Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет75/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105
Terapia

Зерттеу. Объективті көрінісінде терінің құрғақтығы, түлегіштігі байқалады. Ісіну синдромы тән емес, тек көздің қабақтары сәл ісінуі мүмкін. Болар- болмас ісіну бүйрек шамасыздығы дамығанда, олигоурияға түскен кезде болуы ықтимал.
Қосымша зерттеулердің нәтижелері:
Қанның жалпы анализі. Өршу кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлайды.
Несептің анализіндегі өзгерістер: микропротеиноурия, гипостенурия, лейкоцитурия, микрогематурия, бактериурия.
Экскрециялық урография. Процесс жаңа басталған кезде зақымданған бүйректен контрасттық зат кешігіп бөлінеді, кейбір тостағаншалардың түйілуі байқалады.
Ультрадыбыстық зерттеуде: түбектің, тостағаншалардың деформациясы, бүйрек паренхимасының ошақты тығыздалуы, кейде тастар болуы айқын анықталады.
Емі. Жедел пиелонефриттің емі және өршу кезі ауруханада жүргізіледі, төсек тәртібі сақталады.
Диетотерапия. Белокқа бай тағамдар,өткір тағамдармен дәмдегіш заттардан бас тарту, артериялық гипертензия болмаса ас тұзын шектемейді, тәулігіне 12-15 г, сусынды тәулігіне 2-2,5 л ішкізеді, бірақ артерильді гипертензияда, несеп жолдарының обструкциясында сусынды көп ішкізу болмайды.
Пиелонефритті емдегенде біріншіден аурудың себебін жою керек, инфекция болса антибиотикотерапия , тас болса оны алып тастайды.
Созылмалы пиелонефритте емі екі сатыдан тұрады - өршуді басу және рецидивке қарсы ем.
Антибактериялық дәрмектерге микрофлораның тез бейімделуінен антибиотиктерді әр 7-10 күнде ауыстыру керек.
Пиелонефриттің қоздырғышына әсер ететін а/б- уроантисептиктер:
Ішек таяқшасына: левомицетин, ампициллин, цефалосприндер, карбенициллин , тетрациклиндер, нитрофурандар.
Энтеробактерге: левомицетин,нитрофурандар, хинолондар, тетрациклиндер, цефалоспориндер.
Алтын сары стафилокока: оксациллин, метициллин, цефалоспориндер.
Физиотерапиялық шаралар:
Бел аймағын қыздыру ( балшық парафин, озокерит аппликациялары)
Электрофорез көмегімен бүйректің тұсынан уросептиктерді еңгізу.
Симптомдық ем:
Артериялық гипертензия болса, әдеттегі гипотензиялық емді қолдану.
Алдын алу. Біріншілік алдын алуда бала кезінен жеке басты гигиенаны сақтауды үйрету, салқын тидірмеу, әсіресе аяқтан, созылмалы инфекция ошақтарын дер кезінде емдеу, несеп тас ауруы болса онда тасты хирургиялық жолмен алып тастау.
Екіншілік алдын алуда рецидивке қарсы ем жүргізіп отырып, өршудің алдын алып отыру.
Созылмалы пиелонефритпен науқастар өмір бойы диспансерлік бақылауға алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет