Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет42/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Майлы гепатоз.

Майлы гепатоз – гепатоцидтерде үш глицеридтердің жиналып, бауыр функциясының бұзылуымен сипатталады. Ауру жіті майлы гепатоз және созылмалы 2 түрде өтеді.
Себептері. Ауру негізінен малға құнарсыз, бұлінген азық бергенде байқалады. Бауыр дистрофиясын люпин, картоп соланині, госсипол улы заттары шақырады. Сонымен қатар азықта селенің жетіспеушілігі де осы ауруға әкеліп соғады және кетоз, қант диабетінде, кахексия (көтерем болу) ауруларында байқалады.
Белгілері. Жіті майлы гепатоз жылдам өршіп, интоксикация және сары ауру түрінде байқалады. Сиырларда әдетте бұзаулар кезде немесе бұзаулағаннан кейін оң күн соң болады. Мал азықтан бас тартады, орнынан тұра алмайды, жүрек соғуы баяулайды, тынысы жиілейді, қарын атониясы байқалады.
Қойларда он апта бұрын төлдер алдында болады. Қой азықтан қалады, көзі шатынап, айналып жүреді, құлайды, кейіннен кома жағдайына енеді. Дене қызуы субнормальды, қызба өте сирек болады.
Торайларда анорексия, әлсіздену, құсу, ішөту, кейде діріл, өте сирек теріде бөрітпе байқалады. Мал шығыны 10% тенеді.
Гепатоздың созылмалы ағымы анық байқалмайды, мал күйзеледі, әлсізденеді, іш өтеді. Бауры аздап ұлғаяды. Кілегей қабықтары сәл сарғыш тартады, немесе мүлдем болмайды.
Анықтау. Клиникалық, лабараторлық, патоморфологиялық деректерге және азықты сараптау нәтижесіне сүйене отырып қойылады.
Жіті майлы гепатозды жіті гепатиттен ажырату қажет. Жіті гепатите талағы ұлғаяды.
Емі. Негізінен липотропты, витаминді, өт қышқылын бөлетін препараттар қолданылады. Холин хлориді мен метиониннің липотроптың әсері метил топтарын жұмсай отыра майлы инфильтрация мен бауыр дистрофиясын болмауға бағытталады. Метионин (per os) ірі қара малға, жылқыға 4–10 г, қойға 1–2 г, липое қышқылы және липомид 0,1–0,15 мг/кг 30 күндей беріледі. Витамин дәрілері гепатиттегі сияқты қолданылады.

  1. Несеп шығару жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Жіктелуі.

Қызметіне қарай зəр бөлу мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі несеп бөлу мүшелері (organa uropoetica) жəне несеп шығару жолдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет