Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы


«KaVo DIAGN Odent» аппаратын қолдану



Pdf көрінісі
бет38/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
id174798

«KaVo DIAGN Odent» аппаратын қолдану.Тістерде тісжегімен 
зақымдануын және тістердің көзге көрінбейтін беттерінде орналасқан 
ошақтарды ертерек анықтау үшін KaVo DIAGNOdent аппаратын 
қолданады.. 
Жұмыс істеу қағидасы. Лазерлі диод импульсті 655нм толқын 
ұзындығындағы қызыл спектрлі сәуле шығарады. Сәуле толқындарын 
фиброоптикалық элементтер көмегімен шоғырландырып, иілмек 
талшықты –оптикалық сәулеберуші және арнайы қондырғылы ұштықты 
тіс бетіне жақындатады.Бүтін кіреукеге қарағанда патологиялық 
өзгеріске ұшыраған тіс тіндері сәуле толқынын басқа ұзындықта 
шағылыстырады.Шағылысқан толқын ұзындығы электронды аппарата 
талданады. Тінде минералсыздану ошағы анықталған жағдайда 
дыбыстық белгі беріледі. Аппарат кіреукедегі кішігірім зақымдануға 
жауап береді. Диагностикалық дәлділігі 90% құрайды. Флюоренцияның 
қарқындылығы сандық мағанада анықталады. 
0–10 — кіреуке бүтін; 
10–25 — минералсыздану кіреуке деңгейінде; 
25 және одон жоғары — дентин тісжегісі. 
Жүргізу тәсілі. Тістердің бетін мұқият қақтардан тазалайды, сілекейден 
бөлектеп, кептіреді. Содан кейін қондырғылы аппарат ұштығын 
тексерілетін аймаққа қарай баяу перпендикулярлы орналастыра тіс 
бетіне жанастыра отырып жылжытады. Немесе 1,5 мм тіс бетіне 
жанастырмай орналастырады. 
( 2.13сурет). Толық дәлелдік үшін тәсілді қайтара жүргізеді де орта 
мағанасын анықтайды. 


2.13. Сурет.Тісжегінің зақымдануының алғашқы кезеңін KaVo 
DIAGNOdent аппараты көмегімен диагностикалау. 
Тістің тіндерін зондпен сүңгілеудің маңызды мағанасы бар.Кіреукенің 
бастапқы бұзылу кезеңінде беті тегіс емес ошақтар анықталады. 
Тісжегінің даму қарқынына қарай бұл әдістің көмегімен зақымдау 
ошағының тереңдігін, ауыру белбеуін анықтауға болады. Тісжегінің 
әртүрлі кезеңдерін және ұлпа ауруларын салыстырмалы диагностика 
жүргізу кезінде қолданылатын қосалқы тексеру әдіс - термометрия толық 
ақпарат береді. 
Тістердің электрқозғыштығын анықтау (электроодонтометрия – 
электроодонтодиагностика, электроодонтотест) тіс ұлпасы мен тіс 
төңірегіндегі тіндердің жағдайы туралы мәлімет бере алады. Бұл да 
физикалық тексеру әдісіне жатады және кез келген тірі тіннің 
тітіркендіргіштер әсерінен қозу жағдайына негізделген. Тітіркендіргіштің 
жауап туындататын ең төменгі күші немесе деңгейі қозу табалдырығы 
немесе қозу көрсеткіші (порог возбудимости) деп аталады. Сау тістер ток 
күшіне 2 - 6 мкА ге жауап береді. Терең тісжегі кезінде тіндердің 
электрқозғыштығы 10–15 мкА төмендейді. 
Бұл әдіс стоматология саласында кең қолданыс тапты. Көптеген 
рентгендік тексеру әдістерінің терапиялық стоматологияда жиі 
қолданылатыны – рентгенографиялық немесе ағзалардың рентген 
суреттерін алу әдісі. 
Өте жоғары дәрежеде минералданғандықтан рентген суретке (негативте) 
тіс кіреукесі өте тығыз және біркелкі ақ көлеңке береді, дентин мен 
цемент тығыздығы одан аздау, сондықтан ақ көлеңке береді. Периодонт 
тіні рентген сәулелерін өткізетін болғандықтан қара көлеңке береді. 
Сондықтан осы көлеңке арқылы периодонт орналасқан саңылаудың 
(периодонт саңылауы – периодонтальная щель) диаметрі 0,2-0,25 мм 
біркелкі жіңішке қара көлеңке пішінді жобасын анықтауға болады. 
Периодонт саңылауының бір қабырғасын түбір цементі, екінші 
қабырғасын түбір ұяшығының компакты сүйек қабаты құрайды. 


Әрине осы қосалқы тексеру әдістерінен басқа ең маңыздысы негізі 
тексеру әдістері: қарап және сұрап тексеру. 
2.10.2.ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ 
2.10.2.1. КІРЕУКЕ ТІСЖЕГІСІНІҢ АҚ ДАҚТЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ КЛИНИКАЛЫҚ 
КӨРІНІСІ К (БОРТҮСТЕС) (БАСТАПҚЫ ТІСЖЕГІ) (К02.0) 
Тексеру 
мәліметтері 
Симптомдар 
Патогенездік негіздеу
Шағымы 
Көбіне –көп науқастың 
шағымы болмайды, ал егер 
болса бор түстес немесе 
пигменттелген дақтарға 
шағымдауы мүмкін 
(эстетикалық ақау)
Тісжегі дақтары зақымдану 
ошағында кіреукенің 
минералсыздануы 
нәтижесінде пайда 
болады. 
Қарап тексеру 
Қарап тексергенде анық 
тегіс емес контурлы бор 
тәрізді немесе 
пигменттелген дақтар 
анықталады. Дақтардың 
көлемі бірнеше мм болуы 
мүмкін. Дақтың беті бүтін 
кіреуке бетіне 
қарағандакүңгірттеу, 
жылтыр емес.
Тісжегі дақтарының 
орналасуы 
Тісжегіге тән табиғи 
сызаттарда және басқа 
апроксимальді беттерде, 
мойын бөлігінде 
орналасады. Ережеге 
сәйкес дақ біреу, кейде 
симметриялық зақымдану 
байқалады. 
Тісжегі дақтарының 
орналасуы бұл айамқтарда 
ауыз қуысының жақсы 
гигиенасы кезінде де тіс 
тоғаларының жиналуына 
және сақталуына қолайлы 
жағдай болады. 
Сүңгілеп тексеру 
(зондирование) 
Сүңгілеп тексергенде 
кіреуке беті тығыз, 
ауырмайды. 
Кіреукенің беткі қабаты 
бұзылмайды, соның 
нәтижесінде 
минералсыздану үрдісімен 
қатар сілекей 
компоненттері есебінен 
қайта минералдану үрдісі 
бірге жүреді. 
Тіс беттерін кептіру Тіс беттерін кептіру кезінде 
ақ дақтар айқын көрінеді. 
Кептіру кезінде 
минералсызданған 
зақымдану ошағының 
беткейасты белбеуінен 
кеңейген 
шағынкеңістіктерден су 
буландыда оның 


оптикалық тығыздығы 
өзгереді. 
Тіс тіндерін 
витальдә бояу 
2% метилен көгі 
ерітіндісімен бояғанда 
әртүрлі қарқындағы көк 
түске боялады. Дақты 
қоршаған бүтін кіреуке 
боялмайды. 
Бояғыш ерітіндінің 
зақымданған ошаққа енуі 
кіреукенің бетасты 
қатабының 
минералсыздануы 
шағынкеңістіктердің 
ұлғаюымен және кіреуке 
призмасының 
құрылымының өзгеруімен 
сипатталады. 
Термодиагностика 
Температуралық 
тітіркендіргіштерге ауру 
сезімі болмайды. 
Кіреуке дентин 
шекарасында және дентин 
түтікшелерінде 
одонтобласт өсінділері 
тітіркендіргіш әсерінен 
алыс. 
ТҰЭҚ (ЭОД) 
ТТҰЭҚ 2–6 мкА тең 
Ұлпа үрдіске қатыспаған 
Трансиллюминация 
Бүтін тісте сәуле тістен 
ешқандай көлеіке бермей 
біркелкі өтеді. Тісжегімен 
зақымданған белдеуде 
күңгірт шекарасы анық дақ 
болады. 
Сәуленің құрылымы 
бұзылған аймақтан өтуі 
сәуленің күңгіртенуіне 
әсер етеді.Тінде оптикалық 
тығыздығы өзгеру жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет