Диагностикасы. Қанда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылау, анемия, СРБ пайда болады.
Дерматомиозит – қаңқалық және тегіс салалы бұлшықеттің, терінің жүйелі қабыну ауруы.
Клиникасы. Өте сирек кездесетін ауру.Ауру біртіндеп баяу басталады. Басында: беттің гиперемиясы мен ісінуі, дененің ашық күн саулесі тиген аймақтарының эритемасы, миалгия, бұлшықет әлсіздігі, артралгиялар, дене қызуының көтерілуі т.б. Кейін аяқ-қолдың, мойын бұлшықеттердің әлі кетеді. Бұлшықет диффузды зақымданып науқас қозғалуға әлі келмейді, тамақты, сілекейді жұта алмай аспирациялық пневмония жиі болады. Сонымен қатар ішкі ағзалар зақымданады.
Түйінді периартериит – сегментті түрде ұсақ және орта калибрлі артерияларды басым зақымдайтын некроздаушы васкулит.
Клиникасы. Аурудың көрінісі сан түрлі болуынан, ол ішкі аурулардың «хамелеоны» деп аталған. Ауру жедел түрде жоғары қызбадан, бұлшықеттердің ауырсынуынан, полиартралгиядан, тершендіктен, тері бетіне әртүрлі бөртпелердің түсуінен басталады. Кейін әлсіздік, арықтау, терінің ерекше шубарланып, бөртпеленіп, ойылып зақымдануы. Бұлшықеттерінің әлсіздігі, атрофиясы, қатты ауырсынуы, буындардың деформациясы, стенокардия, миокард инфарктісі, бүректің, нерв, эндокринді жүйесінің зақымдануы. Ауру тез өрістеп, 5-12 айда өліммен аяқталады.
Емі. Коллагеноздардың негізгі емі – глюкокортикоидтер, цитостатиктер, аминохинолинолин, стероидтық қабынуға қарсы дәрмектер, плазмоферез жасау.
Болжамы. Ішкі ағзалардың зақымдануының өмір үшін болжамы нашар. Өлімнің негізгі себептері: бүйректің, жүректің созылмалы шамасыздығы, перитонит, ми бұзылыстары т.б.
Подагра.
Подагра – қан құрамында зәр қышқылының көбеюінен оның натрийлік тұзының (уратардың) ұлпаларда жиналуынан дамитын созылмалы ауруы. Көбіне ер адамдар ауырады.
Этиологиясы. Даму тегіне қарай біріншілік жіне екіншілік түрлерін айырады.
Біріншілік подагра ген кемістегінен дамиды. Екіншілік подагра гиперурикемияға (ураттардың көбеюіне) алып келетін басқа бір аурулардың асқынуы болып табылады, мысалы бүйрек шамасыздығы, гемобластоздар т.б.
Клиникасы. Ауру семіздікпен, артериялық гипертензиямен жиі қабаттасады. Басты белгісі – полиартриттен басталады. Ауру «подагралық криз» аталатын жедел артриттің кенет ұстамаларымен өтеді. Әдетте, ұстаманың дамуына алкогольді ішімдік, тамақты тоя ішу, жарақат, сорығу (моншада), суықтау, диуретиктерді қабылдау түрткі болады.
Алғашқы ұстамаларда көбіне бас бақайдың буыны зақымданады, бірақ өзге буындарда зақымдануы мүмкін. Ерекшелігі – таң ата «әтештер шақыруымен» буынның кенет ұстамалы ауруы. Қабынған буын ісініп, беті өте қызарып, қатты батып ауырады, 7-10 кұнге созылып басылады. 5-6 жыл өткен соң , ураттардың жинақталуынан буындар бұзыла бастайды, деформацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |