•пациенттің үрейленуі;
•психосоматикалық статустың бұзылуы;
•ішімдік қабылдауы.
Сауатты орындалған жансыздандыру әдісі және дұрыс таңдап алынған
құрамынад вазоконстрикторлар бар анестетиктер жансыздандырудың
ұзақтығын 40 тан 60 мин созылуын және жақсы әсер етуін толық
қастамасыз етеді. Вазоконстрикторларсыз анестетиктердің 3%
концентрациялы анестетиктерін қолдану барысы ғана жансызданудың 30
мин дейін созылуына әсер етеді. Осымен бірге пациенттерде егілеген
препаратқа жеке өзгеріс жауаптары болуы мүмкін. Жансызданудың
ұзақтығы егілген анестетик
әдістеріне де байланысты
болады.Анатомиялық ерекшеліктерде жансызданудың ұзақтығына және
тереңдей енуіне әсер етеді.
Осындай ерекшеліктерге бетсүйегінің доғасы және альвеоларлы
өсіндісінің қалыңдығы жатады. Үстіңгі жақ бірінші үлкен азу тіске
жансыздандыру жасау кезінде бетжақальвеолярлы айдаршық негізінде
орналасқан, әсіресе айдаршықтың төмен орналасуында келесі
ерекшеліктерді білу керек:
Үстіңгі жақтың бірінші азу тісіне жансыздандыру жасауда инемен екі егу
жасау керек. Бірінші егуді және анестетикті жіберуді
екінші кіші азу тістің
түбір ұшына жасау бірінші азу тістің медиальді ұрт жақ түбірінде
жансызданудың болуын қамтамасыз етеді. Екінші егуді
бетжақальвеолярлы айдаршығына тікелей жасау ұрт жақ дистальді
түбірінде жансызданудың болуына әсер етеді. Егер үстіңгі жақтың бірінші
азу тісінің таңдай түбірі қатты таңдайдың ортасына қарай көптеп
ауытқыса дұрыс жасалған жансыздандыру мен сүйектің қалыпты
қалыңдығы кезінде толық жансыздану болмайды. Бұл жағдайда таңдай
түбірі проекциясына аз мөлшерде жансыдандырғыш анестетикті егу
керек. Замануи улы әсері аз препататтар мен жаңа технологиялардың
қолдануына қарамай кейбір жағдайларда адекватты жансызданудың
болуына қол жеткізе алмайды. Қандайда бір стоматологиялық шаралар
пациенттің жеке тұлғалық ерекшеліктерінің дәрежесінің айқындылығына
қарай психикалық тепе-теңдігінің бұзылуына әсер етеді.
Пациенттің
психоэмоциональды өзгерістері стоматологиялық көмек көрсетуде
кезекте отырған кезден бастап қорқыныш, үрей сияқты депресивті
жағдайдың пайда болуымен сипатталады.
Осының әсерінен пациентте
гомеостаз бұзылады да жансыздануға кедергі жасайды.
Стоматологиялық науқастың психоэмоциональды ерекшеліктерін әртүрлі
экспресс сауалнамаларды, психологиялық тестерді (тест Corah N.),
сауалнамаларды қолдану арқылы анықтауға болады. Тістері емдеу
кезіндегі ауру сезімі және соның нәтижесінде науқаста пайда болған
қорқыныш пен үрей келесі емдеу кезіне теріс із қалдырады.Науқастарда
пайда болған үрей гармональді орталықты өзгертеді: адреналин,
норадреналин, глюкокортикостероидтар жоғарлайды,
газалмасу мен
қанайналымының өзгеруі емдеу шараларын жүргізуге қиындық
туғызады.
Сондықтан стоматологиялық емдеу шараларын жүргізу кезінде болатын
жалпы соматикалық асқынулардың алдын алу үшін және
жансыздандыруды жеңілдету мақсатында қосарланған анестетиктерді
қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: