Холецистит және холангит.
Холецистит (Cholecystitis) - өт қабының қабынуы, холангит (Cholanqitis) - өт жолдарының (өзегінің) қабынуы. Бұл аурулар көбінесе бір мезгілде дамиды. Бірде басымырақ қуық зақымданса, бірде басымырақ өт жолдары зақымданады.
Себептері. Негізгі себебі - бактерия және вирустармен зақымдануы. Витаминдер мен белоктар тапшылығынан және азықпен, сумен бірге күшті әсер етуші заттар келіп түскендіктен бауырдың ретикулогистиоцитарлы ұлпасының төзімділігі төмендеуімен қосарланып жүреді.
Дамуы. Өт жолдары мен өт қабына микрофлора ішектерден, сирек бауырдан, қанмен, лимфадан өтеді. Холециститте және холангитте холестаз дамиды - өт тұрығады, оның химиялық құрамы өзгереді. Өт жолдары мен өт қабының қабырғасында катаральді, іріңді және аралас қабыну процестері пайда болады. Холецистит пен холангит көбінесе өтке тас байлану ауруымен қосарланып жүреді.
Симптомдары. Азыққа зауқы төмендейді, азық қорыту бұзылады, іш өтеді, артынан іш тоқтайды. Бауырды пальпа- циялағанда ауырсынады. Таяқша ядролы жағына ығысқаннейтрофильді лейкоцитоз, ЭШЖ көбейеді. Іріңді холециститте және холангитте субфибрильді лихорадка (қызба) болады.
Балау. Малды ұзақ мерзім бақылауға, клиникалық зерт- теулерге, қанның анализіне байланысты диагноз қояды. Холе- цистипен холангитті өтке тас байлану ауруынан, гепатиттен, гепатоздан дербестеу керек. Емі. Кең ауқымды антибиотиктерді тағайындайды: оксацил- лин, ампициллин, олететрин, тетраолеан. Өттің жүруін жақсарту үшін, өт айдайтын дәрілерді береді: оксафенамид, аллахол, дегид- рохолий қышқылын, холензимді, шай шөп (салау бас) гүлінің тұнбасын (10:25), жүгері шашағының тұнбасын (10:200) т.б. Оксафенамидті ішке береді, күніне 2 рет. Мөлшері: ірі қара малға - 0,6-5 г, шошқаға - 0,25-1,5 г, қойға - 0,1-0,7 г, итке - 0,12- 0,25 г. Дегидрохлорий қышқылын ішке: жылқы мен ірі қара малға - 3 -6 г, шошқаға - 1- 3 г, итке - 0,1- 0,5 г күніне 2-3 рет. Дехолинді ішке тәулігіне 2 - 3 рет береді. Мөлшері: ірі қара малға және жылқыға - 2-5 г, итке - 0,25 - 1 г. Ішке аллахолдың мөлшері: бұзауларға - 1-2 таблетка, итке - 1 таблетка, тәулігіне 3 мезгіл. Өте күшті өт түзетін және өт айдату үшін ет, сәбіз бен қызылша нәрін, өсімдік майларын (жүгері, күнбағыс, зығыр) береді. Өт жолдары мен өт қабының түйілуін жазу үшін атропин сульфатын, ношпа және де басқа түйілуді жазатын (спазмо- литиктер) қолданады.
Сақтандыру. Азықтандыру мен серуендеуді қалыптастыру. Негізгі ауруды мезгілінде емдеу. Сапасыз азықтармен азықтан- дырмау.
Достарыңызбен бөлісу: |