ТұЛҒалық Өсу психологиясы бойынша қЫСҚаша дәріс мазмұны 1 дәріс. Тұлғаның өсуі психологиясына жалпы сипаттама, басқа ғылымдардың арасындағы рөлі және орны


III. Тұлғаның қалыптасуына ойынның әсері



бет25/29
Дата09.05.2023
өлшемі92.61 Kb.
#473416
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Тұлғаның өсу психологиясы лекция

III. Тұлғаның қалыптасуына ойынның әсері:
3.1. Ойын жайлы: Гроос, Бойтендайк теориялары.
Ең біріншіден “ойын” сөзіне тоқталатын болсақ, бұл сөздің мағанасы өте кең. Көбінде ойын-сауық мағанасында, музыкалық шығармаларда рөліне кіріп орындауды білдіреді. Бірақ түсіндірмелі сөздікке жүгінсек, бұл сөздің тура және ауыспалы мағынада қолданылуын байқаймыз. Мысалы, “отмен ойнау”- бір нәрсеге үстірт қарау, “өмірмен ойнау” – тәуекелге бару т.б. сөз тіркесінде ауыспалы мағанада қолданады. Біздің жағдайда тура мағанада, белгілі құрал, ойыншықтар арқылы ойнауды білдіреді.
Адам баласының және жануарлар арасындағы ойынды зерттеу көптеген философтар мен психологтардың қызығушылығын тудырды. Бірақ, әлеуметтік психологияның зерттеу пәніне XIXғ. соңында К.Гроос теориясынан кейін саналды. К.Гроосқа дейін Д.А.Колоцца балалар ойынын зерттеуге тырысты. Осы К.Гроос теориясында Д.А.Колоццаның ойларынан да негіз бар. К.Гроостың ойын теориясы XXғ. бірінші жартысында белгілі болды және жақсы тарала басталды. Ойынға жалпы сипаттама беріп, теориясының негізін жаттығулар және өз-өзін тәрбиелеу деп түсіндірді. “Жаттығулар теориясының” негізгі мәні К.Гроос бойынша төмендегідей;

  1. Әр тірі зат оның іс-әрекетіне орындылық беретін туғанда берілетін қасиеттері кездеседі; ең жоғарғы жануарларға бұл даму кезеңі кезінде байқалатын шектен тыс күші жатады...

  2. Жоғарғы тірілер үшін, соның ішінде ерекше айтатын адамда туа болатын, қандай керек болғанымен өмірлік қиын жолда жүзеге асыра алмайды.

  3. Әр бір тірілерде балалық кезеңі байқалады, ол өмірлік маңызды, бұл көмек, ата-анасының көмегімен жүзеге асады. Ал ата-анасы оны өз тәжірибесінен алады.

  4. Балалық шақ өмірге қажетті тәжірибемен өзін қамтамасыз етуге көмектеседі.Сондықтан адамға ерекше ұзақ уақытты балалық шақ берілген.

Ойын мәселесінде К.Гроос теориясына сүйенбеу мүмкін емес, ол ойынның жұмбақтарын шешпеді және ол бүгінгі күнге дейін шешілмеген болып келеді. Бірақ ойын мәселесін түсінді және өз теориясында балалық шақтағы ойынның маңызын бөліп-бөліп көрсетті. Қалай сыншылдар айтпаса да К.Гроос теориясында үлкен кезекте ойынның психикалық дамуындағы рөлін зерттеп, жазды. К.Гроос өз бетінше ойын іс-әрекет ретінде теория шығармады, тек іс-әрекет белгілі, биологиялық маңызды функция ретінде тоқталды. Оның теориясы ойынның маңызы, рөлі туралы жазылды, бірақ ойынның табиғаты туралы сөз қозғалмады. Ойынның биологиялық теориясын қалдыруға болады, егер, ойын баланың басқа ішкі жанындағы болып жатқан психикалық үрдістермен байланыста болса және ойын психологиясын бала психикасын түсіндірудің негізгі нүктесіне айналдыруға болса.
К.Гроос ойынша, ойын барысында туа берілетін реакциялармен “жаңа дағдылар қалыптаса бастайды - әсіресе жаңа үйренген реакциялар”. Және ол өз теориясында ойын дамуға өте үлкен әсер ететінін тапты, ұғынған жоқ, тапты.
Ал осы К.Гроос теориясын терең сынаған К.Бюлер болып табылады. Оның ойынша жүзеге асыру барысында одан қанағаттанушылық алуға бағытталған іс-әрекет- ойын, деген жаңа анықтама берді. Бірақ ол ойын деп, тек кішкене балаларда кездесетін манипулятивтік және функциональді ойынды ғана санаған.
К.Гоорс теориясы Ф.Бойтендайк теориясын ұсынғанға дейін ең дұрысы деп есептелген. Бірақ Ф.Бойтендайк жалпы, жаңа ойын теориясын ұсынды. Бұл теорияға Клапаред өз ойын білдірді. “Ф.Бойтендайктың ойынға арналған теориясында ойынның табиғаты және мәніне тоқталады, мағлұматқа толы, өте көркем жазылды,”-деген анықтама берді.
Ф.Бойтендайк К.Гроос териясының кейбір бөлімдерімен келіспеді. Біріншіден, кейбір жануарлар ойнамаса да туа болатын инстинктері болады. Яғни, К.Гроос теориясына қарсы шықты, жаттығулар инстинктивті іс-әрекеттің дамуына еш әсер жоқ екендігін дәлелдеді. Осыдан, инстинктивті іс-әрекеттер, жүйке –жүйелік даму жаттығуға қатысты емес дамиды.
Екіншіден, ойын мен жаттығулардың әрқайсысына тоқталып, екеуінің бір-бірінен айырмашылығын көрсетті. Мысалы, түлкінің баласы жаттығуы үшін анасымен аң аулаға барады, бұл жағдайда ол ойын емес. Бұл көрсеткен айырмашылығы өте үлкен және ерекше көңіл бөлуді талап етті.
Тағы бір ерекшелігі К.Гроос ойын балалық шақты түсіндіреді десе, Ф.Бойтендайк балалық шақ ойынды сипаттайды, тірі ойнайды, өйткені әлі бала, деп түсіндіреді. Яғни, Ф.Бойтендайк бойынша, ойын- бала кезде болатын, өте таныс және мүлдем таныс емес затты қолданбай, орташа таныс затты қолдану арқылы жүзеге асатын үрдіс болып табылады.
Қазіргі кездегі шешілмеген және көкейкесті мәселелердің біріне функционалды және онтогенетикалық, жасерекшелік даму мәселесі жатады. Онтогенетикалық дамуды функционалды дамусыз қарастыру мүмкін емес, ал баланың психикалық дамуы деп қарастырсақ, ол өткен ұрпақтан тәжірибесін, заттармен әрекет жасауын, мәдениет туралы мағлұматтарын, ғылым, даму және соны ұғынуды үйренеді. Ресей психологтары ұсынған ойлаудың дамуы кезеңі (тәжірибелі - әрекеттік, қарау-сипаттау, сөздік - логикалық) мен функционалды қалыптасу барысындағы кезеңді салыстырсақ, екеуінің ұқсастықтарын байқауға болады.
Ойын барысында баланың әрекетін байқасақ, бала ойыншықтарды қолдана отыра, бір зат құруға тырысады. Анализдейтін болсақ, ойыншықты бас кезеңінде “өзі құраған аты” бойыншы айтып, қолмен көрсетсе, кейінірек өз атымен атай бастайды. Яғни, ойын-бастапқы кезде аралық мінезде болып, кейін ойлау әрекетінің мінезімен сипатталады. Осыдан ойын дағдыдан ойлау әрекеттерінің дамуына, одан әрі қарай дамуына көмектеседі- ол ойлау әркеттері мен сөйлеу арқылы жүзеге асады.
Баланың интеллектуалды дамуы барысында ойынның рөлі мәселесінде ерекше қызығушылықтарды Дж. Брунер көзқарастарынан байқауға болады. Ол осы мәселе бойынша тәжірибе жүргізді, мектепке дейінгі кезеңдегі балаларға интелект типін анықтауға арналған есеп беріледі (Мысалы, Келер есебі сияқты).
Балалардың бірінші тобы есеп шешілер алдында, ересек адам таяқты қапсырмамен біріктіргенін көрді, екінші топ өздері таяқты қапсырмамен біріктіріп көрді; үшіншілер, ересектер есепті толығымен қалай шешіп жатқанын көрді; төртіншілер, есепке қатысты емес матамен ойнау мүмкіндігі берілді; бесінші топ матаны есептің шешілуіне дейін мүлдем көрмеді. Нәтижесінде, төртінші топпен үшінші топ балалары басқа топ балаларымен салыстырғанда есепті жақсы шығарған. Осы сияқты көптеген зерттеулерінен кейін Дж.Брунер баланың интеллектуалды дамуына ойынның маңызы өте зор деген тұжырымдаманы дәлелдеді.
Ойын сонымен қатар зейін дамууына да әсер етеді. Мысалы, бала ойнау барысында бір ойынға ғана бағытталып соны ойлайды, шешімін іздейді. Яғни зейіннің тұрақталуына көмектессе, екінші ойынға ауысуы барысында зейіннің ауысуын да байқауға болады. Ойнап отырғанда баланың бір уақыт көлемінде ақпаратты қабылдайды - зейіннің көлемі байқалады, сол уақыттағы баланың ойынға деген толығымен үңілуі – зейіннің жинақылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ойын барысында болатын текшелерді құрау бас кезеңінде қиынға түседі. Соңына шейін шыдап, соларды құрау ерік- жігердің дамуына көмектеседі.
Білмегенін сұрап, қарым-қатнасқа түсуі баланың сөйлеуге, қарым-қатнасқа оңай түсуге мүмкіндік береді.
Яғни балаға болашақта тұлға болып қалыптасуына көмектесетін танымдық үрдістердің дамуында да маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет