Бүйрек ауруларын диагностикалауда зәрді зерттеудің маңызы қандай?
Зәрді зерттеу көмірсулар алмасуының бұзылуына, зәр шығару жолдарының, бүйректің, бауырдың, қышқыл-негіз күйінің бұзылуына және басқа да бірқатар себептерге негізделген көптеген патологиялық жағдайлар мен ауруларды диагностикалаудың жылдам, қарапайым, арзан және сенімді құралы болып табылады.
Несеп сынамалары жануарлар калыпты несеп шығаруында немесе куыкқа түтік енгізу арқылы алынады, содан сон 1,5 сағат ішінде зерттелуге тиісті. Консервіленген несеп химиялық зерттеулерге келмейді.
Несептің физикалық қасиеттерін анықтау кездерінде өте манызды келеді келесі көрсеткіштерді аныктауы: несепті тәулікті мөлшерін: (полиурия, олигурия, анурия) түсін, коюлығын, иісін және салыстырмалы тығыздығын талдау.
Несептін химиялық зерттеуінде диагностикалық манызды келеді рН. акзаттар. альбумозалар, канттар, кетон заттарды, кан бояуларын, индикан, өт бояулар, өт кышкылдар мөлшерін айкындау.
Несеп тұнбасын зерттеу кезінде диагностикалық манызды келеді: шоғырланған тұнба элементтері(эритроциттер, лейкоциттер, гиалинді, балауыз тәрізді. эпителиалды, гемоглобинді, лейкоцитарлы, майлы, түйіршікті, цилиндр тәрізді заттар) және шоғырланбаған тұнба элементтері (минералды заттар және алмасу өнімдері) Бұдан баска несепке бактериялар, санырауқұлақтар және баска ауру коздырғыштары енгенін анықтауға келеді.
Нефрит.
Нефрит – бүйректің стромасының (интерстициальды) қабынуын атайды. Үрдістің тарауына қарай түйықталған және жайылған болып бөледі.
Себептері. Бүйрек ұлпасының токсикоинфекциядан қабынуы. Жиі түрде іріңді септикалық, инфекциялық және инвазиялық аурулар шақырады.
Белгілері. Тұйықталған нефритті зәрді тексеру уақытында (протенурия, гематурия) анықтайды. Бұл жағдайда тәуліктік зәрдің мөлшері өзгермейді. Жайылған нефритте протенурия, гематурия (нәжісі қызарады) байқалады. Зәр мөлшері мүлдем азаяды. Зәр қоюланады, тұнба түседі. Малдың аяқ, желін, ені, кеудесі ісінеді. Қан қысымы жоғарылайды, аортада екінші дыбыс жоғарылайды. Нефрит ауыр түрде өткенде уремия байқалып, мал азықтан бас тартуымен, шөлдеуімен, ауыз кебуімен, құсумен (ит және шошқада), іш өтуімен күйзелу және дене дірілімен сипатталады.
Анықтау. Негізінен зәрді тексеру арқылы заттар (ақуыз, қан, эпителий бөлшектері) табылса, диагноз расталады.
Емі. Қан тамырына 40% глюкозаны 300-500 мл мөлшерде егеді. Уротропин (5–15 г – ірі малға, 1–1,5 г – ұсақ малға), Мосин әдісі бойынша новокаин блокадасы, ал диурезді күшейту үшін темисал, калий ацетатын, нитратын, диакарб енгізу қажет. Уремия жағдайында қан жіберу, қан тамырына магний сульфатын, хлоралгидрат қолданылады.
Сақтандыру шаралары. Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |