«Түйсіну және қабылдау психологиясына кіріспе» пәні бойынша 1 опс, казақ бөлімі 2015-16 оқу жылына арналған қысқаша дәрістер


-7-дәрістер. Есту түйсінулері. Түстер теориясы. Түстердің психофизикалық әрекеті. Түстерді қабылдау



бет5/12
Дата24.02.2024
өлшемі64.77 Kb.
#493084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
лекция психолог ощущение и восприят 1 опс 2015-2016

6-7-дәрістер. Есту түйсінулері. Түстер теориясы. Түстердің психофизикалық әрекеті. Түстерді қабылдау.
Түйсіну түрлерінің ішінде иіс пен дәм айыру түйсінулері адамның таным процесінде де, психикалық әрекеттерінде де ерекше елеулі орын алмайды. Иіскеу түйсінуі басқа түйсінулердей толық зерттелмеген, сондықтан оларды жіктеп, түрлерін ажырату да қиын. Заттардың өзгеше тән иістері болатындықтан, иісті сол заттардың иістеріне ұқсатып ажыратады.
Дәм айыру түйсінуі иіс түйсінуі сияқты заттардың химиялық қасиеттердің әсерінен пайда болады. Егер иіскеу газ тәрізді заттардың әсерінен пайда болса, дәм айыру еріген заттардың әсерінен пайда болады. Дәм айру түйсінуі түрлі тітіркендіргіштердің тілдің бетіндегі және таңдай мен өңештегі дәм түйіршіктеріне әсер етіп, оларды қоздырудың нәтижесінен туады.
Ал есіту түйсінулері адамның таным процесінде, оның барлық психикалық іс-әрекетінде үлкен орын алады. Есіту түйсіну дыбыс толқындарының рецепторға әсер етуінен пайда болады.
Егер бір дәрежелі дыбыс жеке-жеке дыбыстарға теңелмесе, онда ол сапалы үн болып естіледі. Қосылушы дыбыстардың тебелісі біріне-бірі жақын болса, олардың үндесуі де үйлесімді болады. Үйдесудің үйлесімдігі қаншалықты жақын болса, оны консонанс дейді. Ал үйлесілімділігі қаншама алыс болса, оны диссонанс дейді.
Адамда естудің мәні сөз бен музыканы қабылдауға байланысты. Есту түйсінуі дыбыс толқындарының есту рецепторына әсерін бейнелейді. Дыбыс толқындары әртүрлі тербеліс амплитудасына ие. Тербеліс амплитудасы неғұрлым үлкен болса, дыбыс соғұрлым күшті. Дыбыстың күші амплитуданың квадратына тура пропорционал және бұл күш құлақтың дыбыс көзінен арақышықтығына байланысты.
Дыбыс күші арнайы энергия бірлігімен өлшенеді. Дыбыс толқындары тербеліс периодының ұзақтығымен немесе жиілігімен ажыратылады. Толқынның ұзындығы тербеліс санына кері пропорционал.
Дыбыс толқындары тербеліс формасымен дыбыс тембрімен де байланысты. Музыкалық дыбыстардың қисығы математикалық жолмен, Фурье әдісі бойынша есептелінеді. Барлық естілетін дыбыстар екіге бөлінеді – шулар (орнықсыз жиілікпен периодты емес тербелістерді бейнелейді) және музыкалық дыбыстар (периодикалы тербелістер).
Шу мен музыкалық дыбыстың арасында шекара, аса бөліну жоқ. Шудың акустикалық құрамдас бөлігі музыкалы сипатқа ие, мысалы, желдің гуілдеуі. Адам сөзі де шу және музыкалық дыбыстан тұрады. Дыбыстың қасиеті – оның айғайы, биіктігі, тембрі. Тон мен шудың арасында да шекара бөліну жоқ.
1. Қаттылық (громкость) – дыбыс толқындарының күшіне, амплитудасына, тербелісіне байланысты. Дыбыс күші мен қаттылығы бірдей мән емес. Дыбыс күші тыңдаушы қабылдай ма, қабылдамай ма, одан тәуелсіз физикалық процесті сипаттайды, қаттылық – қабылданған дыбыстың сапасы.
2. Биіктік – дыбыс толқындарының тербелісінің жиілігін бейнелейді. Барлық дыбыстар құлақпен қабылданбайды. Биіктікті айырудың екі табалдырығы бар: а) қарапайым айыру табалдырығы; ә) бағыт табалдырығы (В. Прейер).
3. Тембр – дыбыстың бояуы жиі орналасқан тондарының (гармониялық және гармониялық емес) ара қатынасына байланысты. Тембр гармония сияқты дыбысты бейнелейді. Тембр бояуы вибраторға байланысты ерекше байлыққа ие болады (К. Сишор).
Адам даусына, скрипкаға және тағы басқаларға ерекше эмоциялық көркемдік береді. Жақсы және жаман вибратор бар. Музыкалы инструменттер тембрлық сипаттамамен ажыратылады.
Дыбыстардың локализациясы – дыбыс шығып тұрған жердің бағытын анықтау қабілеті біздің есту қабілетіміздің бинауралды сипатымен шарттанған. Кеңістікте дыбыстардың локализациясын бинауралды эффект деп атайды.
Мысалы, бір құлағы керең адамдар қосымша тәсіл қолданады, басын бұру т.с.с. Бинауралды эффект фазалы және амплитудалы болады. Фазалы бинауралды эффектіде дыбыс шығатын бағыт екі құлаққа бірдей фазалы дыбыс толқындарының келу уақытының әр түрлі екендігімен шарттанады. Амплитудалы бинауралды эффектіде екі құлақта алынған қаттылықтың айырмасымен шарттанады.
Көру түйсінуінің әлемді танудағы рөлі аса зор. Көру заттардың нағыз шынайы бейнесін нақты бейнелейді. Мұнда сезімдік жетілу басым. Көру түйсінуі көзге жарықтың әсер етуінен туындайды. Жарық толқындарының ұзындығы. Тербеліс саны неғұрлым көп болса, соғұрлым толқындардың ұзындығы аз болады және керісінше.
Жарық толқындарының ұзындығы түстер тонын шарттандырады. Жарық толқындары әртүрлі ажыратылады, тербелістерінің амплитудасы болады, яғни олардың энергиясы, ол түстің жарықтығын анықтайды. Жарық толқындарының формалары болады, ол жарықтың қанықтығын шарттандырады.
Жарықтардың жұтылуы екі түрлі болады: таңдамалы және таңдамалы емес жұтылулар. Өзіне түскен сәуленің санына қарай олардың жұтылуына сандық қатынасы жұтылу коэффициенті деп аталады. Егер де түскен жарықты мүлдем бейнелемесе, онда жазықтық қара түсті береді.
Ал жазықтықтың барлық жағы түскен сәулемен толық бейнеленсе, ақ түсті береді. Түстер жазықтығы әртүрлі ұзындықтағы толқындарды бейнелейді. Сондықтан да әрбір түстер жызықтығы өзінің бейнелеу спектріне ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет