3.3.ТІСТЕРДЕГІ БАСТАПҚЫ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ. КІРЕУКЕНІ ҚАЙТА
МИНЕРАЛДАУ ТЕРАПИЯСЫ.
Тісжегіні дақты кезеңінде емдеу мүмкінідгі минералсызданған кіреукенің
қайта минералдануы феноменіне негізделген.Қайта минералдау
терапиясына құрамында кальций және фтор бар әртүрлі препараттарды
қолданады.Фтор құрамдас препараттарды емдеу үрдісіне қосу жақсы
нәтиже береді.
Е. В. Боровский және П. А. Леус ұсынған 10% құрамында глюконат
кальций ерітіндісі бар әдіс тісжегінің дақты кезеңін емдеуде өте тиімді.
Қайта минералдаушы ерітіндіні зақымданған кіреуке бетіне 15-20 мин
аппликация ретінде қояды. Емдеу курсы 15 процедурадан тұрады.
Процедураны күн сайын немесе күнара жасайды. Егер глюконат кальций
ерітіндісінен кейін кіреуке бетін 3 мин 2% фторид натрий ерітіндісімен
өңдейтін болса емнің нәтижесі жоғары болады. Қазіргі кезде қайта
минералдандырып емдеудің нәтижелілігін арттыру үшін аталмыш
ертінділерді жарақат ошағына физикалық факторлардың көмегімен
тереңірек және жылдамдата енгізуге болады. Ол үшін дәрілік
электрофорездеу әдісін және дәрілік ертінділерді ультрадыбысты
қолданып сіңіру тәсілдерін пайдалануға болады.
Тісжегінің дақты кезеңін емдеу үшін қазіргі кезде Е. В. Боровский мен Е.
А. Волков жасаған екікомпонентті препарат жақсы клиникалық нәтиже
береді..
Авторлардың ұсынған әдістемесі бойынша алдыменен зақымданған
аймақты 3мин 10% кальций нитрат ерітіндісімен, ал содан кейін тісжегі
дағы белбеуін 3 мин 10% фосфат аммонийдің қышқылды ерітіндісімен
өңдейді.Емдеу курсы 5 процедурадан тұрады. Минералсызданған
кіреукеге осы препараттардың компоненттерінің енуі нәтижесінде
химиялық құрамы жағынан тістің қатты тіндерінің гидрокосиаппатитіне
ұқсас аз еритін фосфорлы-кальций байланысы түзеледі.Қайта
минералдау терапиясын жүргізу кезінде тіс беттері қіс қағынан
тазалануы керек. Жоғарыда айтылған препараттарды қолдану
нәтижесінде ақ тісжегі дақтары өзінің бортүстілігін жоғалтып, кіреуке
түсіне сәйкес келеді. Емдеу шараларының нәтижелілігін бекітетін
маңызды факторлар: ауызды дұрыс күту ережесін толық сақтау (тісжегі
дағының бетінде қақ қайтадан пайда болмас үшін), тиімді құрамды
тағамдық заттарды қабылдау, тамақ рационында көмірсулы тағамдар
мөлшерін азайту және оларды бей-берекет қабылдай бермеу.
|