне байланысты.
2. Ішкі сұйық ортаның иондық құрамын, бүкіл организмдегі иондық балансты сақтауға қатысады;
3. Ішкі орта сұйықтарының осмостық қысымының тұрақты болуына көмектеседі Өйткені, олардағы осмобелсенді заттардың /түздардың, мочевинаның, глюкозаның т.б./ сыртқа шығарылуын өзгертеді.
4. Қышқылдық-сілтілік балансқа көмектеседі. Бұл үшін сыртқа шығарылуға тиісті сутегі иондарын, сілтілі қосылыстарды т.б. өзгертеді;
5. Азот алмасуының ақырғы өнімдерін және бөгде заттарды сыртқа шығаруға қатысады;
6. Тамақпен түскен артық органикалық заттар мен денедегі метаболизм барысында түзілетін /глюкоза, амин қышқылдары т.б./ артық өнімдерді сыртқа шығарады,
7. Белоктар, липидтер, көмірсулар метаболизміне қатысады;
8. Артериялық қысым реттелуіне әсер стеді;
9. Эритропоэтин жасап шығару арқылы эритропоэзге қатысады:
10. Қан үюын реттейтін факторларды жасайды /урокиназа, тромбопластин, тромбоксан, простациклин, гепарин, т.б
11. Ферменттер мен басқа да біраз физиологиялық заттар синтездеп және секрециялайды /ренин, брадикинин, витамин Д





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет