Тіркемелік конспектісі. Тақырыбы: Жүрек ақаулары: Митральді қақпақшасының ақауы. Аорта қақпақшасының ақауы



бет2/5
Дата02.04.2024
өлшемі30.77 Kb.
#497343
түріКонспект
1   2   3   4   5
журек акаулары

Клиникалық белгісі:
Компенсация, декомпенсация кезеңдерінде науқастарда айқын шағымдар мазаламайды. Субкомпенсация кезеңінде (кіші қанайналымдағы қан іркілісінде) ентігу, жүректің қатты және әр түрлі соғуы.
Жалпы қарағанда науқастарда айқын акроцианоз байқалады. Жүрек тұсынан жүректің соғуы алдыңғы қолтық сызығы тұсынан айқын көрінеді.
Пальпацияда жүрек соғу күші жоғары,күшті.
Перкуссияда жүректің сол шекарасы, жоғарғы шекарасы ұлғаяды.
Аускультацияда жүрек ұшынан І- тон әлсіз естіледі, ал ІІ- тон өкпе артериясы үстінен қатты естіледі және жүрек ұшынан систолдық шу естіледі.
Диагностика:
ЭКГ-де сол жүрекшенің, сол қарыншаның гипертрофиясының белгісі, аритмиялық белгілер анықталынады.
ФКГ- Q-I тон аралығының ұзаруы және I тонмен тұтасып басталатын систолдық шу,
І-ІІ тондардың өзгерістері анықталынады. Шудың ұзақтығы қақпақ кемістігіне тәуелді , ал пішіні бәсеңдей түседі.
ЭхоКГ- сол жүрекшенің және сол қарыншаның кеңеюі мен гипертрофиясы, фиброз, кальциноз анықталады.
Рентгендік тексеру - жүректің формасының «митральды конфигурациясы» (жүрекше мен қарынша арасындаға ойықтың тегістелуі)өзгеруі, контрастталған өңештің үлкен радиусты доғаның бойымен ығысуы анықталады.


Митральді қақпақшасының тарылуы.
Митральді қақпақшасының тарылуы - жүрекшемен қарыншаның арасындағы қуыстың толық ашылмауы.
Этиологиясы:

  • Ревматизм;

  • Инфекциялық эндокардит;

  • Туа біткен стеноз (Лютембаше синдромы)

  • Атеросклероз.

Патогензі:

  • қақпақ жармаларының бітісуі;

  • хордалардың бір-бірімен бітісуі және қысқаруы;

  • хордалар мен жармалардың бір- бірімен бітісуі;

Гемодинамикасы: жүректің диастолы кезеңінде жүрекше мен қарыншаның қуысы толық ашылмай, жүрекшеде қан қарыншаға кедергімен өтеді де қан толық өтіп үлгере алмай, қалып отырады. Сол жүрекшеге күш түсіп оның күші артады. Соның салдарынан бұлшық еттері тығыздалып, гипертрофияға ұшырайды. Сол жүрекше ішілік қан қысымы ұлғайып, Китаев рефлексі дамиды. Субькомпенсация кезеңінде оң қарыншаның гиперфункциясына әкеледі. Бұл үлкен қанайналымның шеңберінде іркіліске (ентігу, ісіну п.б.) әкеледі.
Қалыпты жағдайда сол жақ атривентрикуляры тесіктің аумағы- 4-6 см2, шеңберінің ұзындығы- 9-11см.
Тесіктің критикалық тарылу аумағы -1-1,5 см2. Митральді тесіктің тарылуы сол жүрекшенің аса соғылуына алып келеді, сол жүрекшенің қалыпты сыймдылығы -50-60 мл, митральді стенозда көлемі 100-200 мл, аневризмалық кеңейгенде 1000-2000 мл дейін ұлғаяды. Жүрекшенің ұлғаюымен бірге оның ішіндегі қысым да 35 мм.сын. бағ. дейін биіктейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет