Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы


Тарау  ТІСТЕРДІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет5/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
id174798

Тарау 
ТІСТЕРДІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ 
1.1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ 
Тісқатты тағамды тістеуге, майдалауға, шайнауға арналған ең қатты 
орган болып келеді. Адамда 4 топ тістерді ажыратады: күрек тістер,сүйір 
тістер, кіші азу тістер, үлкен азу тістер тобы.Адамның тұрақты тістемінде 
32 тіс болады: 8 күрек тіс, 4 сүйір тіс, 8 кіші азу тіс, 12 үлкен азу тіс. 
Үшінші үлкен азу тіс кейбір жағдайда толық шықпауы немесе болмауы 
мүмкін. 
Ауыз қуысындағы тістің бір бөлігі – тіс сауыты деп аталса, ал жақ 
сүйекте орналасқан бір бөлігі - тіс түбірі деп аталады. Содан басқа сауыт 
және түбір шекарасындағы асуытты жауып тұрған кіреукенің түбір 
цементіне ауысатын аздап қысыңқы келген аймақты тіс мойыны деп 
атайды. Тістің қатты тіндеріндегі өзгерістерді дұрыс сипаттау үшін тіс 
сауыт бөлігін және түбірді үш бөлікке бөлген дұрыс. Тістерде келесі 
беттерді ажыратады: 
• окклюзиялық - тістің қарама –қарсы жаққа қараған түйісу беті. Үлкен 
азу тістерде бұл окклюзиялық үстірт болса, күрек тістерде –бұл кесу 
қыры болып табылады; 
• вестибулярлық – алдыңғы тістерде ерінмен жанасқан үстірт еріндік, ал 
артқы тістерде ұртқа қараған беті –ұрттық деп аталады; 
• оральды – тістің ауыз қуысына қараған беті. Астыңғы жақтағы тістерде 
–тілдік, ал үстіңгі жақ тістерде –таңдайлық деп аталады; 
• жанасу — тістердің көрші тістерге қараған беті. Бұндай беттер екеу: 
медиальді (алдыңғы) және дистальді (артқы). 
Тісті пломбылау, реставрациялау, эндодонттық ем жүргізу кезінде тіске 
сипат беретін негізгі белгілерді еске ала отырып жұмыс істеу керек. Ол 
белгілер: түбір белгісі, сауыт бұрышы белгісі және сауыт дөңестік белгісі. 


Түбір белгісі: түбірдің бой осі тіс сауытының ось сызығынан қарағанда 
дистальді жаққа қарай ауытқуы. 
Сауыт бұрышы белгісі: тістің окклюзиялық сызық шеті медиальді бетке 
өту барысында дистальді бетке қарағанда ең аз бұрыш жасайды. Мұндай 
құбылыс астыңғы жақ ортаңғы күрек тістерден басқа тістерде ережеге 
сәйкес дистальді бағытта окклюзиялық беткейі азаяды, немесе 
окклюзиялық беткей алдыңғыартқы бағытта жазықтау боып келеді. 
Сауыттың дөңестік белгісі: барлық тістердің ерін және ұрт беттерінің 
алдыңғы жақ бөлігі (медиальды) бүйір немесе артқы жақ бөлігіне 
қарағанда дөңестеу болады және көбіне алдыңғы жақ бетіне тіктеу 
бұрыш жасай, ал артқы жақ бетіне доғалдау бұрыш жасап ауысады. 
Сыртқы пішіні тіс сауытының вестибуло-оральді және медиодистальді 
(алдыңғыартқы) беткейлерден құралған. Бұл беткейлер аздап дөңестеу 
және бірінен біріне өтіп отырады. Сызықтың ең көп дөңестігі экватор деп 
аталады және шайнау үрдісі кезінде пародонт тінінің бүтіндігін 
қамтамасыз етеді. Күрек және сүйір тістерде экватор сауыттың 
вестибулярлы және тілдік жағынан мойын бөлігінің аймағынан өтеді. 
Бұл тістердің жанасу беттерінде экватор сызығы ұшы тіс сауытының 
үштен бір бөлігінде орналасқан доға жасайды. (жанаспалы аймақтық 
нүкте). Үлкен және кіші азу тістерде экватор сызығы вестибулярлы 
жағынан сауыттың үштен бір мойын бөлігінен, ал оральді беткейінде 
сауыттың ортаңғы үштен бір бөлігінде орналасады. Үлкен және кіші азу 
тістердің медиальді жанасу беткейлерінде экватор сызығы тіс сауытының 
ортаңғы және окклюзиялық үштен бір бөлігіндегі аймақта орналасқан. 
Дистальді беткейінде экватор сызығы тек бірінші кіші азу тістен 
басқасында тіс сауытының ортаңғы бөлігінде мойын бөлігіне жақын 
орналасқан. 
Физиологиялық жағдайда тіс сауытының сыртқы дұрыс пішіні 
пародонттың маргинальді бөлігін физиологиялық ынталандырумен 
қамтамасыз ету арқылы пародонт тінінің бүтіндігін сақтап отырады. Егер 
пломбылау, реставрациялау, жасанды сауыт жасау үрдісі кезінде 
сауыттың сыртқы пішіні артық жасалса, шайнау үрдісі кезінде 
пародонтқа шеттік физиологиялық әсер ету болмағандықтан тіс 
қақтарының пайда болуына жағдай туындайды, қабыну және өзіндік 
тазалану үрдісінің төмендеуі салдарынан тісжегі дақтары пайда болады. 
Экваторға артық пішін беру жанасу нүктесінің дұрыс қалыптаспауына 
және амбразур кескінінің өзгеруіне әсер етеді. Міне сондықтан осы 
жағдайда тіс қақтарының жиналуына жағдай туғызылып, гигиеналық 
шараларды жүргізу қиындайды. 
Егер толық бұзылған тіс сауытын қалпына келтіру барысында сауыттың 
сыртқы пішіні толықтай пішінделмесе, онда пародонттың маргинальді 
бөлігінің соның ішінде эпителиальді байламның шайнау кезінде 
жарақаттануы мүмкін. 
Бұдан басқа тіске толық пішін бермеу тіс үйлесімінің амбразурасының 
бұзылуына, жанасу нүктесінің болмауына алып келеді. 


Екі көрші тістердің тістер доғасында экваторының түйісу аймағы жанасу 
нүктесі деп аталады. (1.1сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет