Тіркемелік конспектісі. Тақырыбы: Жүрек ақаулары: Митральді қақпақшасының ақауы. Аорта қақпақшасының ақауы



бет3/5
Дата02.04.2024
өлшемі30.77 Kb.
#497343
түріКонспект
1   2   3   4   5
журек акаулары

Клиникалық белгісі: Компенсация, декомпенсация кезеңдерінде науқастарда айқын шағымдар мазаламайды. Субькомпенсация кезеңінде, яғни кіші қанайналым шеңберіндегі іркілісте пайда болады. Ентігу, тұншығу кешке қарай дамиды. Түнде жөтел пайда болады. Кейбір кездерде қан түкірулер байқалады. Жалпы дененің ісінуі, іш қуысына сұйықтықтың жиналуы (асцит). Жалпы қарағанда науқас төсекте ыңғайлы жағдайда (ортопноэ) отырады. Бет ұштарының қызаруы, эпигастрия аймағынан жүрек соғуы, жүрек томпағы көрінеді. Пальпацияда жүрек ұшынан «мысық пырылы» симптомы анықталынады.
Перкуссияда сол шекерасының, оң шекерасының ұлғаюы (гипертрофиясы) анықталынады. Аускультацияда жүрек ұшынан І- тонның күшеюі, диастолдық шу, өкпе артериясының тұсынан ІІ- тон қатты естілінеді.
Рентгендік тексеру- жүректің формасының «митральды конфигурациясы» (жүрекше мен қарынша арасындағы мықын ойықтың тегістелуі) өзгеруі.
ЭКГ- де сол жүрекшенің, сол қарыншаның гипертофиясы, аритмиялық белгілер анықталынады.
ЭхоКГ- бітіскен арқы жарманы өзімен бірге алға қарай ала жүреді, сол себептен қақпақтардың көрінісі «П» әрпіне ұқсайды.
ФКГ- систолдық шу, І-ІІ- тондардың өзгерістері анықталынады.
Емдеу принциптері: Кардиологиялық, кардиохирургия бөлімшелерінде жүргізіленеді. Диеталық № 10 стол тағайындалынады. Сұйықтықты тәулігіне 800 мл. дейін шектеу. Дәрі- дәрмектер:

  • Негізгі дертті емдеу (ревматизм)

  • Жүрек гликозидтері: Строфантин 0,05%-1 мл. немесе корглюкон 0,06% -1 мл ертіндісін 0,9% – 10 мл физиологиялық ертіндімен қ/т енгізу.

  • Нитраттар: Коринфар, нитросорбит, эринит.

  • Зәр қуатын дәрілер: фурасемид, лазикс, триампур, индап.

  • Калий препараттары: калий оратат, папангин т.б.

  • Хирургиялық емдеу: Қақпақшалардың жетіспеушілік, тарылу %- байланысты. (комиссуротомия жасалынады)

  • Қан ұюу процессіне әсер ететін препараттар –кардиомагнил, тромбоасс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет