«Түйсіну және қабылдау психологиясына кіріспе» пәні бойынша 1 опс, казақ бөлімі 2015-16 оқу жылына арналған қысқаша дәрістер


-дәріс. Түйсіну табалдырықтары Түйсінулердің психофизиологиялық механизмдері



бет3/12
Дата24.02.2024
өлшемі64.77 Kb.
#493084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
лекция психолог ощущение и восприят 1 опс 2015-2016

4-дәріс. Түйсіну табалдырықтары Түйсінулердің психофизиологиялық механизмдері.
Анализатор анатомиялық құрылымдардың күрделі комплексі ретінде. Рецептор, өткізгіш жолдар, анализатордың ми кабығы бөліктері. Рефлекторлық доға мен рефлекторлық сакина ұғымдары. Пенфилд бойынша түйсінулердің ми локализацяисы. Абсолютті және салыстырмалы табалдырық. Табалдырық пен сезгіштіктің арақатынасы. Психофизика және табалдырық проблемасы. Психофизика заңдары ( (Вебера-Фехнера, Стивенса). Адаптация және сенсибилизация. Синестезия. Контраст құбылысы. Субсенсорлық құбылыс.
Сезімдік таным психологиясы. Түйсіну мен қабылдау шындықты бейнелеудің әр түрлі формалары ретінде. Түйсіну бейнелерінің ерекшеліктері. Түйсіну мен қабылдау психикалық процестер жүйесінің бірінші деңгейі ретінде.
Сыртқы ортаның әртүрлі әсерлері адам миына әсер етіп, онда әртүрлі психикалық функциялар ретінде бейнеленеді. Таным процесінде түйсіну – психикалық функциялардың бастапқы және ең төменгі сатысында тұрады.
Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар адамға әсер етеді, санада бейнелерді қалыптастырады.
Адам дүниені, заттарды санасында бейнелеу арқылы таниды.
Түйсіну қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде олардың жеке қасиеттерінің санамызда бейнеленудің нәтижесін беретін психикалық іс-әрекет болып табылады. Түйсіну барлық таным процестерінің қайнар көзі деп айтуға болады.
Түйсіну біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтарына, сипаттамасы мен заңдылықтарына келетін болсақ екі негізгі нәрсені ескеру қажет:

  1. тітіркендіргіштердің физикалық сипаттамасы, яғни түйсінуді тудыратын адамның сезім мүшелеріне әсер етуші сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың сипаттамасы;

  2. түйсінулер пайда болатын сезім мүшелерінің сипаттамасы.

Тітіркендіргіштерді, қабылдайтын мүшелерді саңылау, яғни рецептор дейді. Рецепторлардың негізгі үш түрін ажыратуға болады. Олар:

    • экстероцепторлар, сыртқы тітіркендіргіштерді түйсінуге ыңғайлайтын сезім мүшелерінің ең сыртқы бетінде, я соған таяу жерлерде тұрған саңылаулар;

    • интероцепторлар организмнің ішкі мүшелерінен шығатын тітіркендіргіштерді түйсінуге ыңғайланған сезім мүшелердің бетінде болатын саңылаулар. Бұларды органикалық түйсінулер деп те атайды;

    • проприоцепторлар дене мүшелерінің қозғалысын, денені тендікке ұстауды қабылдайтын мүшелердің астарында жатқан саңылаулар.

Психофизика элементтері – түйсінудің сыртқы тітіркендіргішке тәуелділігін анықтайды. Оның негізін Э. Вебер және Г. Фехнер салды (Психофизика элементтері, 1859).
Психофизиканың негізгі мәселесі – табалдырық жайлы мәселе. Абсолютті түйсіну және айыру табалдырықтары деп бөлінеді. Психофизика бойынша барлық тітіркендіргіш түйсіну туғызбайды. Әлсіз тітіркендіргіштен түйсіну тумайды.
Түйсіну туу үшін тітіркендіргіштің сол минималды интенсивтілігі болу керек, тітіркендіргіштің сол минималды интенсивтілігі төменгі абсолютті табалдырық деп атайды. Төменгі табалдырық сезгіштіктің сандық сипаттамасын береді: рецептор сезгіштігі табалдырықтың шамасына кері пропорционал:
Е=1/Р

Е – сезгіштік, Р – тітіркендіргіштің табалдырық шамасы. Жоғарғы абсолютті табалдырық—сол сападағы түйсінуге мүмкін деген максималды интенсивтілік.


Түйсінулердің айырмашылығын көрсету үшін екі тітіркендіргіштің интенсивтіліктерінің арасында белгілі бір қатынасты талап етеді. Ол Вебер заңдылығы деп аталады.
Негізгі тітіркендіргіштерге қатысты қосымша тітіркендіргіштердің қатынасы үнемі тұрақты:

Е=Р/∆ р; ∆ р/Р=К


Мұнда: Е – айыру сезгіштігінің көрсеткіші, Р – алғашқы фактор, тітіркендіргіш, ал ∆ р – алғашқы сезгіштікке қосылған шама, К – рецепторға қатысты тұрақты шама.


Бірақ Вебер заңдылығы барлық айыру түйсінулердің бәріне бірдей жарай бермейді. Фехнер өзгергіш шамалардың екі қатарын жасады: тітіркендіргіштер шамасы және оларға сәйкес түйсінулер шамасы. Түйсінулер арифметикалық прогрессиямен, тітіркендіргіштер геометриялық прогрессиямен өседі.
Түйсіну интенсивтілігінің тітіркендіргіш интенсивтілігіне тәуелділігі Вебер-Фехнер психофизикалық заңдылығы деп аталады. Бұл заңды сезім органдарының электрофизиологиясында қолдануға жарамайды. Г. Гельмгольц (кейін П.П. Лазарев бекітті), Вебер-Фехнердің алғашқы тұжырымдамасын өзгертті, яғни тітіркендіргіш құбылыстарын басқару, бірақ сезгіштіктің көп қырлы қасиетін толық аша алмайды.
Сезгіштіктің ылғи да өзгеріп отыратындығы көп айтылады (А.И. Богословский, К.Х. Кекчеев). Б.М. Теплов өте ұзақ емес жаттығулар барысында биіктіктің айыру табалдырығының тез төмендегенін анықтады. Психология бойынша тек тітіркендіргішпен ғана емес, затпен, органмен ғана емес, адаммен қатысты зерттеулер негізгі болып саналады.
Табалдырықтарды анықтау үшін психофизикада бірнеше әдістер жасалған:
Г.Э. Мюллер (1860):
а) ішкі бағдарлану әдісі (Фехнер бойынша орташа қате әдісі);
ә) шекара әдісі (Вундт бойынша минималды өзгерістер әдісі);
б) тұрақты тітіркендіргіштер әдісі (Фехнер бойынша шын және жалған жағдайлар әдісі).
а) Ішкі бағдар немесе орташа қате әдісі – сыналушы, субъект өзі әрең білінер түйсіну туғанша тітіркендіргіштің интенсивтілігін біресе ұлғайтып, біресе азайтып өзі анықтайды.
Әрбір ішкі бағдарлар бір-бірінен айырмашылығы болғандықтан, әр түрлі белгіленеді а1, а2, а3 ... аm. Олардың орташа арифметикалық мәні:

аm = a/n


Мұнда n - жасалған анықтамалар саны, аm – бұл шама абсолютті табалдырыққа сәйкес тітікендіргіштердің шамасын береді. Немесе бұл формуланы былай өрнектеуге болады.


d1 = a1 - аm ; d2 = a2 - аm…


E=d/n

Орташа ауытқу немесе «орташа қате» бақылаушының өлшемдерінің дәл ішкі бағдарының бірі.
ә) Шекара немесе минималды өзгерістер әдісі – сыналушыға біртіндеп азайған r'o және r''o ұлғайған тітікендіргіштердің интенсивтілігі беріледі.
Абсолютті табалдырықты табу үшін екі шама анықталады – сыналушының ұлғайтылған интенсивтілік барысында бірінші рет түйсінген тітікендіргіштердің шамасы және сыналушы бірінші рет интенсивтілігі азайған кездегі түйсінбеген тітіркендіргіштің шамасы.
Осы шамалардың арифметикалық ортасы абсолютті табалдырық шамасын көрсетеді. Ол мына формуламен анықталады:

ro = r'o + r''o/2


және жоарғы айыру табалдырығы және төменгі айыру табалдырығы анықталады:

rи = rи' + rи'' /2


Ал орташа айыру табалдырығы:

∆ r = ∆ ro + ∆ rи/2


б) Тұрақты тітіркендіргіштер немесе шын және жалған жағдайлар әдісі.. Абсолютті немесе айыру табалдырықтары жоғарыдағы екі әдіс сияқты тура емес, сыналушылардың көрсеткіштерін статистикалық өңдеу барысында есептелінеді.


Әртүрлі интенсивті тітікендіргіштер сыналушыға ретсіз беріледі. Сыналушы қай кезде дұрыс деген түйсіну болғанын айтуы керек.
Жоғарғы айыру табалдырығы:

So = (Do + i / 2) - gi / n


Мұнда So – жоғарғы айыру табалдырығына сәйкес тітіркендіргіштің шамасы, Do -тітіркендіргіштің интенсивтілігінің максимал шамасы (сыналушының барлық жауабы дұрыс болу керек), i -ретсіз берілген тітіркендіргіштердің интенсивтіліктерінің арасындағы тұрақты интервал саны, g - «күшті» деген жауаптардың қосындысы, n -барлық жауаптардың жалпы саны.


Төменгі айыру табалдырығы:

Sи = (Dи + i / 2) - gi / n


Мұнда Sи – сол табалдырыққа сәйкес тітіркендіргіштердің шамасы, Dи -сыналушының дұрыс деген жауаптары негізінде интенсивтілігінің минималды шамасы, i-ретсіз берілген тітіркендіргіштерджің интенсивтіліктерінің арасындағы тұрақты интервал саны, g -«әлсіз» деген жауаптардың қосындысы, n - барлық жауаптардың жалпы саны.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет