1.11. Сурет.Астыңғы жақтың бүйір күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б
— тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең
кесінідісі; е, ж — тігінен
кесіндісі
1.4.2. СҮЙІР ТІСТЕР ТОБЫ
ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ СҮЙІР ТІСТЕРІ ( 1.12 сурет)
Тіс
сауыты
Ірі, көбіне көп бес бұрышты, пішіні найза тәріздес. Кесу қыры
негізгі төмпешіктердің еңістігінен құрылған. Ерін
беті дөңестеу,
тігінен білік орналасқан.
Тіс қуысы
Медиодистальді бағытта созыла отырып тіс сауытының пішінін
қайталайды және айқын шекарасыз түбір өзегіне ауысады.
Нұсқалар
Сауыт пішіні кейде конус немесе
трапеция тәріздес болып
келеді.
Тіс түбірі
Негізінен біреу, бүйір жағынан аздап қысыңқы келген конус
тәріздес. Ьарлық тіс түбірлерінің ішіндегі ең ұзын түбір.
Тіс түбірінің
өзегі
Негзінен кең жақсы өтетін бір өзек болады.
Нұсқалар
Кейде түбірдің айыршықтануы мүмкін.
1.12. Сурет.Үстіңгі жақтың сүйір тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік
беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесіндісі; е, ж
— тігінен кесіндісі
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ СҮЙІР ТІСТЕРІ (1.13 сурет)
Тіс сауыты
Көлемі жағынан үстіңгі сүйір тістергі қарағанда кішілеу. Ерін
беті дөңестеу, тілдік беті жазықтау және аздап иілген.Тілдік
бетінде
жақсы дамыған төмпешік бар
Тіс қуысы
Сауыт пішінін қайталайды. Вестибулооральді көлемі
медиодистальдіге қарағанда үлкендеу. Тіс
қуысы бірден
шекарасыз түбір өзегіне ауысып кетеді.
Нұсқалар
Сауыт пішіні күрек тістер пішініне немесе астыңғы жақ кіші азу
тістер пішініне ұқсас балуы мүмкін.
Тіс түбірі
Үстіңгі жақ сүйір тістер түбіріне қарағанда қысқалау, біреу,
медиодистальді бағытта қатты қысыңқы келеді. Апроксимальді
бетіндегі сайлары жақсы дамыған
Тіс
түбірінің
өзегі
Түбірі айырлануы мүмкін, бірақ бұл жағдайда екі түбір өзегі –
вестибулярлы және тілдік өзектер анықталады. Түбірдің
айыршықтануы тіс мойынынан бастап түбірдің әр деңгейінде
болуы мүмкін.
Нұсқалар Кейде түбірдің айыршықтануы мүмкін.
1.13. Сурет.Астыңғы жақтың сүйір тістері: а — вестибулярлы беті; б —
тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесіндісі;
е, ж — тігінен кесіндісі
1.4.3. КІШІ АЗУ ТІСТЕР ТОБЫ
ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ ( 1.14 сурет)
Тіс сауыты
Вестибулярля бетінің алаңы таңдай бетіне қарағанда үлкендеу.
Онда тігінен білік арналасқан. Вестибулярлы бетінің пішін
үйлесімі сүйір тіске ұқсас. Вестибулярлы беті жанасу бетіне
өткен кезде доғалданған бұрыш құрайды.
Жанасу бетінің
пішіндері үшбұрыш пішінді болып келеді. Дистальді жанасу беті
медиальді бетіне қарағанда дөңестеу. Бүйір беттері ешқандай
бұрыш жасамай таңдай бетіне ауысады. Окклюзиялық беті екі
ұрттық және тілдік төмпешіктен құрылған. Ұрттық төмпешік
көлемі жағынан үлкен. Төмпешіктер арасында жиектік
айдаршыққа дейін жететін жақсы дамыған
табиғи сызаттар
(фиссура) орналасқан.
Тіс қуысы Түбірі тіс мойынына жақын арада екіге бөлінсе көп дәрежеде
ұртық төмпешігі оральді жаққа қарай иіледі.
Нұсқалар Сауыт пішіні күрек тістердің немесе астыңғы жақ кіші азу
тістердің пішініне ұқсас болуы мүмкін.
Тіс түбірі Түбірі мезиодистальді бағытта қатты қысылған. Апроксимальді
бетінде тігінен сайлар бар. Көбіне түбірі екіге бөлінген.
Тіс
түбірінің
өзегі
Тісте екі түбір өзегі болады. Таңдай өзегі ұрттық өзекке
қарағанда кең.
Нұсқалар
Көбіне көп түбір ұшы бөлігінде, аздап орта және
мойын
бөлігінде екіге айырылады.