2.11.Сурет.Тістердің тісжегісі кезіндегі дентиндегі зақымдану
белдеулері.
1 — бүтін дентин; 2 — жартылай мөлдір дентин; 3 —мөлдір дентин; 4 —
күңгірт дентин; 5 — инфекцияланған дентин.
• 1 белдеу— қалыпты дентин. Бұл белдеуде дентин түтікшелерінің
құрылымы өзгермеген, одонтобластар өсіндісі дентин түтікшелерін
толтырып тұрады.
• 2 белдеу— жартылай мөлдір дентин. Жартылай мөлдір дентин қабаты
дентин түтікшелері арасындағы дентиннің минералсыздану нәтижесінде
пайда болады. Бұдан басқа дентин түтікшелері ішінде минералды
қаттардың шөгуі байқалады. Бұл белбеуде микроорганизмдер
байқалмайды.
• 3 белдеу — мөлдір дентин. Бұл белбеуде минералсыздану дәрежесі
айқын бейнеленген. Клиникалық бұл дентиннің жұмсаруымен көрінеді.
Бірақ коллаген талшықтарының бір бөлігі бұзылмайды. Міне осыған
байланысты қолайлы жағдайда бұл белбеуде қайта минералдану үрдісі
толықтай қамтамасыз етіледі.Белбеуде микроорганизмдер болмайды.
• 4 белдеу — күңгірт дентин. Бұл белбеуде дентин түтікшклерінің кеңейуі
анықталады. Коллаген талшықтарының дезинтеграциясы нәтижесінде
бұл белбеуде қайта минералдану мүмкін емес. Белбеуде кеңейген дентин
түтікшелерінде барлық жағдайда микроорганизмдер болады.Клиникалық
дентин жұмсарған, және ережеге сәйкес оны толық алу керек.
• 5 белдеу — инфекцияланған дентин. Белбеуде дентин құрылымы
ыдыраған, микроорганизмге толы. Бұл белбеу емдеу кезінде толық
алыну керек. Тісжегі кезінде ұлпада өзгерістер болуы мүмкін. Осы
өзгерістердің дәрежесінің айқындылығы оның ағымы мен зақымдану
тереңдігіне байланысты. Тісжегінің дақты кезеңінде және беткей тісжегі
кезінде ұлпада өзгеріс болмайды. Егер тісжегі үрдіс дентинге араса,
ұлпада тамырлардың және нерв талшықтарының морфологиялық
өзгеріске ұшёырағаны анықталады. Одонтобластардың санының азаюы
және бағыттарының бейтараптануы көрінеді. Одонтобластардың
тітіркенуі орынбасушы дентиннің түзілуіне ықпал етеді.