Тұлғаның дивиантты мінез-құлығы дегеніміз не?



бет7/7
Дата12.04.2023
өлшемі35.31 Kb.
#472163
1   2   3   4   5   6   7
Т л аны дивиантты мінез- лы ы дегеніміз не

Діни әлеуметтену

Дін әлеуметттануының пәні.Социолиг дінді және басқа зерттеудің эмпирикалық тәсілдері ретінде зерттелетін құбылыс деп түсінеді: діни институтттары мен топтар қалай пайда болады және қызмет етеді, олардың құрылуы мен жойылуы (жоғалуы), олардың арасындағы өзара қарым-қатынастар.
Азаматтық тарих және басқа тарих ғылымдары(археология, этнография, т.б.) әр алуан кезеңдердегі нақты діннің тарихын тексереді(зерттейді). Философия дінді дүниетаным ретінде қарастырады, діни ілімнің ақиқаттығы туралы мәселе қояды. Культорология, эстетика дінді мәдениеті, адамзаттың рухани мұрасы тұрғысынан зерттейді.
Дін әлеуметтануы дін мен қоғамның өзара әрекеті проблемасын, діннің әлеуметтік мінез-құлыққа әсерін басты назарда ұстайды.Социолог діндегі сезімдік қабылдау арқылы мүмкін болмайтын нәрселерді зерттемейді.Социолог өлшеуге, бақылауға, тексеруге мүмкін болатын нәрселермен айналысады. Ол құдай бар ма, жоқ па, ол туралы айтпайды. Ол үшін ең бастысы- адамның мінез-құлқы. Дін әлеуметттануы фактілерге жүгінеді.Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланысы екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін — одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен қатар қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам, мамандану және жіктелу жолымен жылжи отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып, оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді.

Бұл діннің атқарып отырған қызметтерін егер мәселе дамыған қоғам жайында болса, олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да әлеуметтік жүйелер мен институттармен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек, ал егер дамушы қоғамда болса ортағасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі сияқты емес, сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет