Механизмнің құрылымдық талдауы
Механизмге құрылымдық талдау жүргізген кезде қозғалатын және қозғалмайтын звенолар санын, кинематикалық жұптар класын және еркіндік дәреже санын анықтаймыз. Механизмді Ассур топтарына жіктеп, қандай класқа және қандай түрге жататындығын қорытындылауымыз қажет. Маған сүргілеу білдегінің механизмі берілді (сурет 1).
Сурет 1. Рычагты механизм.
Бұл механизм келесі звенолардан тұрады:
0 – тірек;
1 – айналшақ;
2 – бұлғақ;
3 – кулиса;
4 – кулиса тасы;
5 – тиек;
Яғни, бұл механизм тіректен және бес қозғалмалы звенодан тұрады.
Енді, механизмнің қандай кинематикалық жұптардан тұратындығын анықтаймыз.
А (0,1) – V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
В (1,2) – V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
С (2,3) – V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
D (3,0) – V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
E (3,4) – V класты, ілгерілемілі, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
E` (4,5) – V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
F (5,0) – V класты, ілгерілемелі, жазық, төменгі кинематикалық жұп.
Берілген рычагты механизм тек қана V класты жазық, төменгі кинематикалық жұптардан тұратын болғандықтан жазық механизм болып табылады.
Жазық механизмнің еркіндік дәреже саны Чебышев формуласымен анықталады :
(1.1)
мұндағы, n-қозғалмалы звенолар саны;
p5, p4- сәйкесінше V, IV класты кинематикалық жұптар саны.
Яғни, берілген механизм бірқозғалмалы болып табылады.
Механизмді құрылымдық топтарға жіктейміз (сурет 2 - а,ә,б) :
а) I класты механизм; ә) II класты 1 түрлі Ассур тобы; б) II класты 3 түрлі Ассур тобы
Сурет 2. Жетекші звено 1 болғандағы механизмнің құрылымдық топтары.
Механизмнің құрылымдық формуласы:
(1.2)
Механизмнің класы құрамындағы Ассур топтарының ең үлкен класымен анықталады. Яғни маған берілген механизм II класты.
Механизмді құрылымдық топтарға жіктейміз (сурет 3 - а,ә,б) :
а) I класты механизм; ә) II класты 3 түрлі Ассур тобы; б) II класты 1 түрлі Ассур тобы.
Сурет 3. Жетекші звено 3 болғандағы механизмнің құрылымдық топтары.
Механизмнің құрылымдық формуласы:
(1.3)
Механизмнің класы құрамындағы Ассур топтарының ең үлкен класымен анықталады. Яғни маған берілген механизм II класты.
Механизмді құрылымдық топтарға жіктейміз (сурет 4 - а,ә,б) :
а)I класты механизм; ә) II класты 2 түрлі Ассур тобы; б) II класты 1 түрлі Ассур тобы.
Сурет 4. Жетекші звено 5 болғандағы механизмнің құрылымдық топтары.
Механизмнің құрылымдық формуласы:
(1.4)
Механизмнің класы құрамындағы Ассур топтарының ең үлкен класымен анықталады. Яғни маған берілген механизм II класты.
Достарыңызбен бөлісу: |