ТұЛҒалық Өсу психологиясы бойынша қЫСҚаша дәріс мазмұны 1 дәріс. Тұлғаның өсуі психологиясына жалпы сипаттама, басқа ғылымдардың арасындағы рөлі және орны



бет29/29
Дата09.05.2023
өлшемі92.61 Kb.
#473416
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Тұлғаның өсу психологиясы лекция

15 дәріс. Девиантты мінез-құлықтың тұлғалық өсуіне әсерінің әлеуметтік-психологиялық себептері.
Біз ХХI ғасырда ғылыми-техникалық прогресс пен компьютерлендіру ғасырында өмір сүріп отырмыз. Адамзат өзінің дамуында көп ілгері жылжыды.
Жасөспірім бойында ес біле бастағанан қалыптасатын қызғушылық, кей жағдайда есейе келе үлкен өкініштерге әкеліп соғып жатады. Олай дейтініміз - кей ата-ана ойнап жүріп қасындағы баласының қолына іліккен ойыншығын алып келген баласына қайдан алдың? – не болмаса «апарып бер» деген сұрақ – бұйрықтың орынына керісінше баласына, жат әрекетін макұлдағандықтан танытса, ол баланың санасына сенім ұялатып келесі сондай іс-әрекетті қайталауына жол ашады.
Олардың әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы қоршаған ортасының, айналасындағы достарының немесе біреудің қорқыту, үрейлету қасақана қылмыс жасауына итермелеу арқылы түсіп кету болып жатады.
Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің типтік өзгешеліктері эмоциялық тұрғыдан ашуланшақ, білектің күшіне сену, білекті баланың алдында жалпақтау, мейрімсіздік, дөрекілік қиқарлық, сезімшілдік, менмендік қылықтарымен сипатталады.
Я.И.Гилинскийдің позициясы бойынша, девиацияның көзі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктің, әртүрлі әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі айырмашылығының жоғарғы дәрежеде болуында [1].
Ауытқымалы мінез-құлықтың жалпы заңдылықтары ретінде девияциялардың әртүрлі формалары арасындағы өзара тұрақты байланыс деректері баяндалады. Бұл байланыстар бір құбылыс басқасын күшейтетін әлеуметтік патологияның бірнеше формаларының индукция түрінде болуы мүмкін. Мысалы алкоголизм бұзақылықтың күшеюіне әсер етеді.кейбір жағдайларда керісінше, кері корреляциялық тәуелділігі (адам өлімі, өз-өзіне қол жұмсау деңгейі) қондырылған.
Девианттылықтың байқалуының барлық формалары экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, мәдениеттілік және т.б. көптеген факторларға тәуелділігі де бар.
В.Н.Иванов девиацияның мынадай себептерін белгіледі: бұл маргинализация ұғымында көрініс алған қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарындағы өзгерістер, яғни әртекті әлеуметтік патологиялардың «тұрақсыздығы», «арақашықтығы», «көшуі», «тарауы» [2].
Әлеуметтік күтілетін жағдай мен әлеуметтік қажеттіліктер деңгейінің төмендеуі маргиналдардың әлеуметтік мінез-құлқына тән ерекшеліктің бірі. Бұның қоғам үшін ең қатерлі ізі – оның рухани өмірде, тұрмыста, өндірісте байқалатын қарапайымдылығы болып табылады. Анық және жасырын формаларда өсіп жатқан жұмыссыздық қоғам маргинализациясының күшеюінің негізгі әлеуметтік көзі болуда.
Басқа себептер тобы әртекті әлеуметтік патологияларды таратумен байланысты. Жекеклеп алсақ, психикалық аурулардың, алкоголизм, наркоманияның кең етек жаюы, тұрғындардың генетикалық қорларының нашарлауы. Сонымен қатар түрлі әлеуметтік ауытқулар: қаңғыру, қайыр сұрау және жезөкшелік формаларындағы әлеуметтік паразитизм кейінгі уақытта кеңінен тараған. Осыған ұқсас әлеуметтік ауытқуды өмір сүру қалпына қалыптастыратын прогрессивті орнықтылық. Бұл паразитизм әртүрлі формаларда қауіпті.
Осындай әлеуметтік мәселелер (наркомания, алкоголизм, агрессия, бұзақылық т.с.с.) бізді көбіне не себепті болатыны жайлы ойландырады. Неге бала алғашқыда ашық, мейірімділікке ұмтылған болады, кейін өсе келе, мінез-құлықтың асоциалды типін меңгереді. Біздің қоғамымызда қайырымдылық, мейірімділік, бір-біріне құрметдеген ұғымдар жетіспеушілігі көбіне бала тағдырына немқұрайлы қатынасты орнатады. Балаларды мектеп-интернаттарына, балалар үйіне, сонымен қоса арнайы мектептерге жіберу мұғалдімдерді мүлдем толғандырмайтын да болды.
Осыдан денсаулық сақтау, білім беру және басқада қатысты мекемелердің ұйымдары сәйкес шараларды қабылдау қажеттігі туындайды. Балалар мен жасөспірімдер арасында алдын-ала қолданылатын шаралар жұмыстарын ұйымдастыру үшін, жедел түзету, оның нәтижелілігін бағалау үшін әрқашан жағдайларды тексеріп отыру қажет. Ол үшін мектеп психологтары өз орындарында қауіп факторларының мониторингісін өткізіп отыру қажет.
Қазіргі кездегі девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге тән ерекшелік, олардың шамамен 90%-ға жуығы мектеп, оқу бағдарламаларында үлгермеушілер. Бұлардың көпшілігінің ақыл-естері бар, дендері сау оқуға қабілетті. Бірақ араларында кездесіп қалатын бірлі-жарым жасөспірімдердің ақыл есінде көзге көріне қоймайтын ақаулары бар, сол себептен олар, үлгермеушілер қатарында қалып қойады
Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге мінездеме бергенде, олардың еңбекке қатысы туралы өзгешеліктеріне де көңіл аудару қажет. Қиын оқушылардың 94%-ы өзін-өзі күту, тұрмыс еңбектерін тиянақты атқаруға әдет-дағдылары жоқ болса, олардың 32-%-ы бұл еңбек түрінен әр түрлі сылтаулар айтып, бойларын аулақ ұстауға тырысады.
Девиантты мінез-құлық категориясын туындататын себептер мыналар болуы мүмкін:

  1. Басқа мемлекеттердің идеологиялық және моральдық теріс әрекеттері. Қазіргі заманда жастарға қатты әсер ететін фактор - бұқаралық ақпарат құралдарының кең таралуы (әсіресе теледидар арқылы батыстық, яғни Батыстың «әдемі» өмірі жайлы мифтер, т.б ) таратуы.

  2. Адам санасында және өмір салтында дәурені өткен жаман әдет қалдықтарының қалып қоюы. Мұндай элементтер: ұлтшылдық, шовинизм, басқыншылық, бюрократизм және т.б.

  3. Адамның әлеуметтік прогрестегі пассивті ұстанымы. Адамның қоғамдық қатынастарға және еңбекке салғырттық сияқты жаман қылықтарға бой алдыруы.

  4. Тұлғаның өз даму қатарынан артта қалуы, адамдармен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алмауы. Баланың тәрбиесіздігі, әдепсіздігі, дөрекілігі және т.б жағымсыз мінез-құлық бітімдері олардың ортадағы өмірін қиындатады.

  5. Балалар мен жасөспірімдерге қоғамдық тәрбие берудегі кемшіліктер мен қателіктер. Мектеп өзінің тәрбиеленушілеріне ерте бастан әлеуметтік қажетті кәсіп таңдауына көмектесуі керек. Тек сонда ғана тәрбиеленушінің қоғамдық өмірге деген қызығушылығы артуы мүмкін.

  6. Мектептегі және отбасындағы тәрбиедегі кейбір жетіспеушіліктер. Мұнда кейбір жасөспірімдер педагогикалық ұжымда жүргізіліп жатқан тәрбиелеу іс-шараларына жете бағынбайды, сөйтіп ал өзінің интеллектуалды даму жолынан қалып қояды [3].

Жанұядағы, мектептегі тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктері байланысып балалардың тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жанұядағы кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер күрделендіре түседі. Себебі мектепте де баланың жеке басын сыйламаушылық кездеседі. Мектеп мұғалімдері мен жасөспірімдердің қарым-қатынастары ақыл айту мен ұрысу мен ар-ожданына тию тәрізді педагогикаға жат әрекетерімен сипаталынады.
Белгілі педагог А.В.Сухомлинский кезінде баланы тәрбиелеудің екі қайнар көзі бар екенін атап көрсеткен болатын.
Біріншісі – оқушыға, тәрбиеленушіге, саналы түрде әсер ету.
Екіншісі –баланы қоршаған «күрделі» орта деген [4].
Девиантты мінез-құлықты балаларды тәрбиелеу процесін ұйымдастыруда педагогтар оқушылардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін ескере білулері қажет. Себебі педагог қандай да бір ықпалдар жасамасын,олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.
А.В.Сухомлинский көзімен қарайтын болсақ бірінші деп, тәрбие жан-жақты, нәтижелі болу керек.
Екіншіден баланы «қоршаған ортасы» өмірдің көлеңкелі жақтарының әсер етуі – белгілі мөлшерде стихиялы сипат алады.
Адамңың қоғамдық белсенділігі, оқуға, спортқа, көркем өнерпаздыққа деген қызығушылықтарын арттырады. Қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер жағымсыз істерге жақын жүреді.
Жасөспірімдердің психикасы, жас балалардың да, ерсектердің де психикасынан өзгешелік бар, импульсивтік, жоғары әсерленгіштік, қызбалықа тез түсіп, көңіл күйінін тұрақсыздығы, өз-өзіне, сенімсіздік өз әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндану тән. Олардың бойындағы психикалық қасиетер мәселен, мақсаттылық пен табандылық, тұрақсыздыққа өз-өзіне сенімділік пен сыйламаушылық, сенімсіздік пен жабырқаушылыққа жиі алмасып отырады. Бұл жағдай бала бойындағы тұракқсыздық құбылмалдығын көрсетеді. Бұл сияқты құбылмалы психикалық қасиетер- жасөспірімдердің девиантты әрекеттер жасауына өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл оның айқын дәлелі. Кез келген жасөспірім өз бетінше әрекет етуге,өзін-өзі реттеуге тәрбиелеуге, қабілетті өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде таныла отырып, тәрбиеленудің тек объктісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып танылады сондықтан жасөпірімді жай оқытып және тәрбиелеп қана қою аз. Сондай-ақ оны өзін-өзі тәрбиелеу мен саналы түрде айналысуға үйрету қажет. Көптеген жағдайлар сыныптас балаларымен өзіне деген нашар қарым-қатынасын, жақын қабылдап, қатты күйзеліске түсетін оқушылар да табылады. Сыныптастарына қанағаттанбағандықтан, олардың қоғамға жат әрекетінен көрініп, кейде кері әрекеттерге ұрындырады көбінесе, сабақа үлгермеушілік, жат қылықтар жасауына себепші бола алады. Осыған байланысты педагогикалық мәселелердің маңызды жақтары туындайды. Жекеленген баланы сыныпта ешкім жақсы көрмейді, ешкім достасқысы келмейді. Достарымен қатынасының болмауы ол баланың жеке басына көптеген кері әрекетерін ұялатып, ол тәртібінің өзгере бастауынан көрінеді. Жекеленіп қалған жалыздық шеккен балалар девиантты мінез-құлықты балалар санын толықтырады.
Жекешеленіп бөлектенген балалар өзіне жақын ортаны тағы да басқа жақтан іздейітіндіктен қоғамда жолыққан кездейсоқ достарының да өзі сияқты болмасына кім кепіл.
Кей кездері мұғалімдердің балаға сенімсіздікпен қарауы үлкен зиянын тигізеді. Соның нәтижелері баланын өзінің қоршаған барлық дүниеге қалай болса, солай қарап, мұғалімнің талабын тыңдамай, тік мінезділік, дауыс көтерушілік, ашу шақырушылық сияқты қылықтарымен көзге түседі.
Біздің пікірімізіше, балаға мұғалім тарапынан бақылаудың болуы, болса да нашар болуы тағы да оның тәртіпке зиянын тигізбей қоймайды, бір қарағанда сабақтан қалу, үйге берілген тапсырманы орындамау, сабаққа кешігу, сылтау ретінде өтірік айту түкке тұрмайтын айғақтар сияқты көрінген мен оның болашаққа тигізер зияны мол.
Мұғалімдердің мұндай әрекетке өз дәрежесінде назар аудармауы бала бойына еркіндікті дамытып, жауапсыздыққа, немқұрайлыққа деген сенімін артыра түседі.
Қазіргі кездегі жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуының басты себебі – баланың пайдалы іспен айналыспауы десек, жоғарғыда айтып кеткендей оның бос сандалыстан көп өкініштерге ұрындырып жататыны айтпаса да түсінікті. Осы орайда В.М. Бехтеревтың «Баланы тәй-тәй басып қолына затты мықтап ұстай бастағаннан бастап-ақ үнемі еңбекке үйрету керек» – деген пікірі мен келісуге болады. Мектептен тыс уақытта кітап оқу, үйірмеге қатысу, көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысу не болмаса спорттық көптеген түрлерімен айналысу – қазіргі кезде жасөспірімнің әрекетінен қалып бара жатқан құбылыс әрине бұл жерде бір бала өзіне пайдалы іспен айналыспай, бос сандалыс пен күй кешеді деген жаңсақ пікір тумасы керек [5].
Бала ағзаның құлдырауына әкеп тірейтін нәрсенің бірі ішімдік болса, ол өткен ғасырлардың аяғындағы көрнекті дәрігерлердің тәжірбиесімен дәлелденген. Ағза қаншалықты жас болса, оның әсері де соғұрлым жоғары болады. Әсіресе кері әсері 12-13 жас аралығында жасөпірімнің ағзасына әсері зор. 12-13 жасөспірімнің арақтың әсерінен есту қабілеті төмендейді, бойында немқұрайлық пайда болады, оқулықты нашар меңгереді.
Сонымен ішімдік жасөспірімнің сана-сезімінің жетіліуіне, қалыптасуына зор зиянын тигізеді. Бұл оның айналасыадағы болып жатқан оқиғаларға өз тұрғысынан баға беруін төмендетіп, мектептегі сабаққа бармауын, қалыптастырады. Бос жүріске, кездейсоқ ортаға әуестендіреді. Мұндай әрекеттер баланың девиантты мінез-ұлықты боуына бірден-бір себептер бола алады.
Жастық шақ баланың сана сезімінің жан-жақты толысып дүниеге көзқарастың өзгеріп үлкен өмірге дайындағының аяқталатын кезеңімен тығыз байланысты. Жасөспірімдердің жастық шаққа өтер кезендері ( 9-13) оның өміріне көп өзгерістер әкелері хақ. 12-13 жастағы балалар ағзасын толық қалыптасатын бұл оның сыртқы бет келбетінде көп өзгерістер енгізеді. Сондықтан жастық шақ өтпелі кезең аталып кейде ата-аналар мен педагогтар үшін «қиын» баланың қалыптасуына әср етсе «қиын» жас деген атауға иеленеді.
Сонымен қорыта айтқанда, өтпелі кезеңде жасөспірімнің еліктегіш келетіні, жақсыға ұмтылу, ұқсағысы келетіні, қайталағысы келетіні белгілі. Өтпелі кезеңнін «құйын» сияқты өткінші елестерге толы болуы бала өміріне қауіп төндірері де сондықтан.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Гилинский Я.И. Девиантное поведение подростков: состояние, проблемы, перспектива //Бюллетень Защиты прав Ребенка.-СПб.,1994.-С.7-12.

  2. Құлдашева Н. Жаөспірім кездегі психологиялық ауытқушылықтың түрлері //Бастауыш мектеп.-2005.-№5.11-14б.

  3. Уманов Г.А. Причины преступности несовершеннолетних.-Автореф.дисс.канд.пед.наук.-М.,-1965 – 16 с.

  4. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы.-Алматы:Мектеп,1976 -215б.

  5. Қайырова Ж.А. Мінез-құлық ауытқушылығының себептері //Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика.-2005.-№4.-Б.6-52 .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет