«Түйсіну және қабылдау психологиясына кіріспе» пәні бойынша 1 опс, казақ бөлімі 2015-16 оқу жылына арналған қысқаша дәрістер


ІІ-модуль. Қабылдау психологиясының жалпы сұрақтары



бет7/12
Дата24.02.2024
өлшемі64.77 Kb.
#493084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
лекция психолог ощущение и восприят 1 опс 2015-2016

ІІ-модуль. Қабылдау психологиясының жалпы сұрақтары
8-9- дәрістер. Психиканың регулятивті процестері. Қабылдау психологиясына кіріспе. Қабылдаудың теориялары мен классикалық теориялары
Қабылдаудың психологиялық табиғаты. Қабылдаудың константтылығы, ұғынымдылығы. Бейнелердің заттық мазмұны. Перцептивті бейнелердің өзінідк ерекшеліктері. Қабылдаудың қасиеттері және феномендері. Заттық бейненің пайда болуының сенсомоторлық теориясы. Адаптация динамикасы мен феноменологиясы. Қабылдаудың психологиялық анықтамасы. Перцепцияның негізгі көздері. Қабыладушы белсенділік
Қабылдау іс-әрекет ретінде. Перцептивті іс-әрекет. Зерттеу іс-әрекеті және жаттығулардың рөлі. Перцептивті референтті жүйелер. Антиципиялық іс-әрекет.
Қабылдаудың феномендері. Оптикалық бұрмаланудағы қабылдаудың заттылығы. Оптикалық бұрмалану түрлері (инверсия, реверсия, араласу, түрдің өзгеруі, диспараттылық белгісі).
Адаптация динамикасы мен феноменологиясы. Соқыр, естімейтін балада «көру бейнелерін» қалыптастыру. «Тері көруі» феноменологиясы.
Қабылдау заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, оларды санада тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Қабылдау түйсінулерге негізделіп құралады. Егер адам түйсіну арқылы дүниедегі заттардың жеке қасиеттерін ғана бейнелейтін болса, қабылдау арқылы заттар мен құбылыстарды бүтіндей, тұтас зат күйінде бейнелейді.
Түйсіну, қабылдау пайда болуы үшін заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп отыруы керек.
Қабылдау психикалық процесінде адам өзінің ойы мен ақылын бір мақсатқа көздеп, соған жұмсап отырады. Зейінін қабылдайтын затына бағыштайды. Адамның қабылдау процесі белсенді.
Қабылдауда ой процесінің қатысуы арқылы жалпылау элементтері де ұшырайды. Қабылдаған заттарды жалпылағанда кей кезде адам оларды да бір-біріне қосып, бір әрекет етіп отырады.
Бұл жөнінде Л. Фейербах ойлаудың барлық сезімдерімізге қатысының барлығын «тап-таза» көру процесінде де ойдың қатысып отыратындығын, егер көретін заттарға адам зейінін бұрмаса, олардың айналасындағы басқа заттардан бөліп, бөлшектеп, даралап алып, қарамаса адамның оларды жақсылап көре алмайтындығын, сезе алмайтындығын айтады.
Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қабығындағы талдағыштар жүйесінің бірлескен қызметі мен мидың талдау, жинақтау функциясынан туындайды. Қабылдау түрлері әсер етуші заттардың түрлерімен өте тығыз байланысты.
Мәселен, біздің көз алдымызда тұрған нәрселерді көреміз, айналадағы дыбыстарды естиміз., түрлі иіс болса, оны білеміз, денемізге тиген заттарды сезіп, олардың температурасын, сыртқы пішінін, тағы басқа қасиеттері мен сапаларын ажыратамыз.
Қабылдау процесінде қандай талдағыш көбірек орын алса, қабылдау да соларға байланысты болып отырады. Егер қабылдау процесінде көру талдағышы көбірек орын алса, көру қабылдауы, ал егер есту талдағышы көбірек орын алса, есту қабылдауы болады.
Жалпылап қабылдаудың нәтижесі адамның ақыл-ой өрісімен байланысты. Адам қаншалықты білімді болса, соғұрлым жалпылап қабылдау да оның іс әрекетінде үлкен орын алады. Жалпылап қабылдауды ғылымда категориялық деп те атайды.
Қабылдаудың түйсінуден негізгі айырмашылығын көрсететін – оның объективациясы. Қабылдауда бейнелерді қалыптастыру үшін зерттеуге бағытталған ішкі және сыртқы жұмыс жасалады.
Қабылдаудың физиологиялық негізі (бейнелерді қалыптастыру) көптеген психофизиологиялық жүйелерді біріктіреді. Қабылдау сигналдарды қабылдайды және қайта өңдейді, яғни күрделі ойлау іс-әрекетін жүзеге асырады.
Түйсіну мен қабылдау процестерінің табиғаты жайлы жаңаша идеяны айтқан И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың жұмыстары болды. И.М. Сеченов түйсінудің шығу тегін, оны заттық іс-әрекетпен детерминацияланған психологиялық құбылыс ретінде түсінуге күш салды. Оның пікірінше, іс-әрекет рефлекстен шығады, оның құрылымын сақтайды.
Көру өрісінде ұқсас процестер бір-бірін тартады, осы өзара тартылған ұқсас процестер көру өрісінде байланыстырушы күштердің негізін жасайды. Осы байланыстырушы күштердің интенсивтілігі квази мөлшері заңдармен анықталады:
1. Процестер арасындағы сапалы ұқсастықтар неғұрлым көп болса, оларды байланыстырушы күштер соғұрлым күшті.
2. Интенсивтілік бойынша процестердің ұқсастығы көп болса, олардың байланыстырушы күштері де көп. Бұған дәлел Либман эффектісі.
3. Ұқсас процестердің арасындағы арақашықтық аз болса, оларды байланыстыратын күштер көп болады.
4. Ұқсаса процестердің арасындағы уақыт интервалы аз болса, олардың байланысушы күштері күшті болады. Оларға жақсы мысал – фи-феномендері.
Байланыстырушы және ұстап тұрушы күштердің арасында қарама-қайшылық көп болса, көру өрісінің энергиясы да көп болады. Ол энергиялар перцептивті жұмыс жасауға қабілетті. Барлық көру өрісі шиеленісушілікті (напряжение) азайтады.
Гештальтистер, сондай-ақ, фигуралардың салдары деген эффект жайлы айтты. Бір фигураны ұзақ қарау қанықтығы басқа көп фигуралармен араласып кетеді. Ұйымдастыру процестері екі тенденцияға ие – орнықтылығын күшейту және әлсірету, бірақ осы тенденциялар бір-бірімен қалай ара қатынаста болады, ол түсініксіз болып қалды. Осы айтылған жағдайларды эксперимент жүзінде бекітуге тырысты.
Фигура ылғи да түйісіп қалған сызықтарға ие. Жақсы фигура ылғида «жабық», ал түйісіп қалған сызықтар «жабу» функциясын орындайды. Сондықтан да фигура мен фонды бөліп тұратын сызықтар әрқайсысы соларға қатысты әртүрлі қатынасқа ие, не фигураны жауып тастайды, не фонға шекара бола алмайды.
Фон контурдың әсерінен өзгермейді жиі фигурамен жасырынып, фигураның артына орналасады, бірақ оны үзбейді. Фон фигураның құрылымымен байланысты. Рубин бойынша фон мен фигураның айырмашылығы – фон субстанцияалы сипатқа, фигура «зат» сипатына ие. Титченердің Т-бейнелі ең алдымен сананың жоғарғы деңгейін алады деді.
Ал басқалары оның төменгі деңгейінде орналасады. Фигура мен сана ортылығының байланысы абсолютті емес. Фигура мен фонды айыру үшін олардың функцияларын ажырата білу керек (Рубин эксперименттері-семинарда қаралады).
Феноменалды фигура фонға қарағанда күшті және орнықты құрылымға ие. Фигураларды қысқа уақытта беру белгілі бір арнайы қозғалысты бастан кешіреді, оны гамма қозғалысы деп атайды (Кенкел). Бұл гипотезаны Линдман өз зерттеулерінде бекітті.
Фигура және фон жүйесінің физиологиялық теориясы – ми облысындағы фигураға сәйкес энергияның тығыздығы фон облысына қарағанда жоғары, ал жүйедегі барлық өзгерістер фонды емес, фигураны қатыстырады. Кеңістікті қабылдауда жалпы деңгей аз маңыздылықты бермейді. Феноменалды позиция тек белгілі бір кеңістікті деңгейдің ішінде ғана болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет